Сабақ жоспары Тақырып: Жүректің құрылысы мен қызметі



Дата07.04.2020
өлшемі32,94 Kb.
#61818
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ жүрек

Сабақ жоспары


Тақырып: Жүректің құрылысы мен қызметі


Түркістан облысының адами элеуетті дамыту басқармасы

Көп салалы колледж



Күні: 27.02.2020ж

Қатысушының саны

Қатыспағаны -

Пән:Биология

Мұғалімнің аты-жөні: Журабаева Бахыт








Оқыту

мақсаты:


Жүрек оның құрылысы мен қызметі жөнінде оқи отырып, олардың айырмашылықтарын, бөлімдерін, атқаратын қызметтерін анықтап айта алады


Оқыту

мақсаты/ Күтілетін нәтижелер:




1. Жүректің құрылысы мен қызметін анықтай алады

2. Жүрек жұмысына сипаттама бере алады

3. Жүрек құрылысын, қызметін және реттелуін біледі


Тілдік мақсат:

Тақырыптық терминдерді үш тілде оқыту

Алдынғы (бұрынғы) оқыту/предшествующее обучение:

Қан, ұлпа сұйықтығы және лимфа; Қанның ұюы, эритроцит, лейкоцит, тромбоцит; Иммунитет, иммундық реакция, ауру қоздырғыш микробтар

Ж о с п а р

Жоспарлау уақыты (минутпен)

Жопарланған іс-әрекеттер

Бағалау


Ресурстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

Саламатсыңдарма балалар, Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке»Бір – бірімізге күлімсіреп қарап, амандасайық. Демді терең ішке тартып, демді шығарайық. Біз байсалды, деніміз сау, қайырымды, мейірімді және ақжарқын балалармыз. Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.Бағалау парағын тарату

Студенттер бір-біріне қарап жақсы тілектер білдіреді.

Әр кезеңнің ұпай сандарын түсіріп отырады



Бас изеу,ишара, қолпаштау,

8 класс оқулығы Атамұра 2015 ж
Күтілетін нәтиже жазылған парақшалар

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1тапсырма

10 мин



«Таза тақта стратегиясы»

Лейкоциттер, 4,5-5 л, Фагоцитоз,Иммунитет, Эритроцит ,Әмбебап донор, Гемофилия , Фибриноген, Тромбоцит




«Жұмбақ ғалым» сөзі: « Жүрек -басты мүше ,мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді», «Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады» студенттер қандай ғалымның сөзі және қай еңбегінде жазылғандығын айту керек.

Жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтиже айтылады (әр оқушының алдында көрсетілген). «Нәтижеге жетем деген ұмтылыс сабақ бойы ойыңызды алып тұрсын» деген мақсатпен қойылды.

Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады. Алдын ала тақырып үйде оқып келуге берілді, ендеше тақырыпты өзіндік меңгеруге дайынбызба? (бағдаршам жанады, бұл дайын екеніміздің белгісі).



Студенттер кезек-кезек жауап беріп «тақтаны тазартады»


Студенттер жауап береді Әбу Насыр Әл-Фараби «Қайырымды қала»
Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.

«Біздің жүрегіміз» қызықты мәліметтер оқу

Бағдаршамды жағып отырады

«Жүрек» деп аталатын бұлшық ет әлемде махабаттың символы болып табылады. Гректер жүрек жанның арашасы деп ойласа, қытайлықтар бақыт жүректе деп сенген, ал египеттіктер эмоция мен интелект жүректе туады деп санаған. Жақында америкалық ғалымдар достармен көп араласу жүректің саулығын сақтайтынын анықтады. Адамның араласатын ортасы кеңейген сайын, оның жүрек ауруымен ауру қаупы азаяды екен. Мамандардың есептеуінше вальс музыкасы адамның жүрек ырғағына сәйкес келеді. Жүректің біздің өмірімізде алатын орны тым ерекше болғаны соншалықты барлық елде «Жүрек күні» аталып өтіледі, ол 25 қыркүйек. Бұл күні адам өміріндегі ең басты мүшеге ерекше көңіл аударылады. Сонымен қатар шведтік ғалымдардың зерттеуінше хор айтылғанда хорға қатысушылардың жүрек ырғағы бір үйлесімдікте болатынын анықтады. (осы жерді шығару керек студенттерге беру керек)



Бағалау парағы



Жаңа сабақты меңгеру

2. Зерттеу



Оқулықпен жұмыс

3. Мәтінге талдау

4.Видео көру

15-17 мин


- Зерттеу

Оқулықпен жұмыс Студенттер оқулықпен іздену үшін, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту мақсатында тірек сөздер жазылады. Тірек сөздер: (әр қатардың алдында жазылған)

Жүрек құрылысы

- 250-300

- жүрек қабы

- 3

- оң, сол жақ

- О2, СО2

- жүрекше ,қарынша

- қақпақшалар

Жүректің жұмысы

    • 3

    • 0,1

    • 0,3

    • 0,4

    • 70-75 рет

    • Жалпақ жасуша

    • Автоматия

    • 120-150 рет

Жүрек жұмысының реттелуі

    • Сопақша ми

    • Парасимпатикалық

    • Симпатикалық

    • Адреналин

    • Тироксин

    • Вазопрессин

    • К, Ca

Тaпсырмa: тaқырыпты меңгеру барысында жинаған білімдерін жинақтап «жүрек» тaқырыбынa тaныстырылым жaсaп, қорғaу
II. Bilimland.kz сайтындағы мәтінге талдау жасау (Мәтінді оқи отырып жаңа дерек көздерін түртіп аламыз)
Жүректің құрылысы туралы видео көру
III. Жүректің құрылысы туралы видео көру Bilimland.kz сайтындағы (видео материалдарына талдау жасау) – оқулықтан тыс берілген материалдарға тоқталамыз, талдау жасаймыз


-Тақырыпты дәптерлеріне жазды.

Оқушылар бұл тапсырманы топпен орындады. Тірек сөздердің мағынасын ашу үшін, ол туралы білімдерін жетілдіру мақсатында кітаппен жұмыс жасайды

-Оқушылар жауабы:



1-топ Жүрек құрылысы

- 250-300гр жүректің салмағы

- жүрек қабы перикард

- 3

- оң, сол жақ

- О2, СО2

- жүрекше ,қарынша

- қақпақшалар

2-топ Жүректің жұмысы

    • 3

    • 0,1

    • 0,3

    • 0,4

    • 70-75 рет

    • Жалпақ жасуша

    • Автоматия

    • 120-150 рет

3-топ Жүрек жұмысының реттелуі

    • Сопақша ми

    • Парасимпатикалық

    • Симпатикалық

    • Адреналин

    • Тироксин

    • Вазопрессин

    • К, Ca



тaпсырмa тaқырыпты меңгеру барысында жинаған білімдерін жинақтап «жүрек» тaқырыбынa тaныстырылым жaсaп , қорғaйды
Мәтінді оқи отырып жаңа дерек көздерін түртіп алады
Оқулықтан тыс берілген материалдарға тоқталады, талдау жасайды


Студенттер өзіндік білімін бағалайды:


Интерактивтік тақта, слайд, жүректің құрылысы туралы видео Bilimland.kz сайты



Жаңа сабақты бекіту

5.«Сызықтық диктант»


12–15 мин


IY. Сабақты бекіту:

1.тапсырма: «Сызықтық диктант»



  1. Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады +

  2. Жүрек соғуы 2 кезеңнен тұрады –

  3. Жүректің тынығу уақыты 0,3с -

  4. Ересек адамда жүрек минутына 70-75 рет соғады +

  5. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үшжақтаулы қақпақша +

  6. Жүректегі жалпақ жасушалар қанның ұюына кедергі жасайды +

  7. Жүректің сол жақ пен оң жақ бөлігі бір – бірімен байланыспайды +

  8. Қарыншалардың жиырылу ұзақтығы 0,1 с –

  9. Тироксин, адреналин гормондары жүрек жұмысын реттейді +

  10. Са жүрек жұмысын баяулатады -

Тапсырма: мәтіннен қатені тап

Мәтін: Адамның жүрегі төрт қуысты екі жүрекше мен екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар ай тәрізді қақпақшалар арқылы өзара байланысады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ жүрекшенің арасында қосжақтаулы қақпақша орналасқан.


  1. «Жылдам және дұрыс»

Тапсырма: берілген суреттегі нөмірлерге дұрыс анықтама жазу, критерий бойынша бағалау.

«Сызықтық диктант»

Әр студент дәптеріне дұрыс жауаптарын жазды, тақтаға ілінген жауап кілті бойынша жауаптарын тексерді

«Зерек оқушы»

Мәтіннің қатесін тауып, тақтаға шығып көрсетті. Жауабы: Жүрекшелер мен қарыншалар ай тәрізді қақпақшгалармен емес жақтаулы қақпақшалар арқылы өзара байланысады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ жүрекше емес оң жақ қарынша арасында қосжақтаулы қақпақша орналасқан деп жауап берді.

Берілген суреттегі нөмірлерге дұрыс анықтама жазады, критерий бойынша бағалау жүргізеді.


Студенттер өзін-өзі бағалайды бағаны не үшін қойғанын түсіндірді


Қатесі бар мәтін жазылған таратпа матиериалдар


Рефлексия

3 мин


«Жетістік ағашы» суретін тақтаға іледі
Үйге: Жүрек.Жүрек құрылысы мен қызметі, өткізгіш жуйесіне оқып,реферат жасап келу. .


Бағалау: Топ жетекшісі бағалау парағын тақтаға іледі.Әр бағаны не үшін қойғаны туралы түсінік береді.


Топ жетекшісінің бағалауы


Бағалау парағы

8 класс оқулығы Атамұра 2015 ж



Қосымша ақпараттар

Дифференциация

Қатысушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз?

Анағұрлым дағдысы қалыптасқан қатысушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?


Бағалау –қатысушылардың білімін/прогресті қадағалауды қалай жоспарлайсыз? (ақпартатты қорытындылау/бағалау идеясы)


Пән аралық байланыс


Тапсырмалардың түрлерін өзгерте отырып ой шоғырландыруға, мәтіннің негізгі ойын алып талдау жасауға тапсырмалар берілді


Топ басшысы бағалады. Әр тапсырмаға критериий берілді,формативтік бағалау түрлерін қолданамын

Химия, математика

Рефлексия

Оқыту/сабақтың мақсаттарына жете алдыңыз ба?

Бүгін қатысушылар нені үйренді?

Оқытуда атмосфера қалай болды?

Менің дифференцирленген әдіс-тәсілдерім жұмыс барысында қаншалықты орындалды?

Мен кестеге сай жұмыс жасадым ба?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуіме болады және неге?


Бұл орынды өз сабағыңыз бойынша бақылау барысын жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанда жазылған сұрақтарға жауап бере өз сабағыңыз бойынша жазыңыз

Бүгінгі сабақ мақсатыма жеттім. Оқушылар жүретің құрылысы мен қызметін жан –жақты талдай алады. Оқушылар сабаққа жоғары қызығушылықпен қатысты, жұмыс барысында топта оқушылармен бірге орындау және жеке өз бетімен орындау тапсырмаларына оқушылар шапшандықпен қатысты. Мен берген әдіс тәсілдерім оқушылардың сабақты өз беттерінше меңгеріп кетулеріне қызмет атқарды.Сабаққа жоспарлаған тапсырмалар уақытында орындалды.


Қорытынды бағалау
Сәтті болған екі жағдайды атаңыз (оқу мен оқыту)

1. Жүректің құрылысын толық талдай алады

2.Оқушылар өзін-өзі әділ бағалай алды.

Сабақты жақсартуға мүмкін болатын екі жағдайды атаңыз (оқу мен оқыту)

1. Мәтіннен негізгі ойды алып шығуды, дұрыс қорытынды жасауда жылдамдықтарын арттыру қажет.

2. Көріп, тыңдаған видео материалға нақты талдау жасай алу қажет.


Қазақтан Республикасы білім және Ғылым Министрлігі

Түркістан облысының адами әлеуетты дамыту басқармасы

«Ақсукент көпсалалы колледжі»








Аксукент -2020жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет