Сабақ жоспары
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: Ақ көгершін.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ақ көгершін мәтінімен таныстыру. Ақ көгершін туралы түсініктерін толықтыру, білімдерін жетілдіру. Оқушыларға ақ көгершін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
Түзетушілік: Сабақ барысында оқушылардың таным процестерін дамыту. Оқушылардың логикалық ойлауын, сөйлеу дағдысын жетілдіру, сұраққа жауап алу мақсатында сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілік: Отанын сүюге, табиғатты қорғауға, құстарды аялауға, адамгешілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: « Құлақ аспай ».
Көрнекіліктер: Көгершіннің суреттері, үлестірмелі карточкалар, сөз жұмбақ.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қазір қыстың қай айы?
- Ақпан айының нешесі?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Қазір бізде қай сабақ?
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.
- Балалар біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Күтпеген сый деген әңгімеде не туралы айтылған?
- Кімдер туралы айтылады?
- Дүйсен мен Үсен жаздай не тасыды?
- Дүйсен мен Үсен қандай кателік жасады?
- Кімнің қарбызын ұрлады?
- Сұлтан қария балаларға не істеді?
- Балалар істеген қателіктеріне кешірім сұрады ма?
- Біреудің затын рұқсатсыз алуға, ұрлық жасауға бола ма?
ІІІ. Сөз жұмбақ шешу. « Көгершін».
1. Алпамыс батыр зынданға түскен кезде көмектескен қалмақ қызы? ( Қаракөз).
2. Абылай хан кім деген бидің қойын бақты? ( Төле ).
3. Бөген өзенінде дүниеге келген батыр? ( Бөгенбай).
4. Дүйсеннің досы? ( Үсен).
5. Дүйсен мен Үсен не ұрлады? ( Қарбыз).
6. Бөгенбай батыр кім деген батырдың үйінде дүниеге келді? ( Ақша).
7. Сұлтан атай Дүйсен мен Үсеннің аяқ киімдерінің несін көрді? ( Ізін)
8. Қыпшақ елінен шыққан батыр? ( Қобыланды).
ІV. Жаңа сабақ
- Балалар, барша жұрт «Бейбітшілік құсы» деп қандай құсты атайды?
- Көгершін
- Дұрыс! Ендеше, біз бүгін «Ақ көгершін» әңгімесін өтеміз.
Көгершін – кептер тәрізділер тұқымдасына жататын құс. Жер шарында кең таралған (тек полюстік облыстарда кездеспейді). Қазақстанда 2 туысы: кептер (6 түрі) және түркептер (4 түрі) бар. Кептерлердің қолға үйретілген түрін халық арасында – көгершін деп атайды. Олар үнемі топтанып жүреді. Жұбын ещқашан жазбайды екен.
- Қанеки балалар бәріміз 157 бетті ашып мұқият тыңдаймыз. Шаңқай түсте бір топ бала өзенге бара жатқанда. Тілеуберген атай балаларды қол бұлғап шақырады. Балалар барған кезде, атай балаларға қарап жымиды да:
- Әй, балалар, көгершін керек пе?- деп сұрады.
- Керек, ата - деп Ертай екеуіміз атайдың артынан ердік. Қорада екі қанаты салбыраған, үсті-басы лас, ақ көгершін жорғалап жүр екен.
- Ұша алмайды екен мұны қайтем?- деді Ертай бұртиып. Мен көгершінді ұстап алдымда, атайға рақметімді айтып, үйге қарай беттедім. Көгершіннің сынған қауырсынын байлап, тор жәшікке кіргізіп, ас-суын беріп тұрдым. Көгершін аппақ қардай ағарып, таралып құлпыра түсті.
V. Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық
Торғай болып ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық
VI.Оқулықпен жұмыс. ( Әңгімені тізбектеп оқу)
VIІ. Дәптермен жұмыс. Күннің ретін жазу, сөздікпен жұмыс жасау.
Құлақ аспай- тыңдамай.
VIІІ. Ребус шешу. «Көгершін».
ІХ. Бекіту.
- Тілеуберген атай балаларды неге шақырды?
- Балалар қорадан не көрді?
- Балалар көгершінді бағуға алды ма?
- Қанеки балалар көгершінді асырап алған балаға бәріміз ат қояықшы?
ІХ.Үйге тапсырма беру.
Ақ көгершін әңгімесін оқып, мазмұнын айту. (157 бет).
Х. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды ынталандыру арқылы бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |