Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1avi IX ғғ. Қазақстан Мектеп: №103 орта мектеп Күні



Дата06.02.2022
өлшемі37,08 Kb.
#80655
түріСабақ
Байланысты:
1 Қазақстан тарихы 6 сынып VI-IX ғғ. Қазақстан Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер Қысқа мерзімді жоспар - 3-сабақ


4-сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан

Мектеп: №103 орта мектеп

Күні: 14.09.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Лепесов Н

Сынып: 6 «А»

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы

VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру (зерттеу сабағы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.2 – ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;

6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану.



Сабақ мақсаты

Оқушылар VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің сыртқы саясатын талдап, елдің дамуындағы қағандардың рөліне баға береді.

Бағалау критерийлер

Түрік қағанаттарының сыртқы саясатын талдайды



Тілдік мақсаттар



Тілдік мақсат
Түрік қағанатының құрылуы туралы мәтінмен жұмыс (оқылым)
Тақырып бойынша сыныпта өзара пікір алмасады(айтылым)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Қағанат, ішкі-сыртқы саясат, қаған, жабғу.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Түркі қағанаттарынының сыртқы саясатының негізгі бағыттары...
...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады...
Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени болып табылады.
оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені…
Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…



Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын түркілер жайлы әңгімелеу барысында жүзеге асады
НЗМ құндылықтарынан «Функционалды сауаттылық», «Құрмет пен ашықтық» сабақ бойы іске асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы пәнінен алған білімдері мен дағдыларын Түрік қағанатының құрылу маңызын талдау кезінде және мемлекеттерді салыстыруда қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет материалдарын қосымша ақпарат ретінде қарастыра алады.

Бастапқы білім

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының кезеңдері мен ерекшеліктерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
0-5 мин

Б Ой қозғау

  • Ерте орта ғасырлардағы ел билеушілердің сыртқы саясатының негізгі мақсаты қандай болды? Олар өз мақсаттарына жету үшін қандай саясат жүргізді? (Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдерін еске түсіре отырып, өз пікірлерін ортаға салады.)

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Презентация



Сабақтың ортасы
5-20 мин
20-25 мин
25-35 мин


Зерттеу және талдау


Т/Ж 1-тапсырма. Венн диаграммасы
Әр топқа/ жұпқа екі қағанды таңдап алып, олардың жүргізген сыртқы саясатын салыстыру тапсырмасын беріңіз.
(Бумын қаған, Шегу қаған, Сұлу қаған, Білге қаған)


Топтардың бірін-бірі бағалауы
Бағалау критерийі: Түрік қағанаттарының сыртқы саясатын талдайды
Дескрипторлар:
Әр қағанның сыртқы саясатының екі ерекшелігін анықтайды;
Қағандардың сыртқы саясатының үш ұқсастығын атайды;
Қағанның сыртқы саясатының нәтижесін сипаттайды.

Топтар бірін-бірі бағалаған соң талқылау сұрағын қойыңыз:



  • Қағандардың сыртқы саясатын салыстыра отырып, олардың қандай ортақ сипаттарын байқадыңыз? Бұл ортақ белгілер ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің ерекшеліктері туралы түсінік бере ала ма? Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ұқсастықтардың көп болуын қалай түсіндіруге болады?



Ж 2-тапсырма.
Кубик стратегиясы
Кубиктің әр қырына 6 қағанның есімін жазып қойыңыз: Бумын қаған (Түрік қағанаты), Естеми қаған (Түрік қағанаты), Шегу қаған (Батыс Түрік қағанаты), Сұлу қаған (Түргеш қағанаты), Білге қаған (Шығыс Түрік қағанаты), Білге күл Қадыр хан (Қарлұқ қағанаты).
Оқушылар кубикті лақтырып, өздеріне түскен қаған бойынша келесі сұрақтарға жауап береді:

  • Бұл қағанның есімі неліктен тарихта сақталуы тиіс?

  • Қағанның өз мемлекеті үшін атқарған ең маңызды қызметін атап, дәлелдеңіз.

(Қосымша ретінде оқушыларға кубиктің оң немесе сол қырындағы қағанмен салыстыру сұрақтарын ұсынуға болады).


Оқушылардың бірін-бірі бағалауы
Бағалау критерийі: Түрік қағанаттарының сыртқы саясатын талдайды
Дескрипторлар: (Топ өздеріне берілген қаған бойынша)
Қағанның атқарған ең маңызды қызметін атайды;
Қағанның есімі неліктен тарихта сақталуы тиіс екендігін негіздеп, дәлел келтіреді;
Қағанның мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалудағы рөліне баға береді.


Бағалау. Оқушылардың бір-біріне кері байланысы.



Түркі қағанаты тарихының зерттелуі:
http://anyzadam.kz/info/515/

С.Жолдасбаев. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. 7-сынып . Хрестоматия.


http://www.vostlit.info (Восточная литература. Средневековые исторические источники Востока и запада)


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. I-ІІт. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж.

Гумилев Л. Н. Көне түркілер. - А., 1994 ж.


Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. Саяхатнамалар мен тарихи-географиялық еңбектерден таңдамалар. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005 ж.



Сабақтың соңы
35-40 мин

Б Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек.
Мұғалімнің кері байланысы.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Деңгейлік тапсырмалар ұйымдастыру.

Топтар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша берілген дескрипторларға сай бағалайды.
Мұғалімнің кері байланысы.

Қауіпсіздік техникасының сақталуы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет