Сабақтың тақырыбы: Молекулалық физика және термодинамика.
МКТ негіздері тарауы бойынша есептер шығару
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Молекулалық физика және термодинамика. МКТ негіздері» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге үйрету.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, саты әдісі
Таратпа материалдар: карточкалар
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Ой қозғау бөлімі (Оқушылардың өткен тарау бойынша білімдерін тексеру.) ( 1 слайд бойынша)
МКТ-ның негізгі қағидалары қандай? Тәжірибелік дәлелдемелер келтір.
МКТ-ның негізгі теңдеуі.
Идаел газ дегеніміз не?
Идеал газ күйінің негізгі теңдеуі
Неліктен МКТ-ның теңдеуі негізгі теңдеу деп аталады?
Изопроцестер дегеніміз не?
Больцман тұрақтысының мәні неге тең? Физикалық мағанасы қандай?
Термодинамикалық параметрлер деп қандай шамаларды айтамыз?