Менің сүйікті мамандығым және методикалық шеберлігім 25 жылдан артық ұстаздық еткен мен үшін қашықтықтан оқыту алғашында «тұзы жоқ тағам»



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі26,69 Kb.
#92092
  1   2
Байланысты:
Эссе


Зулкарнаева Дина Амангельдиновна


Нұр-Сұлтан қаласы
«№51 мектеп-гимназия» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі

Менің сүйікті мамандығым және методикалық шеберлігім

25 жылдан артық ұстаздық еткен мен үшін қашықтықтан оқыту алғашында «тұзы жоқ тағам» сияқты көрінді.Баланың көзіне қарап түсіндірмегесін,тура көзіне қарап жауап алмағасын**Адам баласы бәріне де үйренеді екен ғой.


Менің мамандық таңдаудағы,яғни ұстаздық жолды таңдауға сүйіспеншілігімді оятқан менен кейінгі бес сіңлім.Мен он төрт жасқа келгенде,кенеттен анам қайтыс болды.Отбасымызда алты қызбыз.Тұңғышы-менмін,ең кенжеміз төрт жаста.Бауырларымның келешегіне,олардың лайықты білім алып,сабақтарының жақсы оқуына көп көңіл бөле бастадым.Сөйтіп,шәкірт тәрбиелеуге қызығушылығым арта түсті.
Кез келген адамның өмірінде мұғалімнің алар орны ерекше. «Бір әріп үйреткен адамға қырық жыл сәлем бер» деген халқымыздың арасында әдемі қанатты сөз бар.Бұл сөз барлық мамандықтың ішіндегі ұстаздық кәсібі ең ізгі,ең қадірлі екенін айқындайды.Мұғалім-мектеп қабырғасында жұмыс істейтін кәсіби маман аясынан да кең ауқымды ұғым.Ол өз кәсібімен шабыттанған және оқушының,сыныптың,мектептің,ата-аналардың,қауымдастықтың,ел мен әлемнің жақсы жағынан өзгеруіне үлес қосушы жоғары азаматтық ұстанымы бар кәсіби маман.
Менің түсінігімдегі ұстаз рухы таза,ой өрісі биік,ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп,шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші,өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін келешек ұрпақтың бақыты мен керегіне жаратып,қоғамды биікке өркендетуші,жаңашылдықтың бастаушысы,жүрегі кең,мейірімін аямай төккен жан.
Жас ұрпақтың рухани сәулеткері,ол-ұстаз.Ол адамгершілігі мол,парасатты,зерделі де зерек,ұлттық,азаматтық құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаларды тәрбиелейді.Өз елінің жас болашағына тәлім-тәрбие береді.Бұдан тек баланың өмірі қалыптаспайды,сонымен қатар өзіміздің ұлтымыздың,еліміздегі қоғам қалыптасады.Мемлекетіміздің өсіп-өнуіне,өркендеуіне,дамыған алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылуына септігін тигізеді.
Негізгі мақсатым- өз білгенімді,білімімді бүлдіршіндердің шығармашылық қабілетін,танымдық біліктілігін дамыта отырып,білім сапасын арттыру.(Ол мақсатыма қазіргі таңда жетіп отырмын.3-тоқсан қорытындысы бойынша сыныбымның білім сапасы 86,6% көрсетіп отыр)
Біздің еліміздегі білім жүйесінің дамуы заманымызға сай аяғынан тік тұрып келеді.Қазіргі заман-түрлі түсінік пен хабардың,жаңалықтың тасқыны күшті заман және ол толастап тұрған жоқ.Мысалы,қашықтықтан оқыту форматын бастау мен үшін ғана емес,барлық ұстаздарға үлкен жаңалық болып отыр ғой.Қашықтық сабақ-әдеттегідей сабақ емес,оның әдіс-тәсілдері,қағидалары да басқа.Ондай кезде мұғалімнің өзі білмегенді білетін оқушының болуы ғажап емес.Мен міне,осыдан қорқамын.Сондықтан,өз білімімді әрдайым жетілдіріп отыруды алдыңғы қатарға қоятынмын.Бұған дейін де педагогикалық шеберлігімді арттырумен айналысатынмын.Қашықтық оқытудан жүйелі тәжірибемнің жоқ екенін ескеріп,және де бұрын мұндай жұмыс талап етілмеген де өзімнің әдістемелік қоржынымды толықтыру мақсатында,онлайн-вебинарларға қатыстым.Жаңартылған білім мазмұны бойынша кәсіби біліктілігімді арттыруым да маған үлкен демеу.Мұғалім заманға бейімделіп,әрбір сабағын интерактивті түрде тартымды әрі қызықты қылып өткізіп,ұстазға тән қасиеттің барлығы бір бойынан табылса,ешкім оған негізсіз мін таға алмайтыны анық,сөзсіз оқушы үшін мұғалім ең құрметті жанға айналады.Бұл тұрғыдан келгенде ұстаз да білімді,білікті,жан-жақты,креативті,өз заманының лайықты азаматы болуы тиіс.Ең бастысы,оқушылар мұғалімнен қызықты,тартымды сабақтар күтеді.
Біздің ең негізгі миссиямыз-оқушымыздың өз-өзін тануына,оның функционалдық құзырлығы мен білімін арттыруына әрдайым ықпал жасау.Ұл-қызымыздың қоғамға,жастарымыздың кейбіреулері сияқты шетелге кетуін армандамай,өз еліне қызмет етуін санасына сіңіру болып табылады.Абай атамыздың «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген сөзін ескерсек,бүгінгі ұстаздардың алдында тек білімді ғана емес,ұлттық құндылықтарды бойына жинаған,саналы,елін,жерін,тілін сүйетін,рухани болмысы бай шәкірт дайындап шығару міндеті тұр.Яғни,оқушымыздың бойындағы жақсы-жаман қасиетерінің белгілі бір пайызы бізге байланысты деп ойлаймын.
«Ұстаздық мінез-құлық формасы мынадай болуы тиіс:ол тым қатал да болмауы керек,тым ырыққа да жығыла бермеуі керек.Өйткені аса қаталдық-шәкіртті өзіне қарсы қояды,ал тым ырыққа көне беру-қадірін кетіреді,берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады» деп Әбу Насыр әл-Фараби айтқан сияқты мен оқуға жоғары талаптарды қолданып,қамқорлықты аз жасайтын авторитарлық стильді ұстанатын мұғалім де емес,жоғары деңгейде қамқорлық көрсетіп,оқуға деген талапты аз қоятын қамқоршы мұғалім емеспін.Мен өзімді оқушыларға қамқор әрі талапшыл болып келетін жоғары деңгейдегі өнімді қарым-қатынас жасайтын стильді ұстанатын ұстаздар қатарына жатқызамын.Өз басымда оқушыларға көмектесуге деген құштарлық бар болғанмен,олардан жоғары стандартты талап етемін.Шәкірттерімді адами тұрғыда жоғары құндылық ретінде қабылдап,олардың тыныс тіршілігімен хабардар болып отырып,өзімнің олардың алдында жауапты екенімді сезінемін.Оқушылардың ынтасы артып,оқу тиімділігі артады.Оқу мен тәрбие жұмысының нәтижелі болуы мен жетістікке жетудің барлық сыры мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының дұрыс құрылуында.Күнделікті сыныпта оқушылармен жағымды қарым-қатынасты әртүрлі жолдармен қалыптастыруға болады.Назарда ұстайтын маңызды нәрсе,тек оқушылармен қарым-қатынас орнату ғана емес,олардың мектептегі өмірінің,тыныс-тіршілігінің сапасын арттыру.Қарым-қатынас қатаң тәртіпті қамтамасыз етпесе қаншалықты жағымды болғанмен,оқудың тиімділігі төмендейді.Себебі оқушыдан күтілетін мінез-құлық параметрлері анық болу керек,онсыз тәртіпті басқару қиындайды.Оқушыларым «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген Б.Момышұлының сөзін ұстанғанмен,сабақта өздерін еркін ұстап,өз ойларын ашық айтуға дағдыланған.
Lesson Study халықаралық деңгейде мойындалды және көптеген елдерде мектеп үдерісін зерделеуді дамыту үшін қолданылады. Lesson Study-бұл мұғалімдер ұсынатын және өздерінің кәсіби дағдылары тұрғысынан әзірлейтін,оқытуды тиімді әрі жүйелі түрде жақсартуға арналған құрал.Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының іс-шара жоспары шеңберінде №38,37,51,87 серіктес мектептер арасында «Ынтымақ» желілік қауымдастық құрылған.Осы төрт мектеп аясында бірнеше зерттеу топтары құрылып,менің сыныбымда жоспарлы түрде екі жыл зерттеу сабақтары жүргізілді.2019 жылдың 12 желтоқсанында №51 мектеп-гимназия базасында «Lesson Study» кластері бойынша аталған мектептердің педагогтерінің қатысуымен семинар өткізіліп,мен ашық сабақ беріп,тәжірибеммен бөлістім,зерттеу топтарының жұмыстары көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет