Сабақ: Жалпы биология Генетиканың әлеуметтік проблемалары



Дата19.05.2017
өлшемі71,41 Kb.
#16416
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


САБАҚ: Жалпы биология

Генетиканың әлеуметтік проблемалары



Колледж: Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі


Күні: 7. 02. 2017

Мұғалімнің есімі: Калкенова Бейбитгул Женисбековна

Топ: 11 «ә»

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:0

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Генетиканың әлеуметтік проблемалары, гендік инженерия ғылымы, практикалық маңызы, болашағы туралы ақпарат беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Генетиканың әлеуметтік проблемалары мен гендік инженерияның этикалық проблемаларын біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Генетикалық болжау және медициналық-генетикалық кеңес берудің практикалық маңызын айқындайды

Кейбір оқушылар:

  • Гендік инженерия ғылымының маңызы мен зиянын салыстырып, қорытынды шығара біледі

Алдыңғы тақырып

Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері, генетикалық аурулар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар



Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті




Ұйымдастыру бөлімі


Топпен амандасады.
Психологиялық дайындық: «Сағат»

Сәлемдесу
Студенттер сағатқа жазылған аттар бойынша іс-әрекеттер жасайды, амандасады, бүгінгі күнге сәттілік тілейді...

А 4 қағаздары, сағат суреті, маркер


Үй тапсырмасын сұрау
«Сократтық семинар»

«Сократтық семинар» сұрақтары:

  • Адам генетикасын зерттеудің маңызы;

  • Генеалогиялық әдіс не үшін қолданылады;

  • Жеті атаңды білу дегенді қалай түсіндіресің?

  • Пробанд, сибстер деген кім?

  • Егіздердің қандай түрлері бар;

  • Сиам егіздердің пайда болу себептері не деп ойлайсыңдар?

  • Евгеника ғылымы туралы не білесіңдер?

  • Нәсілдер, оның ерекшеліктері

  • Гендік дактилоскопиялық әдіс қай салада пайдаланылады?

1 номердегілер шеңбердегі орындыққа отырып семинарға қатысады, шеңбер сыртындағы 2 номерлер бақылаушы болады. Орындарымен ауысады.

Дөңгелене қойылған орындықтар, сұрақтар

Жаңа сабақты меңгерту

«Талант, дарын»

«Ақылдың алты қалпағы»


Аурулармен қатар тағы не тұқым қуалайды? Дарындылық пен таланттылық. Ондай болса оның қандай айырмашылығы бар? Дарынды, таланттымын деген 6 студент ортаға шақырылады.

«Ақылдың алты қалпағы»

Әр топқа мәтін және алты түрлі қалпақ таратылады


Әр студент өзінің дарындылық қасиетін жазады, айтады. Басқалары рольге еніп еркелетеді. Сол арқылы 6 топшаға бөлінеді.

Топшалар мәтінді оқып түсініп, тапсырманы орындайды.

Ақ қалпақ-факті, цифрлар, мәлімет;

Қызыл-эмоциялар, болжамдар, алдын ала сезу;

Қара-сыни аналитикалық, логикалық негатив;

Сары- шуақты оптимизм, логикалық позитив, жақсы жақтары;

Жасыл-идея, шығармашылық ой, мүмкіндіктер;

Көк-идеяларды қорытындылау, өңдеу, шолу, шешім, барлық топ пікіріне баға береді



Бейнефильм «Гендік инженерия», мәтін,

6 түрлі қалпақ



Қорытынды
«Хат жәшігі»

«Досқа хат»


Әр студент бүгінгі сабақ туралы қорытындыны досына хат түрінде жазады. Шеңберге тұрып сағат тілімен айналдырады, тоқта дегенде тоқтайды да, кім маңызды дейді сол хатты оқиды, хат жәшікке салынады

Ұсыныс, пікір, хат жәшігі

Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


  • Қосымша көмекті әр топтың жанына барып мәтінмен қалай жұмыс істеу керек, ақпаратты стратегияның шартына сай қалай өңдеуге болады, қандай идея айтатындықтарын тыңдап, ой қосу арқылы беремін.

Дарынды студенттерден жасыл қалпаққа идея қосуларын сұраймын

  • Сократтық семинарда бақыланған адамдар сабақтың соңына дейін бірін-бірі бақылап, бағалап, соңында бағаларын жәшікке салады

Информатика.

Электронды презентация

лар құрастыру, электронды ресурстарды қолдану.

Интерактивті тақтаны 20-25 минуттан артық қолдануға болмайды. Көзге, денсаулыққа зиян




Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


«Білім ағашы»

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз

Сабақтың мақсаты генетиканың әлеуметтік проблемалары, гендік инженерия ғылымы, практикалық маңызы, болашағы туралы ақпарат беру. Сабақта студенттер: қазіргі медицина саласында генетикамен байланысты болып жатқан жаңалықтарды, генетикалық аурулар түрлерін, оның пайда болу себептерін, генетиканың әлеуметтік проблемалары туралы өздері шығармашылықпен жұмыс жасап меңгерді. Психологиялық дайындық «Сағат» арқылы, топқа бөлу дарынды, талантты қасиеттерді атау арқылы жүргізілді. Осы арқылы топтағы дарынды балалар анықталды.Сабақта АКТ тиімді қолданылды, әр ауруға байланысты слайд, бейнефильм көрсетілді. Мысалы: резус-фактор туралы айтылғанда бейнеролик көрсетілді. «Сократтық семинар» арқылы үй тапсырмасы сұралды. Студенттер бірін-бірі бақылады, бағалады. Ойларын еркін айтып, пікір алмасты. Бірін-бірі тыңдап, жауаптарын толықтырды.

Ақылдың алты қалпағы мәтін және шартымен бірге таратылды. Әр топ өзіне берілген шарт бойынша мәтіннен керекті мәліметтерді ерекшелеп, таңдап алды. Оны қорғады. Сабақ соңында «Досына хат» жазып жәшікке салды. Уақыт тиімді қолданылды. Рефлексияны «Білім ағашын» толтыра отырып сабақта алған білім деңгейіне өздері баға бере отыра бояды.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Психологиялық дайындық «Сағат»

2:Топқа бөлу: «Дарынды, талантты» қасиеттер арқылы

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Сократтық семинар»

2: «Ақылдың алты қалпағы»

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Үлгерімі нашар оқушыларға ерекше назар аудару, олармен жеке қосымша жұмыстар жүргізу қажеттілігін, қалай да олардың бір қасиетін байқап, сол арқылы мадақтап, сенімділік тудыру арқылы оны сабаққа қызықтыру




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет