Басы
Ұйымдастыру кезеңі
5 мин
Ортасы
Жаңа сабақтың тұсаукесері
6 мин
Жаңа сабақ
7 мин
Жаңа сабақты пысықтау
14 мин
Соңы
Қорытынды
10 мин
Рефлексия
2 мин
Үйге тапсырма
1 мин
|
Сыныпта жағымды ахуал туғызу.
Топқа бөліну: киік,қасқыр,құралай суреті арқылы
« Кір жаятын жіп» ойыны арқылы өткен сабақты бекітеміз.
Топқа жеке сөздер бөліктері беріледі.Сол бойынша сөйлем құрау
1 – топ Мұғалім оның ұқыптылығын, тазалығын үлгі етті.
2 – топ Мұхтар үрейі ұшқан күшікті құтқарып қалды.
3 – топ Анасы Мұқтардың іс- әрекетіне қолдау көрсетті.
(Үш шапалақ арқылы бағалау)
Бейнебаяннан киік көрсетіледі.
Бейнебаяннан нені көрдіңдер? (киікті көрдік)
Осы бейнебаян арқылы киіктің тіршілігі туралы не білдіңдер?
Қандай пайдасы бар екен? (етін жейміз)
Киікті не себепті қорықтарда ұстайтын болды? Түсіндір. ( Олардың саны азайып бара жатыр)
Киік туралы бұрын естіген немесе оқығаның бойынша оны қалай суреттер едің?
( Момын,қу)
-Тағы кім суреттейді? (қойға ұқсас жануар)
Сұрақтар арқылы тақырыпты ашамыз.
Керек дерек:Киік туралы қосымша мәлімет беру
Киік – киелі жануар
Оны Ақбөкен деп те атайды.Қазақтар киік деп атайтын, ақбөкен деп жазатын түз тағысы – шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Ауа – райына, жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын кейде ауыстырып отырады. Олар көктемнің кеш туатынын, қыстың қарлы ,боранды, суық болатынын алдын-ала болжап біледі, соған сәйкес тіршілік етеді. Киіктер жұп тұяқтылардың ең өсімталы, жылына бір рет лақтап, өсіп – өнеді. Лақтарын – құралай деп атайды. «Құралайдың салқыны» - табиғат – ананың киіктердің лағын ширатып, тіршілік етуге қадам бастырып, тәрбиелейтін қатал да ізгі мінезі. Түз тағысы өсімдіктердің сексеннен астам түрлерімен қоректенетіндіктен оның етінің түрлі ауруларға емдік қасиеті бар. Ең бастысы, енесі өлген лақты киіктердің кез – келген ұрғашысы емізіп, аштан өлуіне жол бермейді. Дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін бұрын кәсіптік маңызы бар жұп тұяқты жануар саналатын- ды.
Қазіргі уақытта құнды дәрі жасау үшін – мүйізі мен тұяғын пайдаланады.
Ә.Қоңыратбаев туралы айтады
Әуелбек Қоңыратбаев
↓
1905 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген
Әдебиет зерттеуші, сыншы, ғылым докторы
Педагогикалық оқу орнында қызмет атқарған
«Сұр көжек», «Ғ. Мұратбаев туралы естелік, «Қозы Көрпеш»жырын. «Қорқыт ата кітабын» қазақ тіліне аударған.
Әңгімені толық оқиды.
Түртіп алу жүйесі арқылы сөздік жұмысы жүреді.
Таяқ сілтем жер – жақын жер.
Діңкесі құрыған – шаршаған, қалжыраған.
Мәтін үшке бөлініп беріледі,сол бөлімге тақырып қою ұсынылады.
Жұпта,топта талдайды,постерде қорғайды.
1.Қорғану жолы
2.Шаршаған қасқырлар
3.Киіктің амалы
( Күлдіргіштер арқылы бағалау
топты бағалау парағы арқылы бағалау)
Құзырлылық тапсырма алынады. (жеке жұмыс ретінде)
Киіктің пайдасы
Киіктер түз тағысы, киелі жануар . Адамдар олардың пайдасын біліп, көптеп атып ала бастады. 1921 жылдан бастап киікті аулауға тыйым салынды. Сонда да киікті ату тоқтамады.
Не себепті киікті атып алады?
1
|
Оның етін алу үшін
|
Ия жоқ
|
2
|
Асырап , бағу үшін
|
Ия жоқ
|
3
|
Мүйізі мен тұяғы үшін
|
Ия жоқ
|
Ескерту: әр жауапты түсіндіру ( неге «ия», неге «жоқ»)
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Табыс ағашы
Әңгімелеу
|
Суреттер
Сөздері бар конверт
АКТ
Слайдтар
Оқулық
Стикерлер
бейнебаян
|