Сабақ жоспары Пән : Жаңа педагогикалы технологиялар



Дата12.12.2023
өлшемі15,44 Kb.
#196625
түріСабақ
Байланысты:
f615c3def875b8
550771.pptx

"Бейнеу гуманитарлық - экономикалық колледжі" МКҚК
Сабақ жоспары
Пән : Жаңа педагогикалы технологиялар
Сабақтың тақырыбы: Ізгілендіру принциптері. Ш.А.Амонашвилидің жеке ізгілік технологиясы
Дайындаған: Дуйсенбаева К
2021 жылғы "30" қыркүйек
Курс: 2
Оқу жылы. 2021 - 2022ж
Топ: ШБ - 20, ИнБ -20
Мақсаты: Студенттерде баланың жеке тұлғасы оқыту технологиялардағы объект және субъект ретінде қалыптасуы туралы түсінік қалыптастыру
Кәсіби біліктер:
1. Студенттер оқыту технологияларын жіктей алады
2. Студенттердің тез, еркін ойлау дағдысы қалыптасады
3. Топпен жұмыста өзін-өзі бағалай алады
Сабақты жабдықтау:
1) Оқулықтар, стикер, флипчарт, таратпа материалдар
2) LED панель, слайд, видеороликтер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен амандасу және түгендеу.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау



ІV. Жаңа сабақ
1931 жылы 8 наурызда Тбилиси қаласында дүниеге келген. Психология ғылымының докторы, профессор. Эксперименттік мектепте ынтымақтастық педагогикасын, тіл мен математиканы оқытудың өзгеше əдістемесін жасап, жүзеге асырды. Оның педагогикалық еңбегінің қорытындысы ізгілік жəне жеке тұлғаға бағдарланған принцип негізіндегі «Өмір мектебі» технологиясы бойынша жазылған «Бастауыш білім сатысы» туралы трактатта баяндалған. 1985 жылғы 23 мамырдан КСРО ғылым академиясының корреспондент мүшесі. 27 қаңтар 1989 жылдан бастап КСРО ПҒА-ның толық мүшесі. 1993 жылдың 21 наурызынан бастап Ресей Білім академиясының Құрметті мүшесі, 2001 жылдың 30 мамырынан бастап толық мүшесі. Қазіргі уақытта ММУ-де психология жəне жас ерекшеліктері физиологиясы бөлімінде жұмыс жасайды
Ш.А.Амонашвили тəжірибесінің элементтері:
1. Бастауыш сынып мұғалімінің жеке тұлғалық сапасына талап.
2. Бастауыш мектепте оқыту үрдісіне қойылатын негізгі талаптар.
3. Педагогикалық қызмет принциптері:
- Оқытуды басқару.
- Оқушылардың қызығушылық ұстанымы.
- Əр баланың мүмкіндігіне қарай сенімнің тұрақты енуі.
- Оқыту үрдісінде оқушылармен достасу.
- Мектеп оқушысымен этикалық қарым-қатынаста болу.
4. Алты жасар баланың мектептегі күн тəртібі.
5. Бастауыш мектептегі балалар өмірінің ұйымдастырылу əдістері.
6. Оқытудың ойын ретінде;
- Хормен жауап айту.
- «Қараңғыдағы» тапсырма.
- Құлаққа сыбырлау.
- Мұғалімнің «қателесуі».
7. Оқытудың мазмұнды (ақылды) бағалы негізі.
8. Оқушылардың оқу үлгерімдері туралы педагогтың есеп формасы.
9. Сауат ашуға үйрету кезеңі.
10. Алты жастағы балалармен жұмыстағы қарама-қайшылықтар.
Ш.А.Амонашвили технологиясында баланың іс-əрекетін бағалауға үлкен орын беріледі. Сандық баға орнына сапалық бағалау қолданылады: мінездеме, нəтиже пакеттері, өзіне талдау жасау, өзіне баға беру.
Ізгілікті педагогикалық процестегі мұғалімнің негізгі ұстанымдары (Ш.А. Амонашвили)
Мұғалімнің жеке тұлғалық сапасы:
- қайырымдылық;
- ашықтық жəне шынайылық;
- өз ісіне берілгендік.
Мұғалімнің жетекші принциптері:
- баланың айналасындағы ортаны адамиландыру;
- баланың жеке тұлғасын құрметтеу;
- баланың қалыптасуындағы шыдамдылық.
Мұғалімнің ұраны:
- баланың мүмкіндігіне шексіз сену;
- өзінің педагогикалық кабілетіне сену;
- балаға ізгілікпен қарау ұстанымына сену.
Амонашвили əдістемесі бойынша мұғалімдерге арналған ережелер:
- Мұғалім бала өміріне үлкен қызығушылық таныту.
- Бала қандай болса да жақсы көру.
- Тəрбиенің баланы түзететіндігіне сену.
Ертеңгі күнге сеніммен қарау.
- Баланың тəртібі ұнамағанда ол туралы өте жақсы пікірде болғаныңызды тұспалмен білдіріңіз.
- Баламен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасау (сенім, сыйластық, түсіністік).
Бекіту.
1. Ш.А. Амонашвили əдістемесінің педагогикалық шығармашылық көлемі (бастауыш сыныптар).
2. Баланың ішкі күштері мен мүмкіндіктерін ашу, жеке тұлғаны жанжақты жəне еркін, тəрбиелеуді ескеру (мектептің мақсаты).
3. Жазалаудың кері əсері (дамытуды тежейді, баланың беделін түсіреді).
Үйге тапсырма: Ш.А. Амонашвили əдістемесі мен В.Ф. Шаталов əдістемесін салыстырып, «Венн диаграммасын» жасаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет