Науқасты сұрап тексеру Науқастың төлқұжаттық мәліметтері



бет3/4
Дата10.12.2021
өлшемі18,7 Kb.
#78783
1   2   3   4
Байланысты:
Бейсен

Өмірінің тарихы (anamnesis vitae). Ол үшін науқастан ағзасының ерекшеліктерін және оның әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап беретін қасиетін, сонымен қатар, белгілі бір аурудың дамуына жағдай туғызатын кейбір себептер жөнінде мәліметтер алу қажет.

Өмір анамнезінің негізгі бөлімдері келесі: науқас жайында қысқаша өмірбаяндық мәліметтер (қай жерде, қашан туылды, қалай өсті, қанша жасында мектепке барды, бірге оқитын оқушылырдан артта қалған жоқ па; неше сынып бітірді, әскерде қызмет етуі, жоғарғы оқу орнында оқуы, мамандығы).



  • Өндірістік жағдайлар және кәсіптік зияндылықтар.

  • Әлеуметтік –тұрмыстық жағдайы. Тамақтану тәртібі және сипаты, күн тәртібі. Үйреншікті уланулар (ішімдік ішу, темекі шегу — қанша жыл темекі шегеді, саны)? Жанұялық өмірі, үйлену, тұрмысқа шығу уақыты, балаларының денсаулығы. Әйелдер үшін гинекологиялық анамнез: етеккірдің басталуы, жиілігі, екіқабаттылықтың, туудың, аборттың саны, климакс болған жағдайда: қанша жасында, оның көріністері.

Тұқым қуалаушылық: ата-анасының денсаулығы, ата- анасының, ағайын- әпкелерінің қайтыс болуының себептері. Ауру үшін маңызы бар дертке ерекше назар аудару қажет.

Аллергиялық анамнезі: дәрі – дәрмектерді, тағамдық өнімдерді, иістерді, т.б. көтере алмауы, қабылдамауы. Дәрі-дәрмекке аллергия болса, оның көріністерін анықтап табу: есекжем, беттің немесе көмейдің ісінуі, шок.

Эпидемиологиялық анамнезі: сары аурумен, туберкулезбен, жыныстық жанасудан туатын аурулармен өзінің ауруы немесе осы дерттермен ауырған кісілермен қатынаста болу, қан құйғызудың, оталардың болуы.

Сақтандыру анамнезі: жедел аурулар үшін – қай күннен бастап ауруды куәландыру қағазы берілген; қазіргі ауруы бойынша бір жыл ішінде қанша күн еңбекке жарамсыз болды. Мүгедектік тобы болса – мүгедектіктің қай тобы



Депрессия (лат. depressio — көңілсіздік, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздыңбастауына айналатын түңілу мен пессимизмарқылы бейнеленетін көніл-күй жағдайы

  Суицид алдындағы синдром: Суицидткебаруғаәрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.

                 Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет