Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика



Дата23.08.2017
өлшемі115,77 Kb.
#25338
түріСабақ
29 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибелері.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларда атомның құрылысы туралы ұғым қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы: химия
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

  1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары: Фотосинтез және фотографиялық процесс

  2. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 1117, 1118, 1123, 1126


3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Атомның құрылысы.

  • Резерфорд тәжірибелері.

  • Атомның планетарлық моделі.

5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут
ХІХ ғасырдың аяғына дейін атом бөлінбейді деген ұғым қалыптасты. Алайда, ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында физика саласында ашылған радиоактивтілік құбылыс, рентген сәулелері тәрізді жаңалықтар атомның өте күрделі бөлшек екенін дәлелдеді.

1879 жылы Дж.Томсон сиретілген газдарға электр зарядын және фотоэффектіні зерттеу бойынша жүргізілген тәжірибелердің нәтижесінде затты қыздырғанда немесе оны ультракүлгін жарықпен сәулелендірілгенде кез келген химиялық элементтің атомдарының бірдей теріс зарядты бөлшектердің бөлініп шығатынын тағайындады. Осы бөлшектер электрондар деп аталады. Электрондардың электр зарядын алғаш рет Р.Мелликен 1909 жылы тәжірибе жүзінде дәлелдеді және өлшеді. Бұл барлық электрондар үшін бірдей болып шықты. Электронның ашылуы және электрондардың кез келген элемент атомдарының құрамында бар екенін тағайындалуы атомдарының күрделілігін бірәінші дәлелдемесі болды.


6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

І. Бекіту сұрақтары:

  1. Атомның планетарлық моделін кім жасаған? (Резерфорд)

  2. Зат неден тұрады? (молекула, атом, протон, нейтрон, электрон)

  3. Атом дегеніміз не? (Бөлінбейтін бөлшек)

  4. Атом заряды қандай? (бейтарап)

  5. Ядроны құрайтын бөлшек туралы не білесің? (протон-оң, нейтрон- нейтрал)

  6. Заттың агрегаттық күйлерінің ерекшеліктерін ата.

  7. Өмірден мысалдар келтіру.


7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. Оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстары: Фотосинтез және фотографиялық процесс

2. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 1117, 1118, 1123, 1126
10. Әдебиеттер:


  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибелері.
ХІХ ғасырдың аяғына дейін атом бөлінбейді деген ұғым қалыптасты. Алайда, ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында физика саласында ашылған радиоактивтілік құбылыс, рентген сәулелері тәрізді жаңалықтар атомның өте күрделі бөлшек екенін дәлелдеді.

1879 жылы Дж.Томсон сиретілген газдарға электр зарядын және фотоэффектіні зерттеу бойынша жүргізілген тәжірибелердің нәтижесінде затты қыздырғанда немесе оны ультракүлгін жарықпен сәулелендірілгенде кез келген химиялық элементтің атомдарының бірдей теріс зарядты бөлшектердің бөлініп шығатынын тағайындады. Осы бөлшектер электрондар деп аталады. Электрондардың электр зарядын алғаш рет Р.Мелликен 1909 жылы тәжірибе жүзінде дәлелдеді және өлшеді. Бұл барлық электрондар үшін бірдей болып шықты. Электронның ашылуы және электрондардың кез келген элемент атомдарының құрамында бар екенін тағайындалуы атомдарының күрделілігін бірәінші дәлелдемесі болды.

Атом құрылысы күрделілігін тағы бір дәлеліне радиоактивтілік құбылысын жатқызуға болады. 1896 жылы француз физигі А.Беккерель уран тұздарымен жүргізілген тәжірибеде уран атомдарының көзге көрінбейтін, қағаз арқылы өтуге қабілетті ептілік, фотопластинаны қарайта алатын сәулелерді шығаратанын тағайындады.

Атомдардың көрінбейтін өткір сәулелердің шығару құбылысын радиоактивтілік деп атайды.



М.Склодовская – Кюри және П.Кюри радиоактивтілік сәулелерді уран атомдарымен қатар кейбірн басқа элемент атомдарының да шығаратынын дәлелдеді. Олар бұрын белгісіз радиоактивті екі жаңа химиялық элементті- радий мен полонийді ашты.

Радиоактивті сәулелердің табиғаты 3 түрлі: альфа, бетта және гамма сәулелері. Альфа – сәулелер гелий иондарының ағымы, бетта – сәулелер электрондар ағымы, гамма – сәулелер толқын ұзындығы 10-11 – 10-13 м шамасындағы электромагниттік сәулелер кванттарының ағыны.

Радиоактивтік ыдырау нәнижесінде бір химиялық элемент атомдары басқа химиялық элемент атомдарына айналады.



Атомның ішінде оң зарядты және массаның таралуының зерттеу үшін 1906 жылы Э.Резерфорд атомды альфа – бөлшекпен атқылауды ұсынды.


1911 жылы ағылшын физигі Резерфорд атомның ядролық моделін ұсынды. Резерфорд өзінің шәкірттері Г.Гейгер және Э. Марсденмен бірге альфа-бөлшектер шоғын өте жұқа алтын фольгадан өткізіп, бірнеше тәжірибелер жасады. Осы тәжірибелерді зерделеу нәтижесінде атомның ядролық, басқаша айтсақ, планетарлық моделі өмірге келді.

Тәжірибе барысында өте жұқа (l=6*10-7 м) алтын фольганы энергиясы 7,68 МэВ жылдам альфа бөлшектермен атқылаған. Қорғасын контейнердің түбінде орналасқан 21484 Ро радиоактивті элементтен шыққан альфа-бөлшектердің жіңішке шоғы алтын фольгадан өткенде шашырайды, яғни алғашқы бағытынан ауытқиды. Ол кезде альфа-бөлшектердің оң заряды (2е) гелий иондары екені белгілі болатын. Фольгадан шашыраған альфа-бөлшектердің қаншасы қандай бұрышқа ауытқығанын есептей отырып, осы ауытқуларды тудырған нысана-атомдардың құрылымы анықталады. Фольганың қалыңдығы өте аз болғандықтан, одан өткенде әрбір альфа-бөлшек тек бір атоммен ғана әсерлеседі, яғни бір-ақ рет шашырауға ұшырайды деп есептеуге болады. Шашыраған альфа-бөлшектер күкіртті цинкпен (ZnS) қапталған экранға келіп соғылады. Күкіртті цинк молекулаларының альфа-бөлшекпен соқтығысқанда сәуле шығаратын қасиеті бар. Сондықтан экранның альфа-бөлшек соғылған жерлерінде сцинтилляция, яғни өте әлсіз жарқыл байқалады. Тәжірибенің мақсаты берілген уақыт аралығында байқалатын жарқылдардың φ ауытқу бұрышына тәуелділігін анықтау.

Тәжірибенің нәтижесінде альфа-бөлшектердің басым көпшілігі фольгадан өткенде алғашқы бағыттан ауытқымайтыны (φ≈1 – 2°) анықталды. Бұл нәтиже, негізінен, Томсон моделіне сүйеніп жасалған есептеулермен дәл келді. Бірақ, альфа-бөлшектердің мардымсыз аз бөлігі 90°-тан артық бұрышқа ауытқитыны, яғни олар фольгаға соғылып, кері бағытта ұшатыны таңдандырды. Сегіз мыңға жуық бөлшектердің біреуі ғана осындай үлкен бұрышқа ауытқиды екен! Мұны Томсон моделі негізінде түсіндіру тіпті мүмкін болмады.

Тәжірибеде алынған нәтижелерді зерделей отырып Резерфорд өз моделін ұсынды. Ол атомның оң заряды оның ортасында орналасқан радиусы шамамен 10-15 м өте аз көлемге жинақталған деген қорытындыға келді. Бірақ орталық бөлшекті Резерфорд ядро деп атады. Атомның массасын түгел дерлік ядрода шоғырланған. Ядроны айнала әр түрлі орбиталармен электрондар қозғалып жүреді. Бұл үлгі Күн жүйесінің құрылымына ұқсайтын болғандықтан, оны атомның планетарлық моделі деп те атайды. Модель бойынша атом көлемінің басым көпшілік бөлігі «бос» болып шығады, ядроның радиусы атомның радиусынан 100000 есе кіші. Орбиталардағы электрондардың теріс зарядтарының қосындысы ядроның оң зарядына тең, атом электрлік бейтарап.



Атомның ішіндегі бос кеңістік «өте үлкен». Сондықтан, фольга арқылы өткенде альфа-бөлшектерінің көбі ядродан алыс өтеді де, шашырамайды. Электрондар альфа-бөлшектен 8 мың еседей жеңіл болғандықтан, оның қозғалыс траекториясын өзгерте алмайды. Тек ядроға тікелей қарсы келіп қалған альфа-бөлшектер ғана онымен әсерлесін, кері ұшады. мұндай бөлшектер саны ядро радиусының атом радиусына қатынасымен анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет