Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы: Ұзындыққа секіру әдіс тәсілдері Сабақ мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі44,07 Kb.
#28348
түріСабақ
Тақырыбы:

Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Ұзындыққа секіру әдіс тәсілдері

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың дене тәрбиесіне деген белсенділігін,қызығушылығын арттырып,оларды

салауатты өмір салтына насихаттап, жауапкершілікке тәрбиелеу.

  1. Ұзындыққа секірудің ережелерін, жүгіру техникасын және техника қауіпсіздігін үйрету

арқылы оқушылардың іскерлігін арттырып, дағдысын қалыптастыру

  1. Оқушылардың ептілігін шапшаңдығын дамыту

Сабақ типі: Аралас Сабақтың түрі: Жаттығу Өтілетін орны: Спорт алаңы

Керекті құрал-жабдықтар: Рулетка, ысқырық, жалауша


Сабақ мазмұны

Уақыты реті

Әдістемелік нұсқаулар

I.Кіріспе дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу.Кезекшінің мәліметін қабылдау.

Амандасу,түгендеу.

Саптағы жаттығулар:Оңға,солға,артқа бұрылу.

Жүріп жасалатын жаттығулар:аяқтың ұшына,өкшеге,ішкі ж/е сыртқы қырымен,отырып,секіріп.

Жүгіріп жасалатын жаттығулар:тізені жоғары,өкшені артқа көтере оң ж/е сол жақ жанымен

Ж.Д.Ж. қозғалыста ж/е орнында.

А)Бастапқы қалып.Оң қол жоғарыда.

1-2 қолды алдыға сермеу 3-4 қолды артқа сермеу

Б)Бастапқы қалып екі қол иықта

1-4 алдыға айналдыру 5-8 артқа айналдыру

В)Бастапқы қалып,қол белде,аяқ иық кеңдігінде

1.Басты оңға солға қисайту 2.Басты алға артқа қисайту

Г)Бастапқы қалып қол белде аяқ иық кеңдігінде

1.Қолды алдыға созып отыру 2. Бастапқы қалып

Д) Бастапқы қалып:Қол тізеде,аяқ иық кеңдігінде

1-4 тізені ішке айналдыру 5-8 тізені сыртқа айналдыру

Сабақ мақсатын түсіндіру.




12-15мин

1

1



1

3-4 рет


20-25 м
20-25 м
4-5 рет
3-4рет
4-5 рет

4-5 рет
4-5 рет




Оқушылардың спорт киімі оның тазалығына жалпы сабаққа даярлығына баса назар аудару

Берілген бұйрық бойынша орындау керек

Қатардан шықпау керек.

Жүгіргенде қолдың үйлсімді қимылдауын жіті қадағалау


Оқушылардың жаттығуды дұрыс орындалуын қадағалау

Көзді жұмбау


Шынтақты тізеге тигізбеу
Тізені бір-біріне тигізбеу


II.Негізгі бөлімі
Арнайы секіру жаттығулары:

Сол аяқты оң қолға, оң аяқты сол қолға жеткізу.

Бір орында тізені биік көтеріп жүгіру.

Бір орында тұрып, бір аяқты алға сілтей, екінші аяқпен серпіле секіру.

Аяқты қайшылау әдісімен биіктікке секіру
Тақырып бойынша оқушыларға түсіндіріп беру,

үйрету, көрсетіп беру.




  1. Екпін алып ұзындыққа секіру.

Екпін алу,итерілу ,ұшу,жерге түсу секілді секіру фазалары бойынша біріккен элементтерді орындау техникасы.Жек нәтижелерді есепке ала отырып, 5-7 және 7-9 адымнан екпін алып толық үйлесімділікте секіруді орындау.

Секіру төрт жаттығу жиынтығынан тұрады.

Олар:1.Екпіндей жүгіру.

2.Серпілу.

3.Алға ұмтылу (ауада қалықтау).

4.Жерге түсу.

Ұзындыққа секіргенде серпілетін аяқ сәл бүгіліп,және соңғы жасаған адымымыз екпінмен жүгіріп келе жатырғандағы адымға қарағанда кішілеу жасалады.

Серпілген аяқ жерден көтерілгенде толық жазылуы тиіс.

Оқушыларды кезек-кезек секіріп жаттыға дамытамыз.
2 Бір орыннан ұзындыққа секіру.

Екі аяқ ұшы бір сызық бойына тұрады. Бұйрық бойынша қос аяқпен итеріле алға секіру. Жерге түскенде аяқты алға соза түсу және алға қарай ұмтылу.


3 Биіктікке секіру.

Көлденең кермеден бір орында тұрып секіруге жаттығу.

Екі-үш адым жасап кермеден секіруге жаттығу.

Жеті-сегіз қадам жерден сеіруге жаттығу.


Екі топқа бөліп «Қозғалмалы ойындар» ойнау.

Үйге тапсырма беру.


2рет


2рет

2рет


2рет

13-15 мин

3рет

7-8 мин


2-3 рет

5-7 мин


2-3 рет

Техника қауіпсіздігін қатаң сақтау

Секіру кезінде басқа оқушы секірушінің алдынан көлденең кесіп өтуге болмайды
әр топқа жетекші тағайындау

Оқушылар кезекпен секіреді.

Оқушының секіру мүмкіндігіне қарай биіктікті жоғарылату.


III.Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу. Дем алуға арналған жаттығулар жасау.

Сабақты қортындылау.

Оқушыларды бағалау.

Қоштасу.


2-3 мин

Сабақтың өтілгені туралы ескертулер жасау.



Оқушылардың бағаларын айту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет