Сабақ жоспары тақырыбы: «бауырмалдылық ЖӘне кеңпейілділік»



бет1/5
Дата08.12.2016
өлшемі1,06 Mb.
#3455
түріСабақ
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

АЛАТАУ АУДАНЫ

И.Қ.МАНДОКИ АТЫНДАҒЫ №154 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «БАУЫРМАЛДЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕҢПЕЙІЛДІЛІК»

СЫНЫП: 6 «В»

МҰҒАЛІМ: КОПАБАЕВА М.С.

АЛМАТЫ 2015

Бекітемін:

Мектеп директоры Алмасбаева Қ.Қ.
Мектеп: И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББМ

Күні: 14.11.2015 № 12

Тақырып: Бауырмалдылық және кеңпейілділік

Құндылық : сүйіспеншілік

Қасиеттер: бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік

Мұғалiм: Копабаева М.С. Сынып: 6 «В» Оқушылар саны: 25



Сабақтың мақсаты: оқушыларға бауырмалдылық және кеңпейілділік ұғымдарының мәнін кеңінен аша отырып, жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту.

Міндеттері:

  • Оқушылардың бір-бірін жақсы көру, бауырмалдылық татулық түсініктерін кеңейту;

  • Кішіпейілділік, кеңпейілділік қасиеттерін дамыту;

  • Ізгілікке, бауырмалдылыққа, кеңпейілділік аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.



  • Топқа бөлу:

  • Суретшілер

  • Ақындар

  • Жазушылар

  • Әртістер

  • 5 «Т» ережесін еске түсіру:

  • Тәртіп

  • Талап

  • Тазалық

  • Татулық

  • Тыныштық




  1. Тыныштық сәті

Орманға ойша серуен.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


  • Балалар тыныштық сәті ұнады ма сіздерге?

  • Тыныштыққа келе алдыңыздар ма?




Ресурстар: слайд, үн таспа,стикерлер, ақ парақшалар, түрлі түсті қарындаштар,



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

43-46 беттер аралығындағы м.мағауиндің «Бір атаның балалары» повестінен үзінді оқу.



  • Әңгіменің басты мағынасы, мәні неде?

  • Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңыздар ?

  • Сендердің ойларыңша ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?

  • Зигфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?


Қорытынды: балалар байқағанымыздай, бұл әңгімеден қазақ халқының бар ұлттың өкілдерін бөліп жармай, бауырына басып бауырмалдылық, кеңпейілділік таңытқанын көруге болады.


Сабақ барысын талқылау:

  1. Жағымды ой-пікір



Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.

Абай құнанбаев

  • Жекелей

  • Топқа бөліп

  • Хормен оқыту.

  • Дәптерге жаздырамыз.

Нақыл сөзден түйген ойларыңыз?                                                     





  1. Оқиға айту.

«Бауырмалдылық жақсы қасиет» бейнебаян

1) Бейнебаянда не туралы баяндалған?

2) Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер?

3) Өздеріңнің бауырмалдылық, кеңпейілділік танытқан кездеріңді естеріңе түсіріп, мысалмен айтып беріңіздерші.








  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.




    1. Әртістер тобы:

Бауырмалдық пен кеңпейілдік туралы көрініс.


    1. Ақындар тобы:

Бауырмалдық, кеңпейілдік сөздерін қатыстырып, бір шумақ өлең құрастыру.


    1. Жазушылар тобы:

«Бауырмалдық, кеңпейілдік» тақырыбына эссе жазу.


    1. Суретшілер тобы:

«Бауырмалдық, кеңпейілдік» тақырыбына сурет салу.





  1. Топпен ән айту.

«Ағаларым»

Орындаушы: Бахтияр Тайлақбаев
Құшағы оттай ыстық сахарадай,

Көңілі алып ұшқан шағаладай

Алдымнан көкем-ай деп шығатұғын,

Сендерді сағындым ғой

Сендерді сағындым ғой, ағаларым!
Қайырмасы:

Қажымас қара нарым,

Кең байтақ даналарым

Күнім деп еркелетер

Аман бол ағаларым
Аңқылдақ айналайын ағаларым

Сағынсам іздеп барар паналарым

Ініңе ізіңдегі қарап жүр деп,

Қалдырған өздеріңді

Қалдырған өздеріңді бабаларым
Қайырмасы:





  1. Үй тапсырмасы.

Жұмыс дәптері 28 бет, 3-тапсырма «бауырмалдық» сөзжұмбағын шешу.







  1. Сабақтың қорытынды сәті

Балалар бүгінгі сабағымыздан алған әсерлерімізді, тілектерімізді стикерге жазып, тілек ағашына ілейік (баяу әуен қойылады).


Қорыта келе, адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы бауырмалдылықты білдіреді. Ол тек қана адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту, оларды жақын санап қамқорлық көрсету, жатсынбау, көпшіл болудан көрінеді. Ал кеңпейілділік адам бойындағы ізгі қасиетті білдіретін ұғым. Кеңпейілділік пен бауырмалдылық адамдарды татулыққа, бірлікке, ынтымаққа жетелейді.

Сабағымыздан үйренген сыйластық, бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік сияқты жақсы қасиеттерімізді бойымызға сіңіріп, барша адамзатқа бауырмалдылық, кеңпейілділік таныта отырып, сүйіспеншілік құндылығын жүрегімізде сақтайық!





«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

(3) ДЕҢГЕЙЛІК БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫСЫ

КОПАБАЕВА МЕИРКУЛДІҢ

ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНЕН 6 «В» СЫНЫБЫНА

«БАУЫРМАЛДЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕҢПЕЙІЛДІЛІК»

ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӨТКІЗГЕН САБАҒЫНА
РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП

Мен Копабаева Меиркул 2015 жылдың 14 қарашасында Алматы қаласы, Алатау ауданы, И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте өзін-өзі тану пәні бойынша 6 «В» сыныбында «Бауырмалдылық және кеңпейілдік» тақырыбында сабақ өткіздім.



Сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері (тыныштық сәті, үй тапсырмасын тексеру, дәйексөз, әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, топпен ән айту, соңғы қорытынды сәт) толығымен қолданылып жүзеге асырылды.

Тыныштық сәтінен алған әсерлері:

Нұрсұлтан: «Мен орманды, көп ағаштарды көз алдыма елестеттім. Құстарды көрдім. Орманның ішінде аңдар, құстар болды. Мен көптеген ағаштарды көрдім. Өзіме ұнаған ағашқа сүйеніп отырмын. Мен өз тілегімді ішімнен айттым. Маған орманда болған қатты ұнады. Көңіл күйім көтеріліп, сергіп, миым тынығып қалды. Жақсы әсер алдым».

Айым: «Маған тыныштық сәті қатты ұнайды. Оймен қалаған жерге барып, қалаған нәрсенді елестете аласың. Мен жасыл орманды көз алдыма елестеттім. Онда әдемі гүлдерді, көбелектерді көрдім. Сіз айтқандай өзіме ұнаған ағашты таңдадым. Керемет әсер алдым, әуенде тамаша әсер етті».

Шығармашылық жұмыс:

Әртістер тобы: Бауымалдылыққа байланысты топпен көрініс қойды. Оқушылар көріністе өз сыныптарына келген орыс ұлты өкілін басында жақтырмағандарын, кейіннен жаңадан сыныпқа басқа қазақ баласының келіп ол оқушымен дос болып, басқа балаларға қателіктерін түсіндіргендері туралы болды. Оқушылар өздерін еркін ұстап ойларын дұрыс жеткізе білді. Әр бала өзіне артылған міндеттерін толық орындап шықты. Олар көріністерін айналайын адамдар әрдайым жүрегіміз сүйіспеншілікке толы болып, бауырмалдылықты, кеңпейілділікті ұмытпайық деп аяқтады.

Суретшілер тобы: ұл мен қыздың бүкіл әлемді алақандарына салып тұрған суретті бейнелеген. Олар суретті қорғағанда, қандай ұлт өкілі болмасын бір әлемде тұрғандықтан бір біріне бауырмал болып, сүйіспеншілік танытуы тиіс деп аяқтады. Жазушылар тобы: эсселерінде бауырмал тек өз туғанын ғана емес, барша адамзат бір-біріне бауыр болуы тиіс деп аяқтады.

Ақындар тобы: Өлең шымақтарын шығарды:

«Бауырмалдық»

Орыс, Қытай болсын мейлі,

Біз бөлмейміз ешкімді.

Ол болсын мейлі басқа елден,

Достасып алу керек оларменен,

Бауырым деп қорғауымыз тағы керек.



Оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастағы маңызды жауаптары:

Алдияр: «Біздің достарымыз қандай ұлт болсада, біз оларды жек көрмеуіміз керек. Біз олармен бауырмашыл болуымыз керек».

Нұрсұлтан: «Бір-бірімізді басқа ұлттарға бөлмей, бауырмашыл болуымыз керек».

Диана: «Ұлттарды бөліп жармау керек».

Досымжан: «Зигмундфрейд бақытқа бөленді, атасы қамқорлығына алды жан-жылуына, сүйіспеншілікке бөленді».

Мақсат: «Орыс, қазақ деп бөлмей, бауырмал болу керек».

Мейірбек: «Адам өзінің бауыры болмаса, басқаларды да өз бауырындай сүю керек». Оларды дінге, ұлтқа бөлуге болмайды».

Нұрлыбек: «Бейнебаянда ағасының інісіне қалай қамқорлық жасағаны, өзі шөлдеседе суды ішпей бауырына беруі керемет әсер етті, мен бұл жерден бауырлардың арасындағы сүйіспеншілікті көрдім».

Оқушылардың сабақ мазмұнына қызығуы, шабыттану сәттері:

Бұл сабақты оқушылар ерекше қабылдады. Мен өз оқушыларымды басқа қырынан көрдім. Олар балалықтарын қойып, өздерін үлкен ересек адамдар секілді ұстап, сұрақтарға кең ауқымды түрде жауап қайырып отырды. Олар бауырмалдылықты тек туған бауыры, аға, іні, қарындас деп қана түсініп қойған жоқ, олар үй тапсырмасын сұраған сәттен бастап олардың ой өрістерінің кең екендігін, олар бауырмалдылық деп барша адамды жақсы көру, сыйлау, сүйіспеншілікпен қарау деп түсінген. Оқушылар құндылықты өздері тауып, бұл құндылықты жүректерімен түсінгендерін, шығармашылық тапсырма барысында анық көрсете білді. Менің сабағымның дәл осылай сәтті, жоғары нәтиже көрсетеді деп ойламаған едім. Ал оқушыларым шыныменде, менің көрсеткен бейнебаянымнан, айтқан әңгімемнен кейін шабыттанып, шығармашылық жұмысында шынайы шабыттанғандықтарын көрсете білді. Шабыттанғандықтары сонша сахналау кезінде шынайы өз сыныбымыздағы әртүрлі ұлт өкілдері бар екендігін ескере отырып, олармен тату тәтті бірге білім алып жатқандықтарын көрсете алды. Мән мағынасы жағынан өте терең жақсы көрініс көрсетті. Ақындар тобы топпен өлең шығарып болғаннан кейін де, өздері тағы да жекелей сабақ соңына дейін өлең шығарып, өлеңдерін оқыды.

Сабақта орындалған және орындалмаған мақсаттар бойнша: бүгінгі сабақта алдыма қойылған мақсатыма толық жете алдым.

Сабақты өзгерту мен жақсарту бойынша ұсыныстар:

Сабаққа қатысқан мектептің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Егіншиева Анар Тұрысжанқызы: «Мен бүгінгі сабақ керемет өтті деп айта аламын. Оқушылар жан- жақты өздерін көрсете білді. Сабақ өз мақсатына жетті. Барлық әдістер өз орнымен. Ұсынысым:оқушыларды алдын ала топқа бөлмей, кәмпиттер тарату арқылы немесе кеспе қағаздар, түрлі-түсті суреттерді таңдату арқылы топқа бөлінсе, әр топ өз ережесін құрып, соңын ортақ топ ережесін 5 «Т» ережесіне сәйкестендіріп, тақтаға жазып қойылса деген ұсыныс болды.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері:

Мусабекова Мақпал: «Маған бүгінгі өзін-өзі тану пәнінен өткен сабақтарыңыз қатты ұнады. Мен бұл сыныпқа ағылшын тілі пәнінен беремін. Оқушылардың шабыттанып сабақтың соңына дейін өлең шығарып оқығандары, көрініс көрсеткендері қатты ұнады. Барлық топ өздеріне берген тапсырмаларды орындады. Ұтымды жауаптар айта білді».

Қалыбекова Данель: «Сабақтан ерекше әсер алдым. Оқушылар сұрақтарға ересек адамдар секілді жауаптар бере алды. Шығармашылық жұмыстары қатты ұнады».

Сабаққа қатысқан пән мұғалімдері оқушыларға керемет, қызықты сабақ үшін алғыстарын білдіріп, оқуда тек сәттілік тіледі.

Өзін –өзі тану сабағынан кейін оқушылардың әрекеті мен мінезінде байқалған өзгерістер:

Диана: «Мен бүгінгі сабақтан өзіме жақсы көңіл-күй, көңілді әрі қызықты сабақ алдым».

Алдияр: «Мен осы сабақтан басқа ұлттардың балаларына бауырмашалықпен, сүйіспеншілікпен қарау керек екендігін білдім».

Зарина: «Мен бұл сабақтан түйгенім, адамдар бауырмал болуы керек».

Спандияр: «Өте жақсы өтті деп ойлаймын. Әрдайым осындай көңіл-күймен жүру керек».

Анель: «Мен осы сабақта бауырмалдылық пен сүйіспеншілікті жүрегіме алдым».

Сыныпта өзге ұлт оқушылары болғандықтан олар бір-біріне осы уақытқа дейін сен ұйғыр немесе татарсын деп кемсіткен емес. Осы сабақтан кейін олардың арасындағы бауырмалдық сезімі арта түседі деп ойлаймын. Оқушылар сабақ аяқталғаннан кейін сыныптың ішін жинастырып, көмектесіп, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Оларға сабақтың қатты ұнағандығын айтты. Алдағы уақытта да осындай сабақтар өтілсе екен деген тілектерін білдірді.



Мұғалім: Копабаева М.С.

Өзін – өзі тану пәнінен 6 «В» сыныбына

«Бауырмалдылық және кеңпейілділік»

тақырыбы бойынша өткізген сабағынан суреттер



Каталог: uploads -> doc -> 0908
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0908 -> Сабақ барысы: Шаттық шеңбері
0908 -> Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі. Биосферадағы тұздар гидролизінің маңызы. Сутектік көрсеткіш. Сабақтың мақсаты
0908 -> Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. а Сәлемдесу. ә Оқушыларды сабаққа бейімдеу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет