Сабақ тақырыбы: Толқындардың интерференция және дифракция құбылысы Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Басқа жаратылыстану пәндерімен байланыс табиғатта бар жарықтың интерференция және дифракция құбылыстарымен таныстыра, анықтама формула , max, min шарттарымен қатар есептер шығара отырып білімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Физикалық тұрғыдан ойлау, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып білім беру теориялық алған білімді фронтальді сұрау кезеңде, тестілеу сындарында, топтық жұмыстарында дұрыс толық жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Білім алушыларды адалдыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, достыққа, тәрбиелеу.
Б. Таратылатын материалдар: тест сұрақтары, есептер мен тапсырмалар.
САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
Толқынды қозғалыстың қайсысына да болмасын
интерференция және дифракция құбылыстары тән.
Кеңістіктің әрбір нүктесінде қорытқы тербелістер амплитудаларының уақыт жөнінен тұрақты таралу тәртібі орнайтындай болып, екі немесе бірнеше толқынның қосылуы интерференция деп аталады.
Интерференция құбылысындағы max және min- дар шартына сәйкес қосылатын екі толқынның жол айырмасы ұғымын қалыптастыру
Осы шарттарды қанағаттандыратын көздер когерентті көздер деп аталады. Когерентті толқындар қосылғанда ғана орнықты интерференциялық көрініс пайда болады.
Максимумдар шарты: Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді тудыратын екі толқынның жол айырмасы бүтін санды толқын ұзындықтарына тең болса, онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы максимал болады.
∆d = kλ, мұндағы k=0, 1,2...
Минимумдар шарты : Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді тудыратын екі толқынның жолдарының айырмасы тақ санды жарты толқын ұзындықтарына тең болса, онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы минимал болады:
∆d = (2k+1) λ/2, мұндағы k=0, 1,2...
Френель Гюйгенс принципін екінші реттік толқындардың интерференция идеясымен біріктіріп барып, толқындық теорияны негіздеуде айтарлықтай табыстарға жетті. Френель идеясы бойынша кез келген уақыт мезетіндегі толқындық бет дегеніміз екінші реттік толқындарға жай ғана жанама бет емес, олардың интерференциялануының нәтижесі болып табылады.
Толқындық құбылыстарды оқып үйренуге арналған құралмен жасалған демонстрациялық тәжірибелерден, жиілік ~ 6- 7 Гц
Толқындық құбылыстарды оқып үйренуге арналған құралмен жасалған тәжірибелерден, жиілік ~ 4- 5 Гц
Толқындық құбылыстарды оқып үйренуге арналған құралмен жасалған демонстрациялық тәжірибелерден.Интерференция құбылысы бақыланады.
Толқынды қозғалыстың қайсысына да болмасын интерференция және дифракция құбылыстары тән.
Толқындардың түзу сызықты таралудан ауытқуы немесе бөгеттерді орағытып өтуі дифракция деп аталады («difractus» –латын тілінен аударғанда – «сынған» немесу «сыну» деген сөздің мағынасын білдіреді).
Түрлі бөгеттердегі механикалық толқындар дифракциясы төменде көрсетілген: