Сабақ жоспары Пән: қазақ тілі



Дата18.03.2017
өлшемі18,2 Kb.
#11986
түріСабақ
Сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі
Сынып: 2
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атай білуге үйрету, олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту, көптік жалғауын қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ – жауап, іздену, ойлау, топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,слайдтар,үй жануарлары бейнеленген карточкалар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.


- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Күз айларын кім айтады?
- Қазір қай ай?
- Бүгін қарашаның нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


Сөздерге көптік жалғауын жалғау керек.
Тауыктар, балапандар, әтештер,қаздар, үйректер.

ІІІ. Жаңа сабақ.


-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- үй жануарлары. Үй жануарларының аттарын, олардың төлдерін, бізге берер пйдасымен танысамыз.
1. Сөздікпен жұмыс.
Түйе – верблюд
Жылқы – лошадь
Сиыр – корова
Қой – овца
Ешкі – коза
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)
М: ақ ешкі, қара сйыр, үлкен түйе т.б.
- Ал , енді олардың төлдерімен таныс болайық.
Бота – верблюжонок
Құлын – жеребенок
Бұзау – теленок
Қозы – ягненок
Лақ - козленок
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)
М: қоңыр қозы, ала бұзау, сүйкімді лақ.
2.Мәтінмен жұмыс.
Үй жануарларына түйе, жылқы,сиыр, қой, ешкі жатады. Олардың төлдері бар. Түйенің ботасы, жылқының құлыны, сиырдың бұзауы, қойдың қозысы, ешкінің лағы бар. Олар бізге ет, сүт, жүн береді.
1.Мәтінді саралап оқыту.
2. Мәтінді аудару.
3. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді табу.
Жануарларына, төлдері, олардың.

Сергіту сәті. «Тербеледі ағаштар»

ІҮ. Бекіту.
1. Сөздерді сәйкестендір.
Ақ түйе
Бір құлын
Қоңыр қой
Үлкен сиыр
Кішкентай бота
2.Үй жануарларының төлдерін жазу.
Сиырдың төлі – бұзау.
Жылқының төлі – құлын.
Түйенің төлі – бота.
Қойдың төлі – қозы.
Ешкінің төлі – лақ.
3. Ойын ойнау.
Сыныптағы балаларды үш топқа бөліп жарыстыру. Сурет арқылы үй жануарларының аттарын қайталау негізінде ойналады. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.
4. Көптік жалғауын жалға.
Құлын+дар
Ешкі +лер
Лақ+тар
Қой+лар

Ү. Қорытындылау.


- Үй жануарларына нелер жатады?
- Олардың төлдерін атап беріңдерші.
- Олардың бізге берер пайдасы не?
( Тақтаға шығып жазады)

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

Жаңа сөздерді жаттау, 169 беттегі 3 – тапсырма.

ҮІІ.Ой бөлісу.


- Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсеріміз қандай?
Көңіл – күй смайликтері балаларға таратылады. Сол смайликтерді екі қорапшаға салу арқылы бүгінгі көңіл – күйімізді білдіреміз.

ҮІІІ. Бағалау.


Сабаққа белсене қатсқан балаларға жұлдызшалар таратылады.
Каталог: uploads -> doc -> 0c1e
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c1e -> Бастауыш мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың тұлғалық жетістіктеріне қол жеткізу тетіктері
0c1e -> Сабақтың тақырыбы: Ертегілер Сабақтың мақсаты: Білімділік
0c1e -> «Асылай» бөбекжай балабқшасы Құрманғазы аудандық білім беру бөліміне қарасты мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның 2014-2015 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары. Мазмұны
0c1e -> Сабақ жоспары Күні: 13. 04. 2016ж Тобы: с-14-9 Пәннің аты: Сумен жабдықтау
0c1e -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақтың ұлттық киімдерімен таныстыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет