Сабақ жоспары сыныбы Күні І. Сабақтың тақырыбы



Дата13.02.2017
өлшемі70,74 Kb.
#9332
түріСабақ
Сабақ жоспары

..........8..........сыныбы

Күні..........................

І. Сабақтың тақырыбы: Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфаайналымы. Қанның тамырлардың бойымен қозғалуы. Қанның артериялық қысымы. Миокард инфаркті. Тамырдың соғуы (пульс). Организмде қанның қайта таралуы.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға қан тамырларының түрлері мен олардың ерекшекліктері, үлкен және кіші қанайналым шеңберлері мен олардың маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық.Оқушылардың қанайналым жүйесі туралы білімдерін толықтыру, дүниетанымдығын арттыру.

Тәрбиелік:Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі : Аралас

IY.Сабақтың әдісі: Ой қозғау, мағыны тану,кесте толтыру. СТО технологиялары, венн дмаграммасы, т. б.

Y. Пәнаралық байланыс: химия, математика

YI. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық, тірек- сызба.
YII. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу

Зейіндерін сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Биологиялық диктант.

1. Организмде зат алмасуды қамтамасыз етіп, қан тамырлары жүйесінде қанның үнемі айналыста болып тұруын .......... дейміз.

2. Қарынша мен құлақша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлімді .......... деп атайды.

3. Жүректің жұмысын зерттейтін ғылымды ........ деп атайды.

4. Ересек адамның жүрегінің салмағы ........ неше грамм болады ?

5. Жүректің бұлшық етін ........ деп аталады.

6. Жүрек бұлшық етінің жиырылып, босаңсуын .........немесе..........деп атайды.

тест 1-нұсқа

1. Қанның ядросыз қызыл түйіршіктері қалай аталады?

А) лейкоциттер ә) эритроциттер б)тромбоциттер в)лимфоциттер

2. Қан ұйымайтын ауру қалай аталады? А) қаназдық ә) анемия б) гемофилия в) дистрофия

3. Эритроциттердің 1мм³ қан көлеміндегі мөлшері

А) 4,5-5млн ә) 250-400мың б) 6-9млн в) 0,9%

4.Тромбоциттер өзінен қандай заттарды бөліп шығарады?

А) протромбин ә) фибрин б) гемоглобин в) серотонин

5. Жүректің ішкі жағын астрлайды........

А) эндокард ә) эпикард б) миокард в) перикард

6. Қан беруші адам..........

А) реципиент ә) донор б) пациент в) гипоксия

7. Фагоцитоз құбылысын зерттеген ғалым

А)Э.Геккель ә) Сеченов б) Мечников в) Павлов

8. Ересек адамның жүрегінің салмағы қанша?

А) 300гр ә) 500гр б) 200гр в)1500гр

9. Жүректі емдейтін маман дәрігер

А) эндокринолог ә) лор б) кардиолог в) терапевт

10. Ірі ядроды қан клеткалары бар қан жасушалары

А) эритроциттер ә) тромбоциттер б) лимфоциттер в) лейкоциттер

ІІ нұсқа

1. Организмде зат алмасуды қамтамасыз ететін қан тамырлары жүйесінде қанның үнемі айналыста болып тұруын... ......... д.а.

а) қанайналым ә) зәршығару б) тынысалу в) көбею

2. Жүректің бұлшық етінің жиырылып, босаңсуы...........д.а.

А) босаңсу ә) жиырылу б) ырғақтылық в) қанайналым

3. Ересек адамның жүрегінің салмағы неше грамм?

А) 200гр ә(500гр б) 1500гр в) 300гр

4. Жүректің жұмысын зерттейтін ғылым

А) эндокринология ә) кардиология б) терапия в)онкология

5. Жүректің ортаңғы бұлшық ет қабаты

А) эпикард ә) миокард б) эндокард в) педикард

6. Адам ағзасында неше литр қан болады?

А) 4,5-5л ә) 5-6л б) 6-7л в) 7 -8л

7. IV топтың қанын қандай топқа құяды?

А) І-ІІ ә) ІІ-ІІІ б) І-ІІІ в) ІV

8. Қанда протромбин ақуызының түзілуіне әсер ететін дәрумен

А) А ә) Д б) К в) С

9. Ағзаның қорғаныштық қаситке ие болуы

А) иммунитет ә) фагоцит б) лимфоцит в) гемоглобин

10. Қанды қабылдаушы адам

А) донор ә) реципиент б) иммунитет в) фагоцитоз

Тест жауаптары:

І нұсқа ІІ нұсқа

1-ә 1-а


2-б 2-б

3-а 3-в


4-в 4-ә

5-а 5-ә


6-ә 6-а

7-б 7-в


8-а 8-б

9-б 9-а


10-в 10-ә

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

А)Қанайналымның үлкен шеңбері

Сол жақ жүрекшеден артерия қаны—сол жақ қарынша-қолқа-барлық мүшелер мен ұлпалар- жүрекке бағытталады.

Қанның сол жақ қарыншадан барлық мүшелер мен ұлпаларға, оң жақ жүрекшеге қозғалуы қанайналымның үлкен шеңбері деп аталады.

Б)Қанайналымның кіші шеңбері

Оң жақ жүрекшеден вена қаны –оң жақ қарыншаға—өкпе артериясы-өкпе капилляры- өкпе венасы—сол жақ жүрекше.

Қанайналымның кіші шеңберінің артериясында вена қаны,венада артерия қаны ағады.

Қанның оң жақ қарыншадан өкпеге,одан сол жақ жүрекшеге қозғалуы өкпе немесе қанайналымның кіші шеңбері деп аталады.

2.Кітапты оқып, флипчарттағы тапсырманы орындау.


  1. Қанайналымның үлкен шеңбері (сол жақ қарыншадан)

басталады және (бүкіл денеге таралып,оң жақ жүрекшемен )аяқталады.

  1. Үлкен шеңбердің артерияларында (оттегіне)қаныққан

( артерия) қаны ағады.

  1. Үлкен шеңбердің веналарында ( көмірқышқыл газына) қаныққан

( вена) қаны ағады.

  1. Қанайналымның кіші шеңбері ( оң жақ қарыншадан)

басталады және (өкпеге барып, сол жақ жүрекшемен) аяқталады.

  1. Өкпе капиллярында қан (көмір қышқыл газын ) беріп, (оттегімен) қанығады,вена қаны ( артерия) қанына айналады.

  2. Қанайналым 23 сек созылады.

ІV.Тақырыпты бекіту.Сәйкестігін табу

1.Үлкен қан айналым шеңбері басталады

2. Үлкен қан айналым шеңберінде қан таралады

3.Кіші қан айналым шеңбері басталады

4.Үлкен қан айналым шеңбері аяқталады

5. Кіші қан айналым шеңбері аяқталады

6. Кіші қан айналым шеңберінде қан барады

7. Үлкен қан айналым шеңберінде артерияда ағады

8. Кіші қан айналым шеңберінде артерияда ағады

а) оттегіне қаныққан қан

ә) оң жақ қарынша

б) сол жақ қарынша

в) бүкіл ұлпалар мен мүшелерге

г) оң жақ жүрекше

ғ)сол жақ жүрекше

д) өкпеге барады

е)көмір қышқылына қаныққан қан

2топ. Қан айналым шеңберлерін салыстырыңдар.



Қан айналым шеңберлері



Кіші қанайналым шеңберлері


Үлкен қанайналым шеңберлері

1.Семантикалық карта



а/с

Қан қысымы

Қанның артериялық қысымы


Қанның тамырмен қозғалуы


қан қысымы


Өкпе артерия

капилляр

вена

қолқа


Арте

рия


Капи

ляр


қалыпты

жоғары


Төм

ен


1

2

3



5мм с/б

22мм с/б


150мм с/б




























4

5

6



5м/сек

0,5м/сек


0,25м/сек




























7

8

9



150мм с/б

120-80мм с/б

70-80мм с/





























Жауабы 1б 2в 3ә 4г 5ғ 6д 7а 8е



V.Үйге тапсырма беру. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфаайналымы. Қанның тамырлардың бойымен қозғалуы. Қанның артериялық қысымы. Миокард инфаркті. Тамырдың соғуы (пульс). Организмде қанның қайта таралуы.Оқу ,мазмұндау, сұрақтарға жауап беру, тақырып бойынша тест.

VІ. Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет