Сабақ жоспары Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»



Дата22.11.2016
өлшемі39,31 Kb.
#2332
түріСабақ
№ 19 жалпы білім беру мектебі


Әдебиет пәнінен 5 сыныбына арналған сабақ жоспары

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі : А.Е. Сарғұлова

Астана қаласы , 2010 жыл

Сабақтың тақырабы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Ақын өмірінен мәлімет бере отырып, поэзия әлеміндегі лирикалық шығармасымен таныстыру.

2. Танымдық. Оқушылардың шапшаң ойлау қабілетін дамытуға, өлең құрастыруға, өз ойын тұжырымдап жазуға баулу.

3. Тәрбиелік. Табиғатты қорғауға баулып, экологиялық тәрбие негіздерін көрсету. Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтің суреті, плакаттар, қима қағаздар, суреттер, перфокарталар:

1. тест (керуен)

2. Венн диограмма.

3. Ой жинақтау.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, баяндау, көрнекілік.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа назарын аудару.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

1. «Шілде» өлеңін мәнерлеп оқу.

2. Өлеңде қандай тәсіл кездеседі? Кейіптеу түр түсініктерін сұрау.

3. «Туған жер» тақырыбында шағын мәтін құрау.

ІІІ Білімдерін тексеру. Ойын. «Серуенге шығару». Сурет арқылы оқушыларды серуендетіп, көбелек аулату.

Көбелек сұрақтары:

1. С.Торайғыровтың өмірі туралы не білесің?

2. «Шілде» өлеңі жылдың қай мезгіліне арналған?

3. «Шілде» сөзінің мағынасын аш.

4. Табиғат құбылысына байланысты қандай өлеңдерді білесің?

5. С.Тоайғыров нешінші ғасырда өмір сүрген ақын? (ХХ ғ. бас.)

№1 кесте ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдері
С.Торайғыров І.Жансүгіров М.Жұмабаев Б.Майлин С.Дөнентаев С.Сейфуллин ІҮ. Сабаққа мақсат қою. ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдерінің бірі – М.Жұмабаевтың өмірі мен «Қысқы жолда» өлеңін оқып, талдау.

Ү. Жаңа білім беру.

 1. Өмірі.

2. Шығармалары. (Тірек сызба арқылы)

3. «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқу.

Ү. Жаңа білім беру.

1. Өмірі.

2. Шығармалары. (Тірек сызба арқылы)

3. «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқу.

ҮІ. Түсінгенін тексеру.

 А) Өлеңді мәнерлеп оқытып, талдау.

ә) Ой жинақтау, өздігінен жұмыс. Қыс айына б/ты сурет бойынша төрт жол өлең құрау.

 б) Ой жинақтау перфокартасы арқылы өздігінен жұмыс. Қыс және жаз мезгілін салыстырп ортақ белгісін анықтау. (Венн диаграммасының кестесін толтырады.)

в) Ой жинақтау перфокартасы арқылы өздігінен жұмыс. Антоним сөздердің сыңарларын табу. Қыс-жаз. Тұман – ашық Cуық – жылы Түн – күндіз Боран – боран емес.

ҮІІ. Сабақты бекіту.

А) Тест сұрақтарына жауап. Қысқы жолмен келе жатқан керуеннің қоржынындағы заттарды саудалау.

Қоржын сұрақтары: 1. М.Жұмабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

А) 1893 жылы Солт. Қазақстан обл. Булаев ауд.

ә) 1983 жылы Торғай обл. Затабол ауданында.

Б) 1890 жылы. Қарағанды обл. Жаңаарқа ауданында.

2. «Қысқы жолда» өлеңі не туралы айтылған

А) Көктемгі қара суық туралы

ә) Аязды, боранды, суық қыс (сурет) мезгілі

б) Туған жер, Отан.

3. Көп нүктенің орнына төмендегі мақалға керекті сөзді қой.

Қыстың қамын ......... ойла.

 А) жаз.

Б) ерте


ә) қүз

4. Жұмбақты шеш.

 Бар жерді қаптап,

Етеді аппақ.

Жазға қарай су.

Онан әрмен бу болады.

А) Қырау. Б) Қар. ә) Аяз

5. Қыс мезгілін суреттеу.

 А) Өлең шумағы

ә) мақал-мәтел

б) жұмбақ.

В) сурет салу.

Тапсырманы қалаулары бойынша орындайды.

ҮІІ. Бағалау.

Үйге тапсырма.

1. «Қысқы жолда» өлеңін жаттау.



2. М.Жұмабаев туралы реферат жазу.
Каталог: wp-content -> files
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
files -> Ілияс жансүгіров
files -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Мерекелер мен атаулы күндер Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
files -> Өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады
files -> Лекция мақсаты: Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету. Жоспар
files -> Мәдениеттану
files -> Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет