Сабақ «Жақсылық жасай білейік»



Дата25.01.2017
өлшемі33,69 Kb.
#7964
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектебі: 1-мамыр ЖОМ

Мерзімі: 07.10.2015

Тақырып: 7- сабақ «Жақсылық жасай білейік»

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Мейірімділік,Қамқорлық

Мұғалім: Абишева Жансулу

Сынып: 1 «Б» Оқушылар саны: 24

Сабақтың мақсаты:

Қиянат жасамау құндылығының маңызын ашу.



Міндеттері:

Оқушылырға мейірімділік, ізгілік туралы түсінік беру. Оқушыларды жақсы істермен әрекет жасауға тәрбиелеу.




Ресурстар

Үнтаспа

Қоржын

Асық



Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына саяхат»

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет тыныстыңыз; денеңізді бос ұстаңыз. Бірнеше секундттан соң теңіз түбіне саяхатқа шығамыз.

Теңіз жағалауында келе жатқаныңызды елестетіңіз.Толқындардың жеңіл шалпылына шағалалардың шуылына құлақ түріңіз...

Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем.Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Сыныпқа оралыңыз және оз орныңызға келіңіз.Көзіңізді ашыңыз, осы тыныштықты бойыңызда сақтаңыз.





Үй тапсырмсын сұрау:

«Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі» айтып беру



  1. Қарлығашқа не көмектесті?

  2. Жақсылық деген не?

  3. Өздеріңіз қандай жақсылық жасадыңыздар?







Дәйексөз

«Жақсының жақсылыығын айт нұры тассын»


  1. Жақсылық дегенді қалай түсінесін?

  2. Жақсылықты қандай адамдар жасайды?

Ертегі: «Жақсылық пен жамандық»
Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін екі иығына жақсылық пен жаманды отырғызып қойыпты.Сүйтіп адамды сынау үшін адамды сапарға жіберіпті.Жол бойы адамға неше түрлі жағдайға кезігіпті. Бір иығында отқан жақсылық «көмектес» десе, бір иығындағы жамандық«уақытыңды босқа өткізбе» дейді екен.

Адам тағыда шыдай алмай жолда кезіккен қиыншылықтарды жақсылықпен қайтарып, балапанға, балыққа, құмырсқаға көмектесті. Адам әуелі жамандықтың айтуымен түзу жолдан тайғысы келіп тұратын...

Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансын,тірі жанның бәріне көмектесу керексің деп жақсылық есіне салып тұрады екен.

Адам ұзақ іс сапардан қайтқан соң Адам ата алдына шақыртып:



  • Міне, балам,жамандыққа ерсең жаман боласың,жақсылыққа

Ерсең жақсы боласың.Мен саған үш сын бердім үшеуінен де өттің,разымын.Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып,жамандыққа жоламай,жақсылыққа жолдас бол,-деп батасын берді.

Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.


1.Жақсылық жасау үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

2.Адам неліктен жақсылықтың айтқанын орындады деп ойлайсыңдар?

3.Жақсылық пен жамандықты ажырата білесіңдер ме?





Шығармашылық жұмыс

«Ғажайып қоржын» ойын

Шешуі: Жақсы болғым келеді.





Топпен ән
«Әрқашан күн сөнбесін»

1. Күн әдемі,көк әлемі,

Бұл-суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі

Қалдырған бұл сөзі.

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман.


2. Айрылмас дос, айнымас дос, 


Бейбіт өмір керек елге. 
Отыз беске біз келсек те, 
Тұрар жүрек сөз есте. 

3. Анда солдат, мында солдат, 


Халық оқтан шошынады. 
Сұм соғысты, кан төгісті, 
Болдырмаймыз сәби үшін.

Үйге тапсырма

8- сабақ. Дәптердегі суретті бояп келу.







Оқушыларды марапаттау:

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды ертегі кейіпкерлерінің суреттерімен марапаттау, Мақтау сөздермен қанаттандыру.


Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп,жүрегімізге сақтайық.


Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Өзін-өзі тану 1- сынып оқулығы Алматы 2010

2.Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық Алматы 2010

3.Аңыз әңгімелер жинағы








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет