Сабақ жоспары: «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі 20 ж Пән аты : Информатика Сынып : 5



бет1/3
Дата14.04.2017
өлшемі0,65 Mb.
#13857
түріСабақ
  1   2   3
Информатикадан 5 сынып сабақ жоспары
Сабақ жоспары: «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «_______» ___________20__ж
Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы : ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТ

§ 2 Ақпарат оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері

Сабақтың мақсаты : оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасеттерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын, ақпарат түрлерін. Ақпарат алу көзі, қабылдау және беру ортасын, ақпараттың қасиеттері мен оның формаларын.

Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Білімді өзектендіру

Сұрақтар :

Информатика дегеніміз не ?

Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар ?

Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?

Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыңдар ?

Ақпараттың қандай қасеиттерін білесіңдер ?

Осы сұрақтар арқылы оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдауға жетелеймін.

Жаңа сабақты оқып-үйрену

Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер-оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.

Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.

Ақпарат- сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата – аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни ақпарат көзі және оны қабылдауыш бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81 %–ын көру арқылы, 10 %– ын – есту, 4 %– ын –иіскеу, 3% – ын –дәм сезу және 2 %– ын сезу арқылы аламыз .

Ақпараттың түрлері

Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.


Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді. Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың саны 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады . Яғни ақпарат тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.

Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандақ, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін

5

Ақпаратты бейнелеу



Ақпараттың қасиеттері

Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналаған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.

Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егере сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз ?» деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі – ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.

Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта нені білдік ?

Информатика дегеніміз не ?

Ақпарат дегеніміз ?

Ақпаратты қабылдау түрлері

Ақпаратты ұсыну түрлері

Ақпараттың қасиеттері

Үйге тапсырма

Оқулықтан § 2 оқу, сұрақтарға жауап беру, 7-тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.

Сабақ жоспары: «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж


Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы :§ 3 Ақпаратты өңдеу тәсілдері

Сабақтың мақсаты : тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру.

Оқушылардың білуі тиіс : ақпаратты сақтау, ақпаратты жеткізу және өңдеу тәсілдерін, «ақпарат көздері» мен «ақпарат қабылдаушы» түсінігін, ақпарат жеткізу арналарын.

Оқушылар үйренуі тиіс : ақпаратты сақтаудың, өңдеудің және ақпарат жеткізу түрлерін анықтау тәсілдерін.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

Жұппен жұмыс жасау . Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Сұрақтар экранда көрсетіліп тұрады.

Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер ? Мысал келтіріңдер

Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма ?

Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер ? Мысал келтіріңдер

Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады ?

Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды ?

Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер ? Мысал келтіріңдер

І V Білімді өзектендіру

Сұрақтар :

Біз ақпаратты қайда кездестіреміз ?

Біз ақпаратпен не істейміз ?

Қандай да бір әрекетсіз ақпарат бола ма ?

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Соңғы сұраққа жауап оқушыларды жаңа тақырыпқа жетелейді. Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады . Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.

Қазір сабақта біз бір-бірімізбен ақпарат алмасамыз. Осы ақпарат беру кезеңінде ақпаратты кім қабылдайды, ал ақпарат көзі кім ?

Жауап : ақпарат қабылдаушы – оқушылар, ақпарат көзі – мұғалім .

Сұрақ : қандай жағдайда біз орын алмастыра аламыз ?

Жауап : сұрақ –жауап кезінде .

Ақпаратты жөнелту

Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интеретті және басқаларды жатқызуға болады.


Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады .

Ақпаратты өңдеу

Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы , есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесінде адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

VІ Компьютермен жұмыс

Оқулықтағы тәжірибелік жұмыстарды орындатамын.

VІІ Сабақты қорытындылау

Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады ?

Адам ақпаратты қалай сақтайды ?

Ақпаратты қайда сақтауға болады ?

Ақпаратты жөнелту арналары деген не ? Мысал келтіріңдер .

Адама ақпаратты қалай өңдейді ?

VІІІ Үйге тапсырма

Оқулықтың § 3 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру , тест тапсырмасын орындау.

Сабақ жоспары : «Бекітемін»


Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж


Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы :§ 4 Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек . Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін циярларды қолданамыз.

Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б.өлшеу қабылданған. Ал салмақты – граммен және килограммен, т.б.өлшейміз.

Компьютер- электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды. Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі ( әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1- дің көмегімен белгілеу қабылданған.

Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.

АҚПАРА

«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі : әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.

Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келед. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) =1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі

100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері 50000

Түрлі түсті слайдтар 150

Музыкалық фрагмент 10 минут

Фильм 15 секунд

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы.

Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұнда жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с.өлшенеді.

· Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі – бит. Бит келесі екі мәннің бірін қабылдай

алады – 0 немесе 1.

· Әдетте ақпаратты байтпен санайды, мұндағы 1 символ = 8 битке = 1 байтқа тең.

· Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с.өлшенген ақпараттың көлемі.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

1. Пуск, Компьютер батырмаларын таңдаңдар.

2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанмен оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар

3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар

4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.

В деңгейі

1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар

2. Документы бумасын ашыңдар

3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.

С деңгейі

Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әр қайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.

Қорытынды

1. Ақпараттың өлшем бірліктерін ( ең кішісін ең үлкеніне дейін ) атаңдар.

2. БайтКбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем ?

3. 1 байтта неше бит бар ?

4. « Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар ?

5. «Алақай ! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.

6. Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін ?

Үйге тапсырма § 4 тақырыптарын оқу.

Сабақ жоспары : «Бекітемін»


Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж


Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы : § 5 Компьютер - әмбебап есептеуіш машина

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады.

Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б.болуы мүмкін. Компьютер тек программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады. Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б.ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.

Компьютерлерді қолдану

Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.

Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде –дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажет.

Компьютерді қолданудың келесі қадамы - әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрлі есеп айыру құрылғылары.

Компьютердің түрлері

Қазіргі кезде компьютерлерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.


Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.

Үлкен компьютерлер. Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.

Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.

Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді

Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан , жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.

Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан компьютері.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып- біліңдер.

В деңгейі

Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері» ).

С деңгейі

Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.

Қорытынды

1. Компьютер деген не ?

2. Компьютер қандай функцияларды орындайды ?

3. Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма ?

4. Қандай компьютерлік программаларды білесің ?

5. Компьютер қайда және қалай қолданылады ?

6. Компьютердің қандай түрлері болады ?

7. Дербес компьютердің түрлерін атаңдар
Үйге тапсырма ІІ тарау § 5 тақырыбын оқу , тестке жауап жазу.

Сабақ жоспары : «Бекітемін»


Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж


Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы : § 6 Компьютердің құрылымы

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

Барлық компьютерлердің бір – бірінен айырмашылығы- олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында.

Дербес компьютер 3 бөліктен тұрады.

· ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан

· ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан

· жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан

Бұл құрылғылар міндетті болып табылады. Бұл құрылғылардың біреуінсіз компьютер жұмыс істей алмайды. Басқа барлық құрылғылар міндетті емес немесе қосымша болады.

Пернетақтадан басқа енгізу құрылғыларына тышқан, ойын джойстігі және басқалар жатады. Олардың көмегімен компьютерлік программалармен байланысамыз, бұйрық бере аламыз.

Компьютердің жүйелік блогында әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан. Шын мәнінде, компьютер осының өзі. Мұнда аналық тақша, жедел жады, қатты дискі, процессор, дискжетектер, видеокарталар мен дыбыс карталары және тағы басқалар орналасқан.

Жүйелік блоктың құрамы

Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.

Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді

Жедел жады - компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жедел жады мектептегі сабақ тақтасына ұқсас. Сабақ жүріп жатқанда тақтаға жазып, одан ақпарат оқисың. Сабақ аяқталғанда барлық ақпарат тақтадан өшіріледі. Тақта жаңа сабаққа дайын. Компьютердің жедел жады да осылай. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.

Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы . Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.

Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.

Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет .

Желілік карта – окмпьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.

Пернетақта

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. Пернетақтада пернелерден басқа индикаторлар да бар.

Индикаторлар – пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар

Қазақстанда қолданылатын компьютерлік пернетақталардың алфавиттік – цифрлық бөлігінде ағылшын, орыс және қазақ әліпбиінің әріптері бар. Бір тілден басқа тілге пернелердің әртүрлі тіркесімін бірге басу арқылы ауысуға болады (Shift + Ctrl) . Бас әріппен жазу үшін тиісті әріпті Shift пернесімен бірге басу керек.

Егер бірнеше үлкен (бас) әріп басылып шығуы керек болса, онда басқа тәсіл қоланылады. Пернетақтадағы CapsLock пренесі бас әріптер теру режимін іске қосады. Оны қалай қолданамыз ? Ол үшін CapsLock пренесін бір рет басу керек. Одан кейін пернетақтаның оң жақ жоғарғы бөлігінде CapsLock пренесінің аты бар индикатор жанады. Бұдан кейін пернатақтада тергендеріңнің бәрі үлкен әріппен жазылып шығады. Кіші әріптер теру режиміне ауысқыларың келсе, CapsLock пренесін қайтадан басыңдар. Егер бәрін дұрыс жасасаңдар, онда кішкене шам – индикатор өшеді.

Қосымша цифрлық пернетақта цифрлардан да, сілтемелерден де тұрады. Жұмыс режимін NumLock пернесі көмегімен ауыстырады.

Enter пернесі – бұл енгізу пернесі. Ол пернетақтада терілген кез келген бұйрықтың орындалуын құптайды.

Қорытынды

Бақылау сұрақтары

Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.

Компьютердің негізгі құрылғысына тышқан неге кірмейді ?

Компьютердің жүйелік блогы құрамына кіретін құрылғыларды атаңдар

Мына құрылғылардың қайсысы компьютердің жүйелік блогы құрамына кіреді: тышқан, процессор, сандық видеокамера, ішкі жады, дискжетектер, аналық тақша ?

Ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылатын жады түрі қандай ?

Компьютер өшірілгеннен кейін ақпарат жедел жадыда сақтала ма ?
Үйге тапсырма
§ 6 тақырыпты оқу, тестке жауап жазу

Сабақ жоспары : «Бекітемін»


Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж


Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы : § 7 Компьютердің қосымша құрылғылары

Сабақтың мақсаты : компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметімен таныстыру. Оқушыларға алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін көрсету.

Оқушылар білуі тиіс : көп тараған қосымша құрылғылардың қызметін және олардың сипаттамасын, ақпарат тасығыштардың түрлерін, олардың қызметі мен сипаттамаларын, «ақпарат көздерінің ақпараттық сыйымдылығы» түсінігін.

Оқушылар үйренуі тиіс : құрылғыны сыртқы пішініне қарап анықтауды, оның қызметін, ақпарат сыйымдылығын.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІV Біліміді өзектендіру

Оқушыларға сұрақтар қойылады :

Компьютердің негізгі құрылғыларына қандай құрылғылар жатады ?

Неліктен бұл тізімге тышқан кірмейді ?

Өткен сабақта құрылғылардың бәрін оқыдық па ?

Құрылғылардың қайсысын компьютерге қосуға болады ?

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Компьютерге қосылатын құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады. Оларды атайық. Құрылғының қайсысы ақпаратты енгізуге қызмет етеді ? Қайсысы шығаруға?

Принтер – мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға шығару құрылғысы.

Сканер – компьютерге мәтіндік және графикалық ақпаратты енгізу құрылғысы.

Модем – телефон желілері бойымен ақпарат тарату құрылғысы.

Баған (колонка) – дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы .

(DVD) CD-ROM – лазерлік дискілерді көруге арналған құрылғы.

Тышқан – компьютермен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы құрылғы .

Ақпарат тасығыштар :

· қатты диск (винчестер) ;

· жұмсақ диск (дискета ) ;

· лазерлік дискілер ;

· флеш –жады.

Қатты дискі – үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.

Жұмсақ дискі – шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. Тасығыштың бұл түрі әсіресе 1970-1990 жылдардың басында кеңінен таралды.

Қысқартылған CD-ROM тіркесі қазақ тіліне ықшамдискі негізінде тұрақты сақтау құрылғысы деп аударылады. Ал DVD дискі – үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш.


Заманауи ақпарат тасымалдайтын құрылғылар – флеш – жадылар. Олар флешкалар немесе жады карталары болуы мүмкін. Флеш –жадыларға ақпаратты көп рет қайталап жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшерлері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан –жылға артып келеді.

VІ Сабақты қорытындылау

VІІ Үйге тапсырма

§6 мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.


Сабақ жоспары : «Бекітемін»


Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы : § 8 Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы

Сабақтың мақсаты : программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс : «Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс : ПЖ- ны нақты ОЖ –ның бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит- программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіруді.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІV Білімді өзектендіру

Компьютер ақпаратты қалай жіберіп, қалай қабылдап алады ?

Компьютер көп ақпаратты сақтай ала ма , неліктен ?

Адам өз жадында көп ақпарат сақтай ала ма ? Неге ?

Ақпаратты қандай құрылғы өңдейді ?

Қорытынды : Бүгін біз компьютердің ақпаратты қалай өңдейтінін білеміз.

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жүйелік программалық жабдықтама

Компьютер іске қосылған соң , ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.

Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады :

Операциялық жүйе . Ол компьютердің қондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.

Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.

Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтама

Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.
Программалау жүйелері

Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.

Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

VІ Бекіту

Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. А деңгейлі тапсырма 3 түрлі нұсқада берілген. Оқушы таңдауды өзі жасайды.

VІІ Қорытындылау

Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не ?

Операциялық жүйе жүйтеуі қашан болады ?

Программалық драйвер не үшін қажет ?

Программалық утилитаға мысал келтір.


VІІІ Үйге тапсырма

Каталог: uploads -> doc -> 08c1
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08c1 -> Мектеп: №54 мектеп-лицей Мерзiмі: 27. 04. 2017 ж. Тақырыбы
08c1 -> Сабақтың мақсаты: «Гүлдер» өлеңімен таныса отырып, өлең мазмұнының негізгі идеясын ашу. Тұманбай Молдағалиев жайында мағлұмат беру
08c1 -> Мысықтар туралы: Үй мысығы
08c1 -> Шығарманың тақырыбы: Шәкен Отызбаевтың өмірі мен шығармышылық жолы. Жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет