Сабақ жоспары Күні: 12. 2015 Сынып: 2 «Б» Пән: әдебиеттік оқу Тақырыбы



Дата18.02.2017
өлшемі37,08 Kb.
#10162
түріСабақ
Сабақ жоспары
Күні: 9.12.2015

Сынып: 2 «Б»

Пән: әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Аққала. Мәди Қайыңбаев

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру. Қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету

Дамытушылық: Қыс мезгілі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау

Тәрбиелік; Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: топтық, жеке, «қар ұшқыны» әдісі, «Биороэма» әдісі, сұрақ жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер: АКТ, Үлестірмелі қағаздар, интернет мәліметтері және автор суреттері, аққаланың, аққала соғып жатқан балалардың суреттері
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Қыс келді, қыс келді, 


Ақтарды ақ қарды.
Ақ қарды шимайлап, 
Шаңғымен сызалық.

Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Мәтінді түсініп оқу арқылы, қысқы ойын түрлері мен табиғат құбылысы туралы тереңірек мағлұмат беру.



Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптарды қайталау.

Оқушыларды қар суреттерін құрай отырып топқа бөлу.(әр топ әр тапсырма бойынша жұлдызша жинап отырады)

1-топ «Үлпек»

2-топ «Жұлдыз»

3-топ «Омбы»



Тақырыпқа көшу кезеңі.

«Қар лақтыру» ойыны

-Жылдың қай мезгілінде қар жауады?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгіліндегі басты мерекені ата.

-Жаңа жыл шыршашысының басты кейіпкерлері?

- Балалардың қысқы көлігі?

-Қыста қызыға ойнайтын ойын түрлері?

-Қардан соғылатын не

Аққала
Ауыл алды ақша қар, 
Ақша қарда балалар 
Соғып жатыр аққала. 
Бірі - инженер, бірі - ұста, 
Жалқауы жоқ жұмысқа. 
Бірі әкеліп қар үйіп, 
Бірі қарға су құйып, 
Күліседі күлімдеп: 
«Бітірейік», - деп қана. 
Біреуі әйнек ойыпты, 
Біреуі есік қойыпты, 
Өздеріне шақ қана.

-Бұл өлеңде не туралы айтылған?

-Қандай қыстың қызықты ойындары айтылған?

-Балалар қандай істермен айналысып жүр?

- Қардан не жасауға болады?

- Аққала соғып көрдің бе? 



Сергіту сәті:

Аула сырты, баққа да


Тұрғызамыз аққала. 
Аққаланы айналып,
Би билейміз шаттана. (Қимылмен көрсетеді).

Мағынаны тану.
- Өлеңді мазмұнына қарай мәнерлеп оқу.
- Әр топ мүшелері кезектесіп, мәнерлеп оқу.

Ой толғау.

- Өлеңнің күлдіргі жолдарын тауып оқы.
- Аққала жасаудың әдістерін білесіңдер ме?
- Оны жасайтын қар қандай болу керек?
\мамық қар, қасат қар, қырбақ қар\
- Өлең арқылы нені көз алдына елестетесің?
- Қане, қай топ осы өлеңге ән сазын ойлап табады екен?

Дәптермен жұмыс жүргізу.
- Әр топ өздері қалаған заттарымен аққала жасау тапсырмасын орындайды.

Суретпен жұмыс:
- Әр топ алдына түрлі суреттер беріледі.
- Тапсырма: суретке қарап әңгіме құрастыру.
- Әңгімеге ат қою.

Қорытынды «Биопоэма»әдісін қолдану

Аты-аққала

Сипаттайтын сөздер- дөңгелек пішіннен және қардан жасалған

Жақсы көретін мезгілі-Қыс,суықтық,аяз

Қорқатын заты-көктем,күн,ыстық

Басынан өткізген сезімі-балалардың қуанышы

Мекен-жайы-қысқы дала

Тегі-қыс


Үйге тапсырма Аққала өлеңін мәнерлеп, оқып келу. Сурет салу.

Бағалау Балалар сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Әр топты формативті түрде \стикер арқылы\ бағалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет