Сабақ жоспары Мектебі: №17 жалпы орта мектеп Мұғалімі: Султанкулова Сарвиноз Анаркуловна



Дата26.08.2017
өлшемі71,03 Kb.
#27987
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Мектебі: №17 жалпы орта мектеп

Мұғалімі: Султанкулова Сарвиноз Анаркуловна

Сыныбы: 5 – «А»

Оқушылардың саны: 23



Тақырыбы: Отбасы жарастығы.

Құндылығы: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: Отбасындағы парызын орындау, әділеттілік, әдепті болу.

Мақсаты: Оқушыларға отбасы жарастығын дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды отбасындағы парызын орындауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы әділеттілік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдепті болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, санаңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте жарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №10 сабақ, жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы орындау.

2. №11, «Отбасы жарастығы» мәтінін оқып келу. 40 – бет.

Сұрақтар:


  1. Ертеде қандай отбасы өмір сүріпті?

  2. Патша неге таң қалып, шаттанды?

  3. Патша кімге жолықты?

  4. Қарт қандай жауап берді?

  5. Патша неге таң қалды?

  6. Ақсақал жазған сөздердің отбасы үшін қажеттілігі неде?

  7. Отбасындағы қарым- қатынасты неге теңейміз?

  8. Сіздер өз отбасыларыңызға деген сүйіспеншіліктеріңізді қалай білдіресіздер?




  1. Сабақтың дәйексөзі.

Шаңырақ сәні – сыйластық.

Халық мақалы

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерлеріне жаздыру)

Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты, өзара сыйластығы құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, ынтымақ та, береке де байлық та болады. Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады. 

Сұрақтар:                                                        

  1. Бір шаңырақта тұратын адамдар арасында қандай сыйластық болады?

  2. Өз отбасыңның сыйластығы туралы не айтар едің?

  3. Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?

  4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?




  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

«Отбасы ошағы» аңызы.

Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің , қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады.

Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады.

Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады.

Тек, үшінші тақпыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды.

Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды.



Сұрақтар:

  1. Бақыт не үшін үшінші отбасында қоныстауды ұйғарды?

  2. Оқиғаның мағынасы неде?

  3. «Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады?

  5. Аңыз қай құндылық туралы айтылған?

  6. Аңыздан не түсіндіңіз?

Қорытындылау:

Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жайдарылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.






  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар жалпыадамзаттық құндылықтарға байланысты бес топқа бөлінеді.

1 – «Ақиқат» тобы

2 – «Ішкі тыныштық» тобы

3 – «Сүйіспеншілік» тобы

4 – «Дұрыс әрекет» тобы

5 – «Қиянат жасамау» тобы

Тапсырма: «Бақытты отбасы» тақырыбына сурет салады.





6. Топпен ән айту.

Ана туралы жыр


Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр күнін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанаты самғаған,
Балалық құштарым,
Өзіңе арналған.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.




  1. Үй тапсырмасы.

1. №11 – сабақ. «Менің отбасым» тақырыбында эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №12, А. Хасенованың «Неге ұялды?» мәтінін оқып келу. 44 – бет.






  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Өзін – өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы «Бөбек» Алматы, 2010

  2. «Өзін – өзі тану» Оқулық. 5 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  3. «Өзін – өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы, 2010

  4. «Өзін – өзі тану» Оқушы дәптері. 5 сынып. «Бөбек» Алматы, 2010

  5. Самопознание.kz, №2(62). Ақпан 2016ж

  6. bilimsite.kz/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет