Спермий дегеніміз эякуляция кезінде бөлініп шығатын сұйықтық. Спермийлер төрт бөліктен тұрады басы, мойыны, денесі және құйрығы. Спермийлер аналық торша клеткасынан 2 есе кем
1.1.Шәует – спермийлер мен плазманың қосындысы. Спермий дегеніміз эякуляция кезінде бөлініп шығатын сұйықтық. Спермийлер – төрт бөліктен тұрады – басы, мойыны, денесі және құйрығы. Спермийлер аналық торша клеткасынан 2 есе кем. Бұқада, қошқарда спермийлердің ұзындығы 75-80мкм, текеде 60-65мкм, айғырда 50-60мкм. Спермийлердің басы негізінен нуклеопротеидтерден тұрады, ДНҚ және жай ақ зат гистоннан тұрады. Спермий басындағы ДНҚ мөлшері тұрақты болады және оның мөлшері азайғанда бедеулік пайда болады. Спермийлердің мойыны өте қысқа, ал денесі мен құйрығы жай зат пен липидтерден тұрады.
Спермийлерге тән қасиет – ол олардың қозғалыста болуы. Спермийлер қалыпты жағдайда тура, үдемелі қозғалыспен қозғалады, ал әлсіреген спермийлер манеждік немесе тербелмелі қозғалыспен қозғалады, яғни бұлар пайдалануға жарамсыз болып табылады. Спермийлердің жағдайы қоршаған ортаға байланысты. Спермийлердің қозғалыс қарқындылығы өзгеріп тұрады, ол 1 минутта 1,9-15,4мм болады. Мысалы, бұқа спермийі 1 минутта 4мм, қошқар – 4,6мм, айғыр - 5,22мм, төбетте – 2,5мм, қораз – 1,02мм жол жүріп өтеді екен. Спермийлердің жағдайы қоршаған орта жағдайына байланысты спермийлердің қарқындылығы өзгеріп тұрады, ол 1 минутта 1,9-15,4см болады.
Ортаның реакциясы немесе сутегі иондарының концентрациясы спермийлердің өмір – тіршілігіне біршама әсер етеді. Спермийлер үшін ең қолайлы ортаның реакциясы 6,9-7,2 аралығында болуы керек. Егер ол –тен көрсеткіш 6-дан төмен болса немесе 7,5-тен жоғары болса, спермийлер өледі, әсіресе, органикалық қышқылдар өте зиянды. Сапалы шәуеттің рН реакциясы бейтарапты деңгейде біршама уақыт өзгермей тұра алады, оған шәуеттің химиялық құрамы көп көмектеседі.
Спермийлер аттас теріс зарядты болғандықтан бір-біріне жабыспайды, физика заңына сәйкес аттас зарядтар бірін-бірі тебеді. Спермийлердің өзіне тән теріс зарядтарын жоғалтып, бір-біріне жабысып қалуын спермийлердің агглютинациясы деп атайды.