Тақырыптық – күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, слайдтар, видео, «Ағылшын тілі» оқулығы. Т.Аяпова. Алматы «Атамұра» – 2012 жыл
Жалпы мақсаты:
Жануарлар туралы оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру, оқушыларға жан-жақты білім беру арқылы топтық , ұжымдық жұмысқа жұмылдыру, жануарларды қорғауға шақыру
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақтадағы слайдтар, жануарлар тақырыбына суреттер, үлестірме қағаздар, оқулық.
Әдіс – тәсілдер:
Сұрақ – жауап, топтық жұмыс, диалогтік әдіс, сыни ойлау тұрғысынан ойлауға үйрету элементтері.
Оқыту нәтижесі:
Ағылшын тілінде сөйлемдер құрап үйренеді. Тапсырманы топта талқылап , суретін сала алады.
Түйінді идеялар:
Өз ойларын қорыта білу, түсіндіре білу, тілдесімге жетелегенде жауап бере алу
Сабаққа дайындық:
Сәлемдесу.
Good morning, good morning!
Good morning to you!
Good morning, good morning!
We are glad to see you!
Топқа бөліну: тиін мен сиыр суреттер қиықтарын жинау арқылы
Фонетикалық жаттығу:
Жаңылтпаш:
Three grey geese in a green field grazing.
Тапсырмалар:
Сөздік жұмысы:
Vast-зор, үлкен
Exactly-дәл
Fur-жүн, тері
Feather- қауырсын
Shell-қабық
Scale-қабыршақ
cell- клетка
endanger-қауіпке дұшар ету
rhino-мүйізтұмсық
in danger- қауіпті жағдайда
out of danger- қаупсіз
habitat- табиғи орта
Осы сөздерді аудару, сөйлемдер құрастырту (бірден сөйлемдердің дұрыс – бұрыстығын тексеру, мадақтау, қатесін түзету)
Мәтінді мәнерлеп оқып, қазақ тіліне аудару: (2 жат. 38-39 бет)
About animals
Our planet is home to a vast collection of animals. They live everywhere. Animals are all around us, so it is easy to think that we know exactly what animals are. But some animals have fur or feathers, others have shells or scales, while many have no hard body parts at all. Animals often have eyes, ears and legs.
Firstly, animals’ bodies are made of lots of cells. These cells work together, like a team. Secondly, unlike plants, animals need to eat.
Жануарлар туралы диаграмма толтыру.