Сабақтың кезеңдері / Уақыт
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
1. Жағымды көңіл күй (1-1,5 мин)
|
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін еске түсіру:
Тәртіп.Талап.Тазалық
Татулық.Тыныштық
Балалар, ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Ойымызды, жүрегімізді барынша ашып, мейірімімізді бір-бірімізге төгіп отыруды ұсынамын.
Жағымды күйге келу
Жағымды күйге келу. Тыныштық сәті. «Орманға серуен
|
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.
|
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,
Презентация,
слайд
Волшебная Композиция - Хрустальная Грусть
https://www.youtube.com/watch?v=W58q59CjMqc
|
2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)
|
1. №27– сабақ. Оқулықта берілген 6 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №28, «Обал» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Үйректің үркіп қашу себебі неде?
2. Балалар балапандаға қандай қатер туғызды?
3. «Обал болады» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Құстарды неліктен қорғау керек деп ойлайсыңдар?
5. Өзің құстарға қандай қамқорлық жасайсың?
|
Сұрақтарды оқып оқушылар жауап беріп жауаптарын айтып бікір білдіреді.
|
Оқулық,
|
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)
|
«Аялауды табиғаттан үйрен »
Халық даналығы
Сұрақтар:
1. Аялауды не қалай табиғаттан үйренеміз?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
|
Оқушылар дәйексөздерді қайталап, дәптерлеріне жазып алады. Жаттап алуға болады.
|
Презентация, слайд.
Жұмыс дәптерлері.
|
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)
(4-8 мин)
|
«Құстар неге сөйлей алмайды?
Ерте заманда адамдар мен құстардың достығы мықты болыпты. Құстар адамдардың тілін түсіне алатын болған екен.Биік тауда бүркіт өмір сүріпті. Бір күні бүркіттің қарны ашып, аулайтын аң аңдып отырады таудың биік шыңында отырып. Бірақ ештеңе табылмайды. Күннің көзі бүркіттің көзіне түсіп, ол ұйықтап кетіпті. Біраздан соң құстың қанатының даусынан оянып кетеді. Қараса, қаршыға жемтігін аулаған екен. Сөйтіп келесі бір төбешікке барып жейін деп жатыр екен. Оны көрген бүркіт қатты ашуланады да қаршыға отырған төбешікке барып, қаршығаны шұқып тастауға аз қалады.
Қаршыға қорықпастан:
— “Бүркіт, саған не болған дікеңдеп? Дұрыстап сұрасаң саған да беремін ғой еттен” дейді. Сонда бүркіт:
— “Маған сенің қонақжайлылығың керек емес. Жай сенің өліп қалған аңды қалай жейтініңді көрейін деп келдім” дейді. Бірақ етті көріп көзі қызып барады.
Оның сөзіне қаршыға күледі де:
— “Егер бұл аң өліп қалған болса, онда сен күні бойы не қарап отырдың?”. Бұл сұраққа көңіл-күйі түсіп кеткен бүркіт:
— “Мен бұл аңды көрмедім. Мен бұны емес, бір көзіммен қоянды, екінші көзіммен елікті аңдып отырған едім. Сен олардың етін жей алмайсың ғой. Же алдыңдағы етті, сасып кетпесін” деп жауап қайырады.
Бүркіт пен қаршыға бір-бірімен қатты ұрысып қалады. Екеуінің шуын естіп қалған барлық құстар жиналады. Құстар Құстандың занын сайлауды ойластырады. Сол хан ұрысты шешіп беруі керек болады.
Құстар шықылдап, шулап кетеді. Барлығының хан болғысы келеді. Сол кезде Бүркіт алға шығып:
— “Мен сендерге хан болу керекпін. Менен де биікте самғап ұшатын ешкім жоқ” - дейді. Бірақ оған құстар келіспей: “Жоқ, керекемес! Сен өте тәкәппарсың. Сол себептен де биік құзда өмір сүресің” деп қарсы болады.
Жарқанат шығып:
— “Менің хан болғым келеді. Менің қанатым сендердікіндей жүннен емес теріден. Алыстағыны естіп қоямын”. Бұған көкек келіспей қояды:— “Жарқанаттың хан болуы мүмкін емес. Құстарға Құспын дейді, аңдарға Аңмын дейді. Оның үстіне түні бойы ұйықтамай ұшып жүреді де бізге ұйқы бермейді. Сендер үшін менен жақсы хан болмайды. Менің салған әніммен бүкіл жер беті және жасыл желек құлпырады”. Көкектің де сөзіне құстар келіспей қояды да былай дейді: “Көкек бізге хан болмайды. Ол өзінің балапандарына қарамай тастап кетеді”. Осы кезде құстар арасында үлкен айтыс-тартыстуды. Әрбір құс өзін хан қылып сайлауды ұсынды. Құстар қатты шулап кетеді. Мұны естіп жоғарыда талдың басында сиқыршы қарақарға отырады. Ол:— “Ақыры бір-біріңмен тіл табыса алмайды екенсіңдер, ондасөйлемей-ақ қойыңдар. Барлығының хан болғысы келеді” дейді. Сол кезден бастап құстар адам сияқты сөйлеуден қалады. Міне, құстардың ауыз біршілігі болмағандықтан барлығы бірдей сөйлей алмай қалыпты.
|
Оқушылар әңгімені тыңдады, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, шынайы ниеттерін білдіреді.
|
Оқулық
https://www.youtube.com/watch?v=3OhdtTaPf7Q
|
5. Шығармашылық жұмыс ( жеке)
(12-15 мин)
|
Құстардың жақсы қасиеттерін тауып, орындарына қойыңдар.
Аққудың жақсы қасиеті… .
Қарлығаштың жақсы қасиеті… .
Қыранның жақсы қасиеті… .
Тотықұстың жақсы қасиеті… .
Тоқылдақтың жақсы қасиеті… .
Бұлбұлдың жақсы қасиеті… .
Керекті сөздер: әдемілік, батылдық, қамқорлық, әншілік, достық, сұлулық, адалдық.
-Аққудың жақсы қасиеті- адалдығы;
-Қарлығаштың жақсы қасиеті-адаммен достығы;
-Қыранның жақсы қасиеті- батылдығы;
-Тотықұстың жақсы қасиеті-ағашқа қамқорлығы;
-Сауысқанның жақсы қасиеті-сақтығы
-Тотының жақсы қасиеті-әдемілігі
-Бұлбұлдың жақсы қасиеті-ән сыйлауы
|
Оқушылар тапсырманы орындайды
|
Оқулық түрлі қағаздар
|
6. Үй тапсырмасы
(1-2 мин)
|
1. №28 – сабақ. Оқулықта берілген 6 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №29, «Аппақ бала» мәтінін оқып келу.
|
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
|
Оқулық
|
7. Топпен ән айту
(2-3 мин)
|
Туған жер
1. Алыс кетсем мен сеннен ансай жүрем
Сағыныштың сазынан ән сап жүрем туған жер
Ауылымның түтүні ай қымбат маған
Қымбат маған белдері ай күн қақтаған туған жер
Қайырмасы
Туған жер өзін дегенде
Жүремін әр кез елендеп
Бір сезім билеп алады ай
Жүрегім дүрсүл қағады ай
А-а-а-ай
Бір сезім билеп алады ай
Жүрегім дүрсүл қағады ай
2. Көзді тартып жайнайды ай далан гүлден
Қасиетінді қашанда балан білген, туған жер.
Бұл өмірде шіркін ай не жетеді
Құшағымда әкен мен анам жүрген
Қайырмасы
Туған жер өзін дегенде
Жүремін әр кез елендеп
Бір сезім билеп алады ай
Жүрегім дүрсүл қағады ай
А-а-а-ай
Бір сезім билеп алады ай
Жүрегім дүрсүл қағады ай
|
Бәріміз бірге ән шырқаймыз
|
https://www.youtube.com/watch?v=u17finA04JQ
|
8. Сабақтың қортынды сәті
(1 мин)
|
Ал енді өздеріңді еркін сезініп, бүгінгі сабақты ой елегінен өткізіңіздер. Сабақтың ең сәтті кезеңдерін жүректеріңізде сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Рахмет!
|
Оқушылар рефлексия жасайды.
|
Ф.Шопеннің "Мечта" аудиожазбасы
https://zvooq.eu/
|