Тақырыбы: «Мұғалімдерге арналған психология сабағы»
Мақсаты: Оптимист, бақытты адам болуға шақыру.
Сабақ жоспары:
1. Мұғалімдерді баяу әуенмен қарсы алып, орындарына жайғастыру.
2. Тренинг тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Бернард Шоудың сөзін айтып өту: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз».
3. Сергіту сәті: а) барлығыңыз, бір-бірлеріңізбен сөйлеспей, бойларыңыздың ұзындықтары бойынша рет-ретімен тұра қалыңыздыр; ә) үш бұрыш құрып тұра қалыңыздар; б) төрт бұрыш болып тұра қалыңыздар; в) өкшелері биік кигендер бөлек, аласа кигендері бөлек тұра қалыңыздар; г) тасбақа болып тұра қалыңыздар.
4. Жұмысқа байланысты кеңестер. а) көмекшілерді іздеңіз, барлығын өзіңіз атқармаңыз. ә) жұмысты қиындатпай, ақылмен жұмыс істеңіз.
5. Тест: «Сіз қандай жұмысшысыз?».
6. «Менің мамандықтағы образым» жаттығуы.
7. Релаксация «Теңізге саяхат».
Барысы: Көптеген қазақстандық педагогикалық училищелерде, институттарда және университеттерде болашақ мұғалімдер мен оқытушылар білім алуда. Олар аталған оқу орындарын бітіргеннен кейін мектептер мен училищилерге келіп өз еңбек жолдарын бастайды. Уақыт өте келе жұмыс орындарынан өз қызметкерлерін қайта даярлау, біліктіліктерін қайта арттыру курстарына және т.б. «ақылды» курстар мен сабақтарға жіберіледі. Мұғалім практиктер көптеген сесминарлар мен лекцияларға қатысады, мұғалімдер үйінде, қайта жетілдіру институттарында т.б. көптеген мекемелерде оқытылады.
Иә, оларды тек мұғалім болуға ғана үйрететіні, бірақ жемісті мұғалім болуға үйретпейтіні өкінішті. Оларды мейірімді болуға және жауапкершілікке үйреиеді, бірақ оптимист және бақытты болуға үйретпейді. Өкінішке орай біздің қазақстандық мұғалімдерді қиындыққа төзуге емес, ақылды болуға үйретеді. Бұлай болатын себебі, мұғалімдер онсыз да көп және ауыр жұмыстарды атқаруда. Еш жерде мұғалім еңбегін үнемді болуға, ұжымдағы әріптестермен қалай байланыс жасау қажет екендігіне үйретпейді. Иә, бізді, мұғалімдерді, бұлардың ешқайсысына үйретпейді. Осының барлығын және көптеген мәселелерді біз өзіміз оқуға мәжбүр боламыз.
Сондықтан, біз бүгінгі семинар сабағымыздың тақырыбын «Мектеп мұғаліміне арналған психология сабағы немесе шаршаған мұғалімдерге кеңес» деп алып отырмыз.
Бұл семинарда өз жұмысынан, өмірден шаршаған мұғалімдерге кеңестер мен рецептілер беріледі.
4. Жұмысқа байланысты кеңестер.
Бірінші кеңес. Көмекшілеріңізді іздеңіз. Барлығын өздеріңіз атқармаңыз!
Мектеп жұмысының көп деңгейлі, жан-жақты екендігіне ешкім күмән келтірмейтіні мәлім. Мектепте біздің көмекшілеріміз кімдер бола алады? Біріншіден, бұл біздің әріптестеріміз, мұғалімдер. Өкінішке орай, кейбір мектептерде мұғалімдер бір ұжымда жұмыс істеп жүрсе де, бір-бірінен алшақ жатады. Мысал үшін, шет тілінің мұғалімдері өз топтарына арнап өз тақырыптарын, өзінің гамматикалық бақылау жұмыстарын, т.б. тесттерді дайындайды.
Ал енді әрбір мұғалімге осы жұмыстың барлығын атқару оңай емес екені белгілі?! Осы жұмыстың барлығын өз әдіс бірлестігінде бірге жұмыс істейтін әріптесіңмен бірге атқаруға болады: сіз өз пәніңіз бойынша бір тақырыпты алыңыз, ал әріптесіңіз басқа тақырыпты алады, сіз грамматикалық бақылау жұмысын дайындасаңыз, екінші әріптесіңіз тест құрастырады.
Көптеген мұғалімдер өз әріптестеріне өздерінің сабақтарының жүргізілу барысын, күнделікті сабақ жоспарларын бергісі келмейтіні белгілі. Бір жағынан бұл түсінікті де, бұл сіздің үлкен еңбегіңіздің жемісі.
Бір жағынан әріптесіңізбен өз жұмысыңызды бөліскеніңіз, жалғыз емес, команда болып жұмыс жасаған ұтымдырақ. Өз инийиативаңызды айтып өз әріптесіңізге бірінші қадам жасаңыз. Ол адамнан әдістемелік материал сұрамас бұрын, өзіңіздің дайын материалдарыңызды ұсыныңыз, әріптесіңізге алдын-ала дайындалған көшірмесін ұсыныңыз. Сізге айырбасқа ешнәрсе ұсынбаса да жай ғана бере салыңыз. Ол адам сізге ешнәрсе бермесе де, үнемі өз материалыңызды беруден бас тартпаңыз. Содан кейін барып, ол кісіден сізге не керек екендігін сұрай отырып, қарап шығуға болады ма немесе көшірмесін алуға болады ма деп сұраңыз.
Қорытынды: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл».
Екінші кеңес. Жұмысты қиындатпай ақылмен жұмыс істеңіз!
Жұмыста ақылды, қу және және тез жиналғыш болыңыз. Кез келген істің соңын біліп тұруға тырысыңыз. Өз еңбегіңізді, өз уақытыңызды есептеңіз! Сіздің еңбегіңіз- сіздің күшіңіз, сіздің алтын уақытыңыз. Бізде мыныдый сөз бар «Өз еңбегім есеп емес, өз еңбегім есептелмейді». Бұл фразамен ешқашанда келіспеңіз
Есте ұстаңыз! Сіздің еңбегіңіз үнемі есепте! Жұмыстағы барлық әрекетіңіз есептеулі! Әрбір қадамыңыз бен әрбір жестіңіз! Мұғалімдердің көпшілігі жұмыста көптеген істерді ақысыз тегін істейді. Оларға рахмет! Дегенмен барлық нәрсені есептей білу қажет. Егер біз өз еңбегімізді бағаламасақ, басқаларда біздің еңбегімізді бағаламайды. Сондықтан құрметті мұғалімдер, өз еңбектеріңізді бағалай біліңіздер, еңбектеріңізді есептеңіздер!
Өз жұмысыңызды қиындатпай, ақылмен жұмыс істеудің дағдыларын өзіңізде қалыптастырыңыз! Мектепте күнделікті кездесетін әрекеттер де қалай ақылды және қу болу керектігіне мысалдар келтіріп көрейік.
1- Мысал. Оқушылардың үй тапсырмасын жазып алуы.
Үнемі үй тапсырмасын сынып тақтасына анық етіп жазып қойыңыз. Қоңырау соғылысымен сынып есігінің алдында тұрып, оқушылардың күнделігін бірбірлеп қарап шығыңыз. Көптеген оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алмағандықтан орындамай келеді. Бұл үй тапсырмасына деген жауапкершілікке , сонымен қатар ұқыптылыққа алып келеді, яғни балада күнделікті әр сабақ сайын толтырып отыру дағдысы қалыптасады.
2- Мысал. «Қиын» ата-аналармен жұмыс туралы.
Барлық сынып жетекшілер мен мұғалімдер де мектеп те қиын бала болатыны белгілі. Өкінішке орай біздің педагогикалық жұмыста қиын ата-аналарда кездеседі. Олардың үнемі мұғалімдерге көңілі толмайды. Үнемі бұл туралы басқаларға айтып отырады. Бұндай ата-аналар баланы қалай оқыту, тәрбиелеу керетігі жөнінде үнемі өздерінің кеңестері мен көзқарастарын ұсынуда болады. Бұндай ата-аналармен жұмыс істеу тәсілдерін қарастырып көрейік.
Біріншіден, мүмкіндігінше айқай-шуды бодырмаңыз, екіншіден, «қиын» ата-аналардың балаларына жеке жұмыс дәптерін арнап қойып, оған баламен жүргізілген жеке жұмыстың барлығын жазып отырыңыз (баланың үй тапсырмасын орындамағандығын, сенбілікке келмегендігін, тапсырылған газеті шығармағандығын т.с.с) Егер ата-ана тағыда баланы қалай тәрбиелеу керетігі жөнінде кеңес айтқысы келсе, онда дәптеріңізді көрсете қойыңыз.
3- Мысал: Сабақ кестесіндегі «терезелер» туралы.
Әрбір мұғалім сабақ кестесіндегі «терезе» дегеннің не екендігін жақсы біледі.
Бұл сабақ арасындағы үзіліс. Біздің көпшілігімізді сабақ кестеміздің ана жерінен бір, мына жеріне бір шыға келетін «терезелер» қатты ашуландырады. «Терезенің» ұжымында 100-120 адам жұмыс істейтін, 2-3 ауысымда 1200-1500 оқушы оқытылатын мектептің сабақ кестесінен алынып тастауы мүмкін емес жағдай. «Терезе» мұғалімнің жеке кестесінде бар және юолады да. Сондықтан бізге мұғалімдерге бұл мәселе үшін ашуланудың қажеті жоқ, бұл мәселеге үйренетін кез келді!
Егер де сіздің кестеңізде «терезелер» бар болса, онда оны өзңізге тиімді етіп, пайдаланудың жолдарын қарастырыңыз. Сабақ кестесіндегі «терезе» бұл жұмыстан дем алатын уақытым деп есептеңіз. «Терезе» уақытында егер сіз кабинете жалғыз қалсаңыз, сізге жиналып қалған дәптерлер мен күнделіктерді тексеруге, сынып журналын толтыруға уақыт табылады деген сөз. Егер сынып кабинеті бос болмаса, алдын-ала «терезе» уақытында не істейтініңіз жөнінде ойланғаныңыз дұрысырақ. Мектеп асханасына барып, асықпай тамақтаныңыз. Қыдырып келуге де болады, мысалы жақын жердегі дүкендерді аралап, әйтеуір мектеп жұмысынан басқа нәрсеге алдану ұшін. Немесе көше аралап, далада жәй ғана өтіп бара жатқан адамдарды, құстарды бақылаңыз, жәндіктерге бақылау жасаңыз (үйден тамақ, нан қалдықтарын алып шығып, көгершіндерге беріп көріңіз, бұның өзі демалыс).
Мұғалімдер бөлмесінде үнемі адам көп болады, сізге әңгімелер мен шулар жұмыс істеуге кедергі келтіру мүмкін. Дұрысы, өзіңізге тыныш жұмыс жасайтын орын тауып алу, мысалы, сектеп кітапханасы, лаборанттық бөлме, мектеп асханасының бұрышы, әріптесіңіздің бос бөлмесі немесе медбикенің кабинеті, т.с.с. ең бастысы өз «терезеңізді» алдын ала ойластыру және ұйымдастыру. Егер сіз бос уақытыңызда мектепті бостан босқа араласыңыз немесе мұғалімдер бөлмесінде бос әңгімелесумен айналыссаңыз, онда бұндай «демалыстан» одан сайын шаршайтындығыңыз белгілі.
5. Тест: «Сіз қандай жылқысыз?»
Суретте жылқының силуеті бейнеленген.сіздің міндетіңіз – осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды, жайлы жағдай жасаңыз.
Бұл тестте жылқы – бұл өзіңізсіз. Бұл түсінікті де, өйткені көп жұмыс істейтін адамдарды жұмысшы жылқылар деп те атайды. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады.
- Егер сіз жылқының сыр келбетіне басты назар аударсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Сіз еңбекқор адам емессіз.
- Егер сіз жылқының бет әлпетіне басты назарды аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын, кекілін, т.б. салсаңыз), онда сіз жұмысқа романтикалық қатынас басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген өте жас маман болуыңыз да ықтимал. Егер сіздің жасыңыз үлкен болса, онда шаттану, қуану сізге тән.
- Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ-түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңдыц білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. Өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады, сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз!
- Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл сіздің жақсы жағдай жасалған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуелсіз болғанды қалайсыз.
- Егер сіз жылқыға жүген салсаңыз немесеқамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнамайды.
- Егер сіз жылқының алдына суы бар тегеш немесе жем қойсаңыз, онда бұл сіздің жұмыс істеуіңіз үшін жақсы жағдайдың жасалуын қажет еткендігіңіздің белгісі.
- Егер сіз жылқыға салт атты адамның суретін салсаңыз, онда сіз өз бетіңізше жұмыс істей алмайсыз, біреудің бағыт беруімен немесе әмірмен жүресіз. Сізге біреудің сізді басқарғаны ұнайды.
6. «Менің мамандықтағы образым» жаттығуы.
Мұғалімдерді шеңберге тұрғызып, әрбіреуінің алдарында оқушылар тұр деп елестете отырып, «Сәлеметсіңдерме, балалар!» деген фразаны жестпен, позамен, бет әлпет қимылмен көрсету. Топ мүшелері бір-бірлерін талқылайды.
Сәлем беру кезінде елжіреген сезім мен құрметтеу белгісі байқалған дұрыс. Дауыс ырғағы сыпайы, сыйласымды болу керек.
«Баға» жаттығуы. Әрбір мұғалім бір позитивті және негативті баға айтуы қажет. Мысалы, «отыр екі». Сөздің интонациясын, мәндерін қолдану керек.
Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады. «Өте өкінішті, Анар. Бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр. Жақын күндері өзіңнің екіңді жөндейтініңе сенемін».
7. Релаксациялық жаттығу «Теңізге саяхат».
Бұл музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көздеріңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай сезініңіз. Толқынның лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз жіне алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызды көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты деп алып, асау толқындары жағаға созылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып сіз тұрсыз. Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жауып жатыр, су жып-жылы әрі жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп- жүгіріңіз, секіріңіз, су шашып секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Асықпай бұл оынмен қоштасыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз.
Жақсы сабақ дайындау рецептісі.
Әрбір сабағыңызға:
· 12 порция ақылдылық
· 11 порция шыдамдылық
· 10 порция батылдық
· 9 порция жұмысқа қабілеттілік
· 8 порция оптимизм
· 7 порция өз ісіңізге берілушілік
· 6 порция ойлануды
· 5 порция мейірімділік
· 4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды
· 3 порция юмор
· 2 порция такт
· 1 порция әр балаңызға үміт қосыңыз
Өз сабағыңыздың дәмді және тәтті болуы үшін, 1 қасық жақсы көңіл- күй, бір шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы мейірімді әзілді себіңіз. Өз тағамыңызды жайдары күлкіңізбен, қуаныштың белгісімен әрлеңіз. Осы рецептіні үнемі қолданыңыз. Астарыңыз дәмді болсын, қымбатты әріптестер! Мұғалім еңбегіне және және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын.
Ізгі тілекпен : Ботагоз
Достарыңызбен бөлісу: |