Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тағамым. Сабақтың мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі31,66 Kb.
#44001
түріСабақ
Қазақ тілі


Сынып :

4 «Б»

Күні:

23.01.2015ж

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тағамым.

Сабақтың мақсаты:

Жалпы тағамдар туралы түсініктеріне қайталау.Жаңа сөздіктермен танысу арқылы оқушылардың сөз байлықтарын дамыту. Тақырып көлемінде жұмыс істей отырып, мәтінді мәнерлеп оқып, нақты сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Топта жұмыс істеу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артады, бірін-бірі тыңдауға қалыптасады, берілген мәтіндерді оқу барысында мәнерлеп оқу қабілеттері артады, сұрақ- жауап арқылы еркін сөйлеуге дағдыланады



Табыс критерийлері:

  • Жалпы тағам туралы түсініктері молаяды.

  • Оқушылар жұмыс дәптерiмен және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды біледі;

  • Оқушылар жаңа сөздердің ұғымдарының мағынасын біледі.

  • Сөйлесім бөлімде сөздікті қолданып алған білімдерімен пысықтайды.

Ресурстар:оқулық,үлестірмелі қағаздар, интерактив тақта..

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)

 Амандасу. Сабаққа психологиялық әзірлік.



Армысың алтын күн

Армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос,

Міне ,меніңқолым!

  • Оқушыларды түгендеу; топқа бөлу (тағам суреттеріне байланысты топқа бөлінеді, сурет астындағы міндетіне байланысты, омырауына тағып алып, топ ішіндегі қызметіне кіріседі)

  • Қажет ресурстар тарату;(бағалау парағы, т.б.)



ІІ. Өткен материалды қайталау: (7 мин)

Түстер арқылы тапсырмалар орындау.

Қызыл түс:

Жасыл түс:

Сары түс:

(бағдаршаммен бағалау)
Дәптермен жұмыс.

Балалар, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық Анеля сөз кезегі сенде.



Көркем жазу

Ғғ

дәмді тағам

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау: (15 мин)

Қазір біз мына мәтінмен жұмыс жасаймыз:

Асыл сөз.

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалағандеген сөзді әрбір қазақ жақсы біледі. Қазақ халқы адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың2 бәрінен де жоғары қойған. Асты құрметтеу1 мен бағалаудың3 жолын да, оны дәмді етіп дайындауды да жақсы білген.

 сөздік жұмысы.

Жоғары бағалаған – высоко ценили



Арқауы – сила

Құндылықтардың – ценностей

Құрметтеу – уважение

Бағалаудың - оценивания

Дәмді етіп – вкусным

(оқушылар жаңа сөздерді іздену әдісімен мағынасын ашып,)(бағалаушы өзі санмен бағалайды )

СЕРГІТУ СӘТІ:

Тапсырма:

Мәтінді абзацқа бөлу, топтарға беру. Жигсо әдісі

Балалар сендер қазір мәтінмен жұмыс істей отырып, белгіленген сөздерге дәптерлеріңе грамматикалық тапсырмалар орындайсындар.



  1. топ. Ұлт тағамдарының негізі –сүт тағамдары. Сүт1 тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүт тағамдарының қоректік қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы. Сүттен қымыз, шұбат, қатық,май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран,уыз сияқты тағамдар жасаған.

  2. Топ.Қазақ халқы еттен түрлі тағамдар жасаған. Ет тағамдары: шұжық, қуырдақ2, т.б. Ет тағамдарының ең дәмдісі де, қадірлісі де бесбармақ немесе қазақша ет. Бұл тағам сыйлы қонаққа барлық салт дәстүрмен алдына тартылады. Еттен тағы да палау, мәнті, түшпара, бәліш істеуге болады.

  3. Топ.Қазақ халқы «Дәнді шашпа, нанды баспа», «Жерде жатқан бидай дәнін көрсең, түйенің үстінен еңкей де теріп ал»- деп нанды аса құрметтеген. Ұннан жасалатын тағамдар : бауырсақ, шелпек,құймақ3,таба нан,жайма, күлше т.б. Бұл тағамдардың барлығын ысырап етпей пайдалана білген жөн.

(әртопқа үш түрлі мәтін беріледі, топ мүшелері бір – бірімен ақылдасып, класстер құрып шығарады. Оны топтың баяндаушысы шығып қорғайды.)(топ тар бір бірін бағдаршаммен бағалайды)

Дәптермен жұмыс.

Әр топ шығарған түйінді сөйлемдерді барлық оқушылар дәптерге жазып алады.

Сүт фонетикалық талдау

Құймақ буынға бөлу

Нан септеу

(мұғалім бағалауы)

V.Пысықтау: (5 мин) жұптық жұмыс


Досыңның үйінде, су берсе де ішіп кет

В гостях у друга и воду подадут – пей

Ас үстіненаттама, астанүлкенемессің.

Не шагай через блюдо с едой.

Ас тұрғанжерде ауру тұрмайды.

Где пища водится, там болезнь не заводится.

Алтын,күміс –тасекен, арпа, бидай-ас екен.

Ячмень и пшеница –пища, золото и серебро-металл


(смайл арқылы бір бірін бағалау, бағалаушы қадағалап параққа түсіреді.)

VІ.Үй жұмысын беру: (1 мин)

«Менің сүйікті тағамым» эссе жазу.

VII. Рефлексивтік есеп. Кері байланыс (4 мин)

Оқушыларға стикерлерді тарату: 



21!

А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия
Деңгейлік курстан (3 деңгей) өткен педагог арасындағы тәжірибе алмасу мақсатындағы семинарда өткізілген

Тақырыбы: «Менің сүйікті тағамым»

Пән мұғалімі: Нургалиева Б.Г.

Арқалық 2015 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет