№21 САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сыныбы
|
|
|
|
Сабақтың өткізілетін күні
|
|
|
|
Пән аты: Биология
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің гүлдеуі мен тозаңдануы.Тозаңданудың түрлері
Оқыту әдісі: Баяндау, дәстүрлі,сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану,зоология
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Өсімдіктердің гүлдеуі мен тозаңдануы жайлы білімді қалыптастыру, биология пәні бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
2. Тәрбиелік : адамгершілік тәрбиесін беру, еңбекке тәрбиелеу, экологиялық мәдениет пен эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
3. Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, жалпы қабілеттілікті дамыту, ерлікті дамыту, қабілеттілікпен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңе білуге тырысу. Танымдық қызығушылықты дамыту, сезімді дамыту.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Ламинатталған суреттер, сызбанұсқалар, кестелер,
Сабақтың құрылымы мен мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу,сынып дайындығын тексеру, сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру
ІІ.Оқушыларға өткен тақырып бойынша білімін тексеру: барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындалғанын тексеру, жекеленген тапсырманы орындамау себептерін анықтау.
Тексеру әдісі:Ауызша жазбаша.
1. Гүлсерік деген не?
2.Гүлшоғырдың қандай түрлері бар?
3.Күрделі гүлшоғырлар?
4.Гүлді өсімдіктердің маңызы
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру
Түсіндіру әдісі: Ауызша түсіндіру,баяндау, көрнекіліктерді пайдалану
Гүлдеу – гүлді өсімдіктердің бүршігінде гүлшанағының бастамасы түзілуінен бастап гүлсерігімен аталықтарының гүлдеп бітуіне дейінгі кезеңі. Гүлдеу онтогенезінің (жеке даму) өзгеру себебі, өсімдіктің дамуы өсу кезеңінен гүлдеу кезеңіне ауысады. Гүлдеу – ұрықтануды жүзеге асыру, сондықтан Гүлдену кезеңі ішкі жағдайдың өзгеруінен, яғни гүл бастамасын қалыптастыратын фитогормондардың жеткілікті мөлшерде түзілуінен басталады. Өркеннің өсуі конусында алдымен гүл тостағаншасы, содан соң күлтесі, аталықтың тозаң қабы, ең соңында жіпшесі жетіледі. Аталықтары екі шеңберлі гүлде алдымен ішкі шеңберіндегі аталықтар түзіледі. Аналықтың жемісжапырақшасының төменгі бөлімі қарқынды өсіп, жатын пайда болады, содан соң мойны мен аузы жетіледі. Бұл құбылыс гүлшанақтың ішінде жүреді. Гүл алдымен тозаңданып, содан соң ұрықтанады, сөйтіп, гүлдеу кезеңі аяқталады. Көп жылдық өсімдіктер тіршілігін жойғанға дейін жыл сайын гүлдеп тұрады.
Ұрықтану — аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуынан зиготаның пайда болуы. Ал бұл жаңа организмнің бастамасы болып табылады. Ұрықтану негізіне жынысты көбею және ата-анасынан ұрпағына тұқым қуалайтын белгілердің берілуі жатады. Ұрықтану көптеген өсімдіктерге де тән. Оның іске асуына ең алдымен гаметалар дамитын жыныс органдарының түзілуі (гаметангий) әсер етеді. Кейде бұл процесті жыныс процесі деп біріктіріп қарайды. Ұрықтану бактерияларда, көк жасыл балдырларда және саңырауқұлақтарда болмайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныс процесі әр алуан. Кейбір жасыл балдырларда ұрықтану гамета түзбей-ақ екі бір клеткалы организмдердің қосылуы нәтижесінде жүзеге асады (гологамия).
Тұқымды өсімдіктерде антеридий болмайды. Кейбірашықтұқымдыларда және барлық жабықтұқымдыларда архегоний болмайды және жұмыртқа клеткасы аналық өскіншеде болады. Тұқымды өсімдіктерде ұрықтану тек тозаңданудан кейін ғана жүзеге асады (қараңыз Тозаңдану). Спермия түзетін тұқымды өсімдіктерде спермиялар тозаң түтігі арқылы жұмыртқа клеткасына жылжиды. Жабықтұқымдыларда қосарлы ұрықтану жүреді, яғни бір спермия жұмыртқа клеткасымен, ал екіншісі ұрық қапшығындағы орталық клеткамен қосылады. Адам мен жануарларда ұрықтану екі жыныстық гаметалардың қосылуымен (сингамия) сипатталады. Бұларда ұрықтанудың екі маңызы айрықша көрінеді:1.спермияның жұмыртқа клеткасымен қосылуы жұмыртқа клеткасын тыныштық күйден дамуға итермелейді;2.гаплоидты жұмыртқа клеткасы мен спермия ядроларының қосылуы (кариогамия) аталық және аналық тұқым қуалау факторларын біріктіретін диплоидты синкарионның пайда болуына әкеледі.
IV. Жаңа материалды бекіту: (қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар)
Сұрақтар:
1. Гүл,оның жемісі құрылысы мен маңызы
2. Гүлдің негізгі бөліктері:аналығы мен аталығы
3. Өсімдіктердің гүлдеуі мен тозаңдануы
4. Тозаңданудың түрлері
V. Қорытындылау (білімін бағалау): өтілген сабақтың ұғыну сапасы мен деңгейін анықтау және түсінбеген жерлерін түзулеу, жоспарланған сабақ барысын толық ұғынғанына көз жеткізу.
VІ. Үй тапсырмасы: 1. Өсімдіктердің гүлдеуі мен тозаңдануы.
2.Тозаңданудың түрлері
3.Гүл құрылысы-суретін салу
Биология пәнінің мұғалімі: _______ Г.Е.Ускенова
Достарыңызбен бөлісу: |