Сабақ жоспары тақырыбы: Ыдыс аяқ Білім беру саласы



Дата04.07.2018
өлшемі24,63 Kb.
#46987
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы,

«Парасат» мектеп-лицейі,

Шағын орталық тәрбиешісі

Абишева Динара Шаяхметовна


Сабақ жоспары тақырыбы: Ыдыс - аяқ
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Ыдыс-аяқ.

Мақсаты: ыдыстардың ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын (шайдың ыдыстары: фарфордан, шыныдан жасалатындары, түсі, көлемі, материалы, т.б.), күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыстардың маңызы, қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруге үйрету. Оларды сақтау ережелерімен та­ныстыру. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, сөйлеушіні тыңдау, қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнату.

Көрнекіліктер: ыдыс-аяқ түрлері, суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, ермексаз, ойыншық ыдыстар.

Алдын ала жасалатын жұмыс: күнделікті ас ішетін ыдыс­тар, олардың бөліктері жөнінде әңгіме жүргізу. Ата-аналарымен бірге ыдыс-аяқтар сататын дүкенге саяхат жасау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Педагог балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Жұмбақ жасыру.

  1. Беті дуылдап тұр,

Танауы шуылдап тұр.

  1. Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

- Бүгін немен танысатынымызды өздерің де түсінген боларсыңдар.


Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.

  • Шәйнек.




  • Ыдыс-аяқ.



  • Бүгін ыдыс-аяқ түрлерімен танысамыз.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Педагог жалпы ыдыс-аяқтың түрлері, олардың неден жасалғандығы туралы сұрайды.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ыдыс-аяқтың түрлері өте көп. Шай ыдыстары кесе, тәрелке шыныдан, фарфордан жасалады.

- Балалар, қонаққа барғыларың келе ме?

  • Кәне, олай болса біз қазір көрші ауылға қонаққа барайық. Олар алдын ала безендірілген қуыршақтың үйіне келеді. Ол жерден балалар үстелді жағалай отырған бірнеше қуыршақтарды көреді. Педагог бүгін Гауһар атты қуыршақтың туған күні екендігін, соған бірнеше қуыршақтың қонаққа келгендігін айтады. Және үстел үстінде тұрған ыдыс-аяқтарды көрсетеді.

  • Балалар, бірінші қуыршақтармен танысып алайық деп әрбір қуыршақтың атын атап шығады.

- Әйгерім атты қуыршақ не істеп

отыр?

- Шайды қандай ыдыспен ішіп

отыр?

- Талшын шайды қандай ыдыспен

ішіп отыр?

- Талшын шайды шыныаяқпен

ішіп отыр.

  • Шыныаяқ пен кесенің іші қандай?

  • Неліктен шұңғыл, терең етіп жасаған?

Педагог шыныаяқ және кесенің шай ішуге арналғандығын, оның су немесе шай құйылатындай терең етіп жасалғандығын айтып түсіндіреді.

- Шыныаяқ пен кесенің айырмашылығы қандай?

- Тұтқаны не үшін жасаған деп ойлайсыңдар?

- Үстелдің үстінен тағы қандай ыдыстар көріп тұрсыңдар?

- Қант, тосап салынған ыдыс неден жасалған деп ойлайсыңдар?

- Осы аталған ыдыстарды бір сөзбен қалай айтуға болады?

- Жарайсыңдар, балалар, бұл ыдыстар шай ішуге арналған ыдыстар екен. Енді шкафтың

үстінде тұрған ыдыстарды айтып беріңдерші.

- Тәрелкелер не үшін керек?

- Сорпаны қандай тәрелкемен ішер едіңдер?

- Не үшін шұңғыл тәрелкемен ішеміз?

- Дұрыс айтасыңдар, енді балабақшада тамақ ішетін ыды­старды есімізге түсірейікші. Тамақ

ішкенде тағы қандай ыдыстарды

пайдаланатын едік?

- Дұрыс айтасыңдар, бұл ыдыстар­ды көбінесе түскі, кешкі ас ішкенде пайдаланады екенбіз.

Осылайша сұрақтар қоя отырып шай ыдыстарының түрлері, түсі, көлемі, материалы және олардың тұрмыста қолданылуы туралы

ақпарат береді. Олардың жеке-жеке аталуы мен топтасқан күйіндегі аталуының мағынасын түсіндіреді. Мысалы, кесе, табаң, шәйнек - бұлар ыдыстар.

- Балалар, осы ыдыстарды қай жерге орналастырған ыңғайлы деп ойлайсыңдар?

- Ал ыдыс-аяқты пайдаланғаннан кейін не істеу керек?

- Не үшін?

- Қандай ыдыстың сынып қалуы мүмкін?

- Қандай ыдыс сынбайды деп ойлайсыңдар?

- Ыдыстарды қайдан алуға бола­ды?

«Дүкеншісіз дүкен» Ойын: (ойынды бастамас бұрын тәрбиеші ыдыс-аяқтарды бақылап, зерттеу жүргізуді ұсынады).

Ойын шартын түсіндіреді. Ойын шарты бойынша ыдыстардың суреті салынған бірнеше карточканың ішінен біреуін таңдап алып (бір карточкада бір зат (шәйнек) бейнеленуі керек) дүкенге келеді. Дүкенде сатушы болмайды. Бала суретте бейнеленген ыдысты тауып, сипаттама жасайды. Егер бала карточкада бейнеленген ыдыс­ты дұрыс тауып, сол туралы айтып берсе, онда сол ыдыс сатылды деп есептелінеді.

Балаларды екі орталыққа бөледі.

Бірінші орталықтағы балаларға ыдыстарды ішінде салынған заттарымен мүсіндеу тапсырылады.
Екінші орталықтағы балаларға шай ыдыстары мен тамақ ішетін ыдыстарды жеке-жеке топтастыру тапсырылады.

Сергіту сәті.

Ыдыстарды жинаймын,

Үлкендерді сыйлаймын.

Кесе, қасық бәрін де

Өз орнына қоямын.

Педагог сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, орталықтағы жұмыстық нәтижелілігін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады.


Балалар өздерінің тәжірибесіне

сүйеніп, ыдыс-аяқ туралы білетіндерін айтады.

- Келеді.

- Шай ішіп отыр.

- Кесемен ішіп отыр.

Балалар әртүрлі жауаптар айтады.

-Шұңғыл.

-Шай құю үшін.

-Шай төгіліп қалмас үшін.

- Шыныаяқтың тұтқасы бар, ал

кеседе тұтқа жоқ.

- Ұстауға ыңғайлы болуы үшін. Қант, тосап салынған

ыдыс.

- Шыныдан, т.б.

-Шай ыдыстары деп атауға болады.

- Тәрелкелер мен нан салатын ыдыс.

- Тамақ ішу үшін, сорпа ішу үшін.

- Шұңғыл тәрелкемен.

- Өйткені, сорпа сұйық, оны жайпақ ыдысқа құйсаң, ол төгіліп қалады.

- Бірінші сұйық тамақты шұңғыл

ыдыспен, ал екінші қою тамақты

жайпақ ыдыспен ішеміз.

Балалар ыдыстардың түрлерін

атап, олардың қажеттілігі жайлы

әңгімелейді.

- Шкафтарда, сөреде, үстелдің

үстінде.

- Сумен жуып, кептіру керек.

- Таза болу үшін.


- Шыныдан, фарфордан, ағаштан жасалған ыдыстардың сынуы

мүмкін.

- Темірден жасалған шәйнек,

табақ.

- Дүкеннен алуға болады.

Балалар үстел үстінде жатқан

карточкалардың ішінен біреуін

таңдайды, өзінің карточкасында

бейнеленген суретке қарап, дүкеннен тура сондай ыдыс­ты алады да, сол алған ыдысы туралы білетінін әңгімелейді.

- Мынау шәйнек, ол темірден

жасалған.

Шәйнектің қақпағы, шүмегі,

тұтқасы бар. Бұл шәйнекпен шай

демдеуге болады. Қалған балалар дұрыс-бұрыстығын айтып отырады.

Бірінші орталықтағы ба­лалар кесе, шәйнек, ішіне нан, жемістер салынған табақ т.б. мүсіндейді.

Екінші орталықтағы балалар шай ыдыс­тары мен тамақ ішетін ыдыстарды жеке-жеке топтастырып, дастарқан мәзірін жасайды. Өлең жолдарының мазмұнына қарай қимылдар орындайды.

Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып орталықта берілген тапсырманы орындайды. Орталықтағы жұмыстарын аяқтағаннан кейін бастапқы орын­дарына отырып, дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандары, не білгендері, не үйренгендері және мүсіндеген заттары жайлы әңгімелеп айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ыдыстардың ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын, күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыстардың маңызы, қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруді, сөйлеушіні тыңдауды, қойылған сұрақтарға жауап беруді.

Игереді: фарфор, шыны, темірден жасалған ыдыс түрлерін, олардың қолданылуын, тұрмыста қажеттілігін, ыдыстардың көлеміне қарай үлкен-кіші болып бөлінетінін, түсінің әртүрлі болатындығын біледі.

Меңгереді: ыдыс-аяқ түрлерін қажеттілігіне қарай пайдалануды, топтастыруды, сақтау ережелерін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет