Тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі
|
Мектеп:№46 ЖОББМ
|
Күні: 25.10.16 ж
|
Мұғалім: Утебалиева Гулбарам Магжановна
|
Сынып: 1 «а»
|
Қатысқаны:28
|
Қатыспағаны:
|
Сабақта меңгерілетін дағдылы мақсаттар
|
1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.3.12.1. Жазу жолын,жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі
сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
|
Табыс критерийлері
|
Барлық оқушылар білуге тиісті:
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіруді біледі
|
Оқушылардың көпшілігі:
Буындап оқу және жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады
Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін жазады
|
Кейбір оқушылар:
Шағын мәтіндегі негізгі оқиғалардың мәнін түсініп, ретін анықтап және сөздерді тұтас түсініп оқи алады
|
Тілдік мақсаты
|
Дыбысталуы бірдей,мағынасы әртүрлі болатын сөзбен танысады,мағынасын ажырата алады.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Р р дыбысы, әрпімен танысқан
|
Күтілетін нәтиже
|
Тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударылады, дарындылық қырлары ашылады, дүниетанымы артады, білімі кеңейеді.
|
Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер
|
Оқулық, кеспе қағаздары, ватман, стикер, маркер, Т дыбысы мен әрпіне байланысты көрнекіліктер, әріптің жазбаша және баспаша таңбасы, электронды оқулық.
|
Сабақтың барысы:
|
Уақыт
|
|
Жоспарланған іс - әрекет
|
Дерек көздері
|
3минут
|
Қызығу-шылықтарын ояту
|
Кел, жаныма тұр, сыныптас
Алақаныңды маған тос.
Міне менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос.
|
Мұғаліммен бірге қайталайды.
|
5минут
|
Білу
|
(МК) Жұмбақ (бейнетаспа)
Қыт-қыт етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына
Ақ доп тастап кетеді.
Тауық-курица-a hen
Тауық сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
Тауық сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
«Айна ойыны» Т дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
Т-ны айтқанда тіліміз қайтеді? Кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр. Ендеше Т қандай дыбыс? Балалар бір-біріне қарап Т дыбысын дауыстап айтып көреді. Оның қалай айтылатынын,қандай дыбыс екенін ақылдаса отырып анықтайды.
|
бейнетаспа
|
7минут
|
Түсіну
Тыңдалым
|
-Әли, мен бүгін мектепке барар жолда жасырынған сөздерді таптым.
-Жасырынған сөздер? Қалай таптың? Қандай сөздер?
-Оны менің жол бағыты сызбамнан таба аласың?
Суреттердің көмегімен жасырынған сөздерді тауып оқыту
Ат, ата, ор,тон, ал, тал
|
Аудио үнтаспа
|
7 минут
|
Қолдану
Оқылым
|
«Ойлан» тапсырмасы жұптарға суреттер үлестіріледі.
Тауық, тас, етік, үтік, от, алмұрт, тарақ, тамшы, тау сөздерінің ішінен т дыбысының орнын анықта.
Берілген буындардан сөз құрап, тұтастай дұрыс оқуларын қадағалау
Ат та ата тана тара
|
Үлестірмелі буындар
|
3 мин
|
Сергіту сәті
|
Қане, сапты түзейік
Тіземізді бүгейік
Ыршып алға түсейік
Ыршып артқа түсейік
Шегірткеше ыршиық,
Ыршып ,тыншиық
|
|
7 минут
|
Жазылым
|
Т т әрпінін жазылуымен таныстыру. Дәптердегі әріп әлементтерін, әріптің жазылу үлгісін дұрыс толтыруларын қадағалау. Берілген тапсырмаларды орындау.
|
Жұмыс дәптері
|
3 минут
|
Рефлексия
Бағалау
|
-Мен бүгін өзімді мақтай аламын, себебі ...
-Мен сыныптасымды мақтай аламын, себебі ...
-Мен бүгін өз ұстазымды мақтай аламын, себебі ...
Смайликтер
|
Оқу үшін келгендігін айтады
|