Шығармашылық тапсырмалар. Осы сұрақтараға қысқаша тоқталыңыз.
Әйел адамнан талап етілген адами қасиеттерді жіктеңіз. Әйел адамнан талап етілген адами қасиеттер; зейінділік, іскер, жан жарын күту,аналық борышы–өмірге перзент әкелу, тәрбиелеу, қонақ қабылдау, шай құю, қайнату, киіз басу, кілем тоқу. Қазақ әйелдері бесік жырын айтып, балаларын тәрбиелейді. «Қыз өссе– елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі». Елдің бірлігі отбасының берекесінен басталады. Азаматқа адал жар, балаға аяулы ана бола білсе, қыз баланың бағы артады, елдің мерейін өсіреді.
Жетілген адамды қалыптастыру дегеніміз не? Жеке адамның дамуы дегеніміз-оның нерв жүйесіңдегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, психикалық процестерінің адамгершілік қасиеттерінің, білімінің, көзқарастарының оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты игерудің және сол байлықты келешекте жасаудың даму тарихы болып табылады. Баланың дамуында іс-әрекеттің рөлі өте зор. Ол дамудын негізі. Оқушы іс-әрекеті арқылы танымын жетілдіріп, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге жол ашылады. Мектеп оқушыларының мынандай бағыттағы іс-әрекеттерін ұйымдастыруға және рухани-адамгершілік ұстанымдарға бағыттауға болады: өмірлік бағытты көздей білу;тадамдық қадір-қасиетін сақтау; қоғамдағы өз орнын таба білу; ой-сезімін дамыту,өз іс-әрекетіне талдау жасау; өзін-өзі еңбекке, дербестікке бейімдеу,т.б.
Тәрбие әдістері: Үлгі-өнеге, тұспалдап айту.
Үлгі өнеге (әсіресе, ата-аналардың) – бұл халық педагогикасында ең радикалды, ең әрекетті әдіс болып табылады. Ата-ананың рухани бейнесі, олардың еңбегі, қоғамдық әрекеті, жанұядағы өзара қарым-қатынасы, заттарға қарым-қатынасы, өнерге – бұның барлығы балаға үлгі болып табылады және олардың тұлғалық дамуына, қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Халық кемеңгері бала тәрбиесінде жағымды үлгіні айтады.
Тұспалдап айту – тікелей немесе жанама, тәрбие әдісі ретінде әсер ету үшін бүкіл шығыс елдерінде қолданылады. «Қызым саған айтам, келінім сен де тыңда», – дегенге саяды.
Тәрбие құралдары: бесік жыры, өлеңдер, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ойындар, мерекелер, жарыстар т.б.
Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі бесік жырлары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар.
Ертегілер - ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.
Мақал-мәтелдер - Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық мақал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендік сөздерді пайдаланады.
Жұмбақтар – қазақ халқы фальклорының ажырамас бөлігі және бала тәрбиесінің құралы. Жасырылған жұмбақтың жауабын табу кезінде баланың логикасы дамиды.
Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді.
Мерекелер – ұлттық рухты, салт дәстүрді бағалауды үйрететін тәрбие құралы.
Жарыстар баланың бәсекелестік қабілетін дамытады, түрлеріне қарай физикалық немесе ойлау жағынан өзіндік жаттығу бола алады.