Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ:
|
Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Амандосова К.С.
|
Сынып: 7 T2
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
3-БӨЛІМ:
|
Киім – адам көркі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
А1 Сөздік қорының алуандылығы
ТБ1. Сөз таптары
|
Сабақтың мақсаттары
|
А1. Мақал, терминдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамытады
ТБ1.5.Етістіктің ауыспалы өткен шақ қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда қолданады
|
Бағалау критерийлері
| |
Мектеп құндылықтары
|
Өмір бойы оқу
Ынтымақтастық
Ашықтық
Еңбек және шығармашылық
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар
Пән лексикасы мен терминология: классикалық, спорттық, романтикалық, фольклорлық, таңдау т.б.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Бұл бөлім нәтижелі қарым-қатынас білімі мен түсінігін кеңейте отырып, оқу жылынан бастап дамытылған тілдік дағдыларын жалғастырады.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер, ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
|
«Шаттық шеңбері» сәлемдесу, өзара тілек айту.
«Ұқсасыңды тап» әдісімен топқа бөлу.
Топқа бөлу үшін оқушылар санына байланысты төрт түсті маркер қажет. Мысалы сыныпта 12 оқушы болса 3 қызғылт, 3сары, 3 жасыл, 3 көк. Оқушылар маркерді бір-бірден алып, түсіне қарай топтасады. Әр топтан бір адам тақтада ілінген парақшаларды таңдап, топтың атын айқындайды.
топ Классика
топ Спорт
топ Романтика
Топ Фольклор
Сілтеме бойынша бейнематериал көріп, төмендегі сұрақтарға жауап береді
Бейнебаяннан қандай әсер алдыңыздар?
Бейнебаянда қандай әрекеттер болды?
Бейнебаян не туралы деп ойлайсың?
Бүгінгі тақырып қандай деп ойлайсыңдар?
Бейнебаян арқылы жаңа сабақтың тақырыбына болжау жасайды.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.
|
http://timba.kz/videos/ayelder-kalay-kiindi-100-jylgy-san-ulgileri-kak-odevalis-jenshchiny-moda-za-100-let ӘЙЕЛДЕР ҚАЛАЙ КИІНДІ - 100 ЖЫЛҒЫ СӘН ҮЛГІЛЕРІ.
|
Сабақтың ортасы
|
Тірек сөздер: классикалық, спорттық, романтикалық, фольклорлық, таңдау
Айтылым алды тапсырма
С
Берілген сөздерді төмендегі киім стиліне сәйкес топтастырыңдар:
жинақы, еркін, іскер, әр алуан түсті, онша өзгермейтін, ыңғайлы, әдемі, жеңіл, ұлттық нақышта, ерекше, түстері нәзік, әшекейленген, сәнді, көгілдір,
Айтылым тапсырмасы:
1-тапсырма
Сұхбатты тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер
Стиль таңдау неге байланысты болуы мүмкін?
Классикалық стильдегі киімді таңдағанда неге баса назар аудару керек?
Дизайнер фольклорлық стиль туралы қандай ақпарат берді?
- Дизайнермен сұхбаттан қандай мәлімет алдыңдар?
2- тапсырма
Стильдерді өздеріне тән ерекшеліктерімен сәйкестендіріңдер.
Классикалық стиль
|
ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер
|
Спорттық стиль
|
әдемі, ерекше болып көрінеді,
өйткені стильде шілтерлер, банттар қолданылады
|
Романтикалық стиль
|
жоғары сапалы матадан тігіледі, жинақы,
кигенде қимылға кедергі келтірмейді
|
Фольклорлық стиль
|
демалыста, саяхатқа шыққанда киюге жақсы
|
ТЖ Әр топ өздеріне тиесілі мақалды топта талқылап түсіндіреді
І топ: «Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі»
ІІ топ: «Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі – шүберек»
ІІІ топ: «Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде»
IV топ : «Кеңесті хан азбайды, кең киім тозбайды»
3- тапсырма
Сұхбатта кездескен етістіктер қай шақта екенін анықтаңдар.
Әр топқа қиынды қағазда жазылған 3 етістік таратылады.Олар тұйық етістік формасында беріледі.Оқушылар берілген етістіктерді ауыспалы осы шақта айналдырып 3 сөйлем құрастырады. Дәптерге жазуына болады. Сыныпқа ауызша айтады.
Айтылымнан кейінгі тапсырма
ЖЖ
Жоғарыда мазмұнын ашқан мақалдарды, тірек сөздер мен берілген суреттерді пайдаланып сән әлеміне қатысты диалог құрастырыңдар. Мағыналық ерекшелігін ескере отырып, етістіктің ауыспалы өткен шағын қолданыңдар.
Үлгі: – Сен қандай стильде киінетін едің?
Мен бұрын спорттық стильде киінуді ұнататынмын.
Спорттық стиль несімен ұнайтын?
Спорттық стиль жеңіл әрі ыңғайлы. Қазір мектепке баратындықтан, көбіне классикалық стильдегі мектеп формасымен жүремін...
Киіміне қарап адамның қандай екенін айтуға бола ма?
Осыған орай менің атам: «Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде» деген мақалды көп айтатын.
|
Маркерлер,
Тыңдалым
мәтіні,
қима –
қағаздар,
|
Сабақтың соңы
|
Бағалау критерийлері
1.Киім стильдерінің ерекшеліктерін ажыратады; 2.Мақал мен терминдерді орынды қолданып, мәтін мазмұнын дамытады; 3.Етістіктің ауыспалы өткен шағын қолдана алады
Кері байланыс
«Қайталай ғой» дидактикалық ойыны. Жаңа мәліметтерді қайталап, еске түсіріп шығады.
Үйге тапсырма:
«Киім - адам көркі» тақырыбында эссе. Сөз саны: 120
|
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
|
|
|
|
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
ӘБ жетекшісі----------------------------------
Тыңдалым мәтіні
Тілші: Сәлеметсіз бе, Айгерім Ержанқызы! Студиямызға қош келдіңіз!
Айгерім: Сәлеметсіз бе!
Тілші: Айгерім, қазіргі кезде Қазақстанның сән индустриясы жақсы дамыған. Сол бағытта еңбек етіп келе жатқан танымал дизайнерсіз. Адамдарға түрлі киім үлгісін ұсынасыз. Жарасымды киім таңдаудың сыры неде?
Айгерім: Киім таңдай білу – үлкен өнер. Әркім талғамына қарай өз стилін таңдайды. Cтиль таңдау әрқашан адам мінезі мен оның өміріңдегі ұстанымына байланысты.
Тілші: Иә, мен сізбен келісемін? Ал өз бағытыңызда қандай киім үлгілері басым? Қай стильді көп қолданатын едіңіз?
Айгерім: Стиль дегенде, бір бағытта жұмыс істеймін деп айта алмаймын. Ол сұранысқа байланысты. Қоғамда стильдің танымал төрт түрі бар. Ол ˗ классикалық, спорттық, фольклорлық және романтикалық стиль.
Тілші: Дұрыс айтасыз, Айгерім. Баспасөздерде де осы үлгілердің танымалдылығы жиі айтылатын. Дегенмен олардың ерекшеліктері неде? Соны айтып өтесіз бе?
Айгерім: Классикалық стильдегі киімдер бұрын үнемі жоғары сапалы матадан тігілетін. Қазір кейде сапасыз маталар да қолданылып жатады. Сондықтан да классикалық киім таңдағанда матасына ерекше назар аударған жөн. Классикалық киім жинақы, кигенде қимылға кедергі келтірмейтін болу керек. Спорттық стильдегі киімдерді демалыста, саяхатқа шыққанда кигенге қолайлы. Адам өзін жақсы, еркін және ыңғайлы сезінеді. Фольклорлық стильді бұрын тек сахнаға, мерекелік кештерде киетін. Ал бүгінде ол түрленіп, ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдердің біріне айналды. Романтикалық үлгіні таңдайтындар сирек. Ол әдемі, ерекше стиль. Бұл стильде шілтерлер мен банттар басым. Осындай стильдегі киім он тоғызыншы ғасырда көп киілетін.
Тілші: Айгерім Ержанқызы, киім үлгісін таңдауда ескеретін пайдалы ақпарат бердіңіз. Сұхбатыңызға рахмет. Менің әкем:«Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі» -деген мақалды жиі айтатын. Сіз де, заманыңыздың көркі болыңыз. Жұмысыңызда шығармашылық табыс тілеймін. Сау болыңыз. /Автор мәтіні/
1- топ Классика
2- топ Спорт
3- топ Романтика
4- Топ Фольклор
1-тапсырма
Сұхбатты тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер
Стиль таңдау неге байланысты болуы мүмкін?
Классикалық стильдегі киімді таңдағанда неге баса назар аудару керек?
Дизайнер фольклорлық стиль туралы қандай ақпарат берді?
- Дизайнермен сұхбаттан қандай мәлімет алдыңдар?
2- тапсырма
Стильдерді өздеріне тән ерекшеліктерімен сәйкестендіріңдер.
Классикалық стиль
|
ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер
|
Спорттық стиль
|
әдемі, ерекше болып көрінеді,
өйткені стильде шілтерлер, банттар қолданылады
|
Романтикалық стиль
|
жоғары сапалы матадан тігіледі, жинақы,
кигенде қимылға кедергі келтірмейді
|
Фольклорлық стиль
|
демалыста, саяхатқа шыққанда киюге жақсы
|
ТЖ
Әр топ өздеріне тиесілі мақалды топта
талқылап түсіндіреді
І топ: «Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі»
ІІ топ: «Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі – шүберек»
ІІІ топ: «Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде»
IV топ : «Кеңесті хан азбайды, кең киім тозбайды»
Күлпия Амандосова Сейдазимовна
Назарбаев Зияткерлік мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Алматы қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |