Сабақтың тақырыбы : Киіз үй. Киіз тарихы. Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі25,14 Kb.
#47170
түріСабақ


«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу орта мектебі» КММ

Технология пәні мұғалімі

Нургалиев Серік
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй. Киіз тарихы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Киіз үй туралы түсінік беру. Киіз үйдің мәдени, тарихи, маңызы туралы көзқарас ұғымын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қолөнер туындыларын құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндірме, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: Киіз үй макеті, суреттер, бейне жазба.

Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет, география.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды топқа бөлу.



Үй тапсырмасын сұрау.

«Кім жылдам» ойыны. Өткен сабақ бойынша сұрақтар.



  1. Сәндік - қолданбалы өнер туындылары қандай талаптарға сай келуі тиіс?

  2. Қазақтың сәндік – қолданбалы өнері немен байланысты?

  3. Ағаш ұсталарының еңбектерін қалай баяндай аласыңдар?

  4. Қазақ халқының зергерлік өнері туралы айтып беріңдер

  5. Қазақтың қандай бұйымдарын білесіңдер?

Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыпқа қызығушылығын ояту.

Бейне жазба көрсету.



Жаңа тақырып.

Киіз үй – Еуразия далаларын мекен еткен көшпенділердің көне баспанасы. Киіз үй түркі және монғол халықтарында кең таралған. Өйткені олардың негізгі байлығы. Оларға негізгі тамақ және тұрмыстық заттарды дайындауға қажетті шикізат көзі мал болып саналады. Бұл жағдай Еуразия аумағында жасаған бұрынғы тұрғындарды көшпенді өмір салтына алып келеді. Киіз үй халықтың тарихи дамуымен қатар өрбіп, қазақ халқының бай, мәдени мұрасының маңызды ажырамас бөлігі болып табылады. Киіз үйдің негізгі қаңқасы мыналар құрайды. Негізгі тіреуші (қабырғасы) – кереге, күмбездік сырықтар, уық, жартылай сфера тәрізді төбесі – шаңырақ және есігі – сықырлауық.

Кереге – киіз үйдің бөлек шарбақтардан (тор), яғни 4 қанаттарынан айнала қабырға жасап құрастырылатын жиналмалы және бұзылмалы, негізгі қаңқасы болып саналады. Қанаттарды көлбеу ағаштарды желілерді (ұзыны – “ерісі”, қысқалауы – “балашық” ең қысқасы – “сағанақ”) бір-біріне көктеп (түйе, сиыр, жылқы терісінен жасалған майысқақ материал – көк) тор түрінде дайындайды. Жалпы киіз үйдің ағаш құрылымында бірде-бір шеге қолданылмайды. Уық – бір жағы иілген, керегенің басы мен шаңырақты ұштастырып, күмбезді қалыптастыратын ағаш сырық. Уықтың керегенің басына байланатын жағы, жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні деп атайды. Уықтың жоғарғы түзу жағын шаңырақтың көзіне сұғылатын, төрт қырлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп, иеленбеген теріден немесе жүннен есілген бау өткізеді, оны уықбау дейді.

Шаңырақ – дөңгелек пішінді, киіз үйдің еңсесін қарап, тұтастырып тұратын күмбез. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді, ал оған қатаңдық беретін, өзара тікбұрыш жасап, айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. Күлдіреуіштер бір-бірінен ажырап кетпес үшін өзара беріктік деп аталатын тақтайшалармен бекітіледі. Тоғында уық сұғылатын төрт қырлы көз қаламдықтар тесіледі.

Жарма есік – (сықырлауық – есіктерді ашып – жапқанда сықырлаған дыбыс шығатындықтан қалыптасқан атауы) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырықпен маңдайшадан, босағадан және қос жарма беттерден құралады. Киіз үйдің киіздік қаптамасы (жабу) әртүрлі өлшемдер мен пішіндегі төсемелер түріндегі төрт бөліктен тұрады;туырлық-кереге қабырғасының қаптамасы,төрт дана;үзік-уықтардың қаптамасы,екі дана;түндік-шаңырақтың қаптамасы,бір дана. Киіз жабулары қыста суықтан және желден, жазда – күнен, жаңбырдан және шаң – тозаңнан қорғайды. Киіз үйдің қаңқасын тұрғызған соң, керегелерін туырлықпен жауып шығады. Содан соң, күмбезді жоғарсынан бастап, толық жабатын, трапеция пішінді үзік киізбен жабады. Түндік төрт жақ бұрышында оны ашып – жабу үшін арқандар тігіледі.

Киіз үйдің ең сыйлы орны “төр” деп аталады, ол есікке қарсы, ошақтың жоғарысында, қонақтарға арнайы белгіленген.

Төрден солға қарай кеңістік үй иесінің тынығу орны болып, оң жағы жастарға арналған. Кіреберістегі кеңістік “босаға” деп аталып, оны шартты түрде екіге бөледі есіктен кіргенде сол жағы – ат әбзелдері мен ер – тоқым және басқа құрал – саймандарды қоюға орналса, оң жағы үй іші құралдары мен асхана жабдықтарына арналған.

Сергіту сәті Мақал-мателдің жалғасын табу.

Ақыл көпке жеткізер

Өнер ... ... көке жеткізер.

Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің ... ... сөзі алтын.

Асыл тастан шығады

Өнер ... ... жастан шығады.

Топтық жұмыс.

I топ


Киіз үй құрылысы туралы мәлімет.

II топ


Киіз үйдің ішкі жабдықтары мен жиһаздары туралы мәлімет.

Қортынды.

Жұмбақ шешу

Төрт қарны бар

Бір ауызы бар.

(киіз үй)



Үйге тапсырма.

Кйіз үй туралы мәлімет жинау.



Бағалау.

«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу орта мектебі» КММ.



Ашық сабақ

Тақырыбы: Киіз үй.Киіз үй тарихы.

Сыныбы: 8 «Ә»

Пән мұғалімі: Нургалиев Серік

Бейнеу 2017-2018 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет