Сабақ «Күрделі шығармамен жұмыс»



Дата05.11.2016
өлшемі55,82 Kb.
#635
түріСабақ
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі

Ашық сабақ

«Күрделі шығармамен жұмыс»

К.Күмісбеков « Биші қайың»



Өткізген: М.С.Қосмамбет

Cабақтың тақырыбы: «Күрделі шығармамен жұмыс»



К.Күмісбеков «Биші қайың»

Сабақтың мақсаты:

Білмділігі: Күрделі шығарманың орындалу ерекшелігін түсіндіріп, үйрету, көркем ойнау шеберлігін шыңдау.

Дамытушылығы: Шығарманы талдау арқылы музыкалық сауатын дамытып, қабілетін арттыру.

Тәрбиелілігі: Қазақ ұлтының композиторының өмірбаянымен таныстыру, ұлттық музыканы, өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Композитордың суреті, буклет, үнтаспа.

Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсің бе! Бүгін сені көргеніме қуаныштымын. Әр аптанының дүйсенбісі мен бейсенбісі сен үшін жақсы күндер екенін білемін. Себебі, сен саз мектебіне келіп, өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысып, бос уақытыңды тиімді өткізесің. Менде сені үлгілі оқушы қатарынын көріп, жақсы әзірлікпен келгеніңе сенемін. Ендеше сабағымызды басталық.

Үй тапсырмасын тексеру: а) Си мажор гаммасын түрлі қағыстарымен ойнау.

б) Құрманғазының күйі « Адай» жатқа ойнау.



Жаңа сабақ: «Күрделі шығармамен жұмыс»

Кенжебек Күмісбеков «Биші қайың» шығармасымен жұмыс.

Күрделі шығарма деп – бірнеше бөлімнен тұратын көлемді шығарманы айтады. Күрделі шығармалар түрлі формада жазылады.Сонаталық рондо, сонаталық аллегро, вариация,прелюдия. Күрделі шығарманы тыңдарманға өз мәнінде орындап жеткізу үшін, шығарманың өлшемінен бастап, альтерациялық белгілері ,түрлі штрихтарды жақсы меңгеріп, аспапта үзбей, жиі ойнап дайындалу керек. Бүгінгі сабақта Кенжебек Күмісбековтың өмірбаяны, шығармашылығымен таныс болайық.



Кенжебек Күмісбеков

(1927- 1997)

Қазақстанның көрнекті композиторы, Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессоры Кенжебек Күмісбеков - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Құмкөл ауылында дүниеге келген. Кенжебекке киелі өнер ана сүтімен, әке қанымен бойына дарыған. Өйткені әкесі сол өңірге әншілігімен танымал болған кісі, әкесі домбыраның құлағында ойнайтын шебер орындаушы болған. Кенжебекті алғаш рет өнер ортасына келуіне қазақ мәдениетінің тарихына енген, табиғатынан тума дарын иесі болған өзінің жақын ағайыны, күйші Ілияс Әубәкіров себепкер болған. 1948 жылы Кенжебекке кәсіби музыкалық білім алуға А.Жұбанов пен Л.Хамиди аға буыннан кеңес берген өкілдері болды. 1949 ж Күмісбеков Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына вокал бөліміне оқуға түседі, бірақ денсаулығына байланысты, жарты жылдан соң дәрігерлер вокалмен айналысуға тыйым салады, халық аспаптары кафедрасының домбыра класына ауысқан. Мұнда ол халық артисі Рүстембек Омаровтың класынан дәріс алды. Оқуын бітірген соң, әр аспаптың өзіне тән ерекшелігі мен техникалық мүмкіндіктерін зерттейді. Алғаш рет әндер мен күйлерді, содан соң орыс және Еуропа классиктерінің шығармаларын «Ах ты душечка» о.х.ә, И.Брамстың №1 «Венгер биін», М.Огинскийдің «Полонезі»,Дж. Вердидің «Травиата» операсынан Жер монның ариясы т.б күрделі туындыларды оркестрге лайықтап, үздік үлгіде өңдейді. Абайдың «Домбыраға қол соқпа», «Қалқам-ай менде үндемей жүремін көп» атты т.б өлеңдеріне, ән-романстар жазады. Композитордың табиғи талантын әрі қарай дамытқан профессор, ұстазы Е.Брусиловскиий еді. Брусиловскийдің класынан консерваторияны екінші рет бітіреді. 1965 жылы үздік бітіріп шығады. Күмісбеков қазақтың музыка мәдениетіне, ұлт аспаптар оркестрінде бұрын - соңды болмаған ұлттық гармониялық үн- саз,ырғақтың жаңа түрін әкелді. «Ықылас туралы аңыз», «Шалқыма», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Ой толқыны», «Еңбек салтанаты», «Қорқыт туралы аңыз» т.б симфониялық поэмалары, «Қан сонарда», «Өмір жолы», «Аманат», « Сары өзен саздары», «Биші қайың» т.б күйлері бар. Күмісбеков 60- тан аса шәкірт тәрбиеледі. 1997 жылдың шілде айында өмірден өтті. Міне, бүгін сабағымызда композитордың «Биші қайың» концерттік күй-шығармасын ойнап үйренеміз. Жалпы шығарма ұлттық эпикалық музыкаға бағытталып жазылған. Өлшемі ауыспалы 2/4, 3/4; кілт белгісінде тұрақты си b, кездейсоқ белгілер ми b, до #,фа #, си бекар белгілері кездеседі. Сондай-ақ пиццикато, тремоло штрихтарымен, динамикалық белгілерге толы, мінезі тез әрі ұстамды ойналады.



«Биші қайың» - шығармасын концертмейстермен қосылып, үзінді ойналады және үнтаспадан оркестрмен орындалуын тыңдап көрелік.

Бекіту: «Семантикалық карта» толтыру арқылы жаңа сабақты пысықтау.




Композитордың күйлерінің бірі?

Тез, ұстамды




Ұстаздары кім?

Композитор,халық әртісі, профессор

Оркестрге лайықтаған

штрихтар

Кенжебек Күмісбеков

















«Полонез» М.Огинскийдің шығармасы

















Рүстембек Омаров, Е.Брусиловский

















Пиццикато,тремоло

















«Биші қайың» қандай характерде ойналады?

















«Өмір жолы», «Фараби сазы»,

«Ой толқыны» т.б



















Қорытындылау: Бүгінгі сабақта күрделі шығарманың орындалу ерекшелігінен - үздік, шебер орындау, аспапта жаксы ойнау керектігін білдің.Қазақ ұлтының композиторы, халық әртісі, профессоры К.Күмісбековтың өмірбаяны, шығармашылығымен таныстың. Композитордың «Биші кайың» шығармасын ойнап үйрендің. Шығарманы талдау арқылы жетік меңгердің.

Бағалау: өте жақсы

Жақсы


Үйге тапсырма: К.Күмісбековтың «Биші қайың» шығармасын берілен жеріне дейін ойнап келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет