Сабақ жоспары мұғалімнің аты-жөні



Дата31.03.2022
өлшемі0,77 Mb.
#137461
түріСабақ
Байланысты:
3-сабақ. 3 практикалық жұмыс Сұйытылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесу реакциясы. Көмірқышқыл газына сапалық реакция


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабырова А.К.

Пән/Сынып:

Химия, 7 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

V- тарау

Сабақтың тақырыбы:

3- практикалық жұмыс. Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесу реакциясы. Көмірқыщқыл газына сапалық реакция.

Оқу мақсаты:

7.2.2.4 –кейбір карбонаттардың сұйытылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Бағалау критерийі:

  • Кейбір карбонаттардың сұйытылған қышқылдармен реакцияларын зерттейді.

  • Сұйытылған қышқылдармен кейбір карбонаттар өнімдерін анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыппен таныстыру;
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру;
Бейнероликті қолдана отырып,бекіту тапсырмаларын орындату;

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету;
Бекітуге арналған тапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу;

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен тапсырма орындауы;

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
3- практикалық жұмыс. Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесу реакциясы. Көмірқыщқыл газына сапалық реакция.
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
Табиғи қышқылдар мен сілтілерді біледі.
Химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін біледі
Сенің меңгеретінің:

  • Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесу реакциясын ;

  • CO2 сапалық аңықтау.










Презентация

Слайд 1

Слайд 2


8 минут


Жаңа сабақ

Тәжірибе № 1


Сынауыққа бордың немесе мәрмәрдің бірнеше кесегін салып, үстіне 2 мл тұз қышқылы ерітіндісін құйыңыз. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жабыңыз.

Тәжірибе № 2



  • Түтіктің ұшын стаканға батырыңыз, газдың жиналғаның жанған шырамен анықтаңыз. Жиналған газды басқа стаканға ептілікпен құйыңыз және екі стакандағы газды да жанған шырамен сынаңыз.

Тәжірибе № 3
Көмірқышқыл газы бар стаканға әкті су құйып, ерітіндіні шайқаңдар.

Тәжірибе № 4


Басқа сынауыққа 2-3 мл сұйылтылған натрий гидроксиді ерітіндісін құйып, үстіне бірнеше тамшы фенолфталейн тамызыңыздар. Осы ерітінді арқылы көмірқышқыл газын өткізіңіздер.

Тәжірибе № 5



  • Түтіктің ұшын 2-3 мл әкті суы бар басқа сынауыққа батырыңыз

Тәжірибе № 6

  • Сынауыққа 2-3 мл дистильденген су құйып, үстіне бірнеше тамшы лакмус тамызыңыздар, су арқылы индикатордың түсі өзгергенше көмірқышқыл газын жіберіңіздер.


Тәжірибе № 7
Көмірқышқыл газын лайлы ерітінді толық түссізденгенше жіберіңіздер


Бекіту тапсырмалары

  • 1. Борға тұз қышқылын қосқанда не болады?

  • 2. Көмір қышқыл газын ізбес суы арқылы өткізгенде алдымен ерітінді лайланып, сосын неге ериді?

  • 3. Көмір қышқылын дистилденген су арқылы өткізгенде не байқадыңыз

  • 4. Индикатордың қандай түрімен таныстыңыз?

  • 5.Фенолфталейн бейтарап ортада қандай түс береді?

  • 6.Лакмус қышқылдық ортада түсін өзгертеді ме?

  • 7.CO2 газы жануды қолдайды ма?

1, СаСO3 +2HCl CaCl2 +CO2 +H2O
2, Ca(OH)2 + CO2  CaCO3  + H2O
Ca(OH)2 + CO2 + H2O   Ca(HCO3)2

  1. H2O + CO2   H2CO3



Жаңа тақырыпты меңгеру






Дескриптор:
білім алушы - практикалық жұмыс тақырыбын және жұмыс барысын анықтайды; - бақылау нәтижелерін атайды; - реакция теңдеуін жазады; - реакция өнімдерін анықтап, қорытынды жасайды.



Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6


Слайд 7

Слайд 8





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет