5 сынып математикадан логикалық сұрақтар
1.2,4кг май 600 теңге тұрады.1000 теңгеге қанша май келеді?
2. Етік мәсіден 3,5 есе ққымбат тұрады.Ал екеуі 657 теңге тұрады. Әр қайсысы қанша тұрады?
3.3кг алма мен 2кг өрік 96 теңге тұрады., Өріктің килограмы 2 теңгеге арзан.Алма мен өріктің бағалары тқандай?
4. 7 домбыра мен 2 қобыз 1552 теңге тұрады. Домбыра қобыздан 34 теңгеге қымбат. Қобыз қанша тұрады?
5. Қобыз домбырадан 34 теңгеге арзан. 5домбыра 3 қобыздан 462 теңгеге қымбат болса, домбыра неше теңге тұрады?
6. Екі санның қосындысы 57,айырымы 15. Олқандай сандар?
7. Арыстанның 13 асығы,Алматтың 19 асығы бар. Екеуінде асық бірдей болу үшін Алмат неше асығын беру керек?
8. Айгүлдің Құралайдан 10 дәптері артық. Айгүл Құралайға 4 дәптер берсе, кімнің дәптері және қаншаға көп болар еді?
9. Асқардың Нұрланнан 6 жаңғағы артық. Асқар Нұрланға 4 жаңғақ берсе, кімнің жаңғағы қаншаға көп болар еді?
10. Екі баланың 35 асығы бар.Біреуінің 3 асығы артық. Әр балада неше асықтан бар?
11. Бірінші күні 1800кг алманы 18 теңгеден сатты. Қалған 2200кг алманы келесі күні 16 теңгеден сатты. Екі күнде сатылған алманың орташа бағасы қандай?
12. 12 кг ирис пен 10кг карамель конфеттері араластырылады.1кг ирис 215 теңге тұрады.Ал араласқан конфеттің 1кг 200 теңге. 1кг карамель қанша тұрады?
13.Үш күнде 830кг алма сатылады. Екінші күні бірінші күнге қарағанда 30кг аз сатылды, ал үшінші күні екінші күнге қарағанда 3 есе көп сатылды.Әр күні неше кг алма сатылды?
14.Пальто,бәтеңке және бөрік 4300 теңге тұрады. Бәтеңке бөріктен 3 есе қымбат,ал бөрік пальтодан 3500теңгеге арзан. Киімдердің әр қайсысы қанша тұрады?
15. Бір элеваторда екіншщіге қарағанда 3 есе артық астық болды.Біріншіден 960 тонна астық әкетсе, ал екіншіге 240тонна астық құйса, элеваторларда астық бірдей мөлшерде болады. Алдында элеваторларда қанша астықтан болды?
16.Кітап пен қалам 63 теңге, қалам мен альбом 70 теңге тұрады. Бір – бірден бәрін алса, 125 теңге төлеу керек. Сонда әр қайсысы қанша тұрады?
17.Екі қаланың арасына 2,3 және 4 күн сайын бір ұшатын ұшақтар қатынайды. Бүгін бәрі де ұшатын күн. Енді неше күннен кейін олар тағы бір күнде бірге ұшады? Сол уақыттың ішінде әр күні неше ұшақ ұшып отырады?
18. Алматыдан Талдықорғанға дейін барып оралуға автобус – 20, Шымкентке баратын автобус 32 сағат жұмсайды. Бүгін Алматыдан бір мезгілде үш қалаға да автобус жүріп кетті. Енді ол үшеуі неше тәуліктен кейі жоғалады?
19. Пойызбен Алматыдан Қызылордаға барғанда Жамбыл, Шымкент қалаларын басып өтеді. Алматыдан Қызыылордаға дейін 1227км . Қыызылорда мен Жамбылдың аралығы 683км. Жамбылдан Шымкентке дейін 231км.Алматыдан Шымкентке дейін неше км?
20. Екі дәптер мен қалам 17 теңге тұрады. Қалам дәптерден 2 теңгеге қымбат. Қалам мен дәптердің бағаларын табыңыздар.
Тақырыбы: Логикалық есептерді тез шешу жолдары
Мақсаты: Логикасы мен қиялын дамыту.
Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру
II .Парақ қағазбен жұмыс.
III. «Ақыл ой жаттығуы».
1.Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзенніңбір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек.жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді?Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні капустамен қалдыраалмайтыны белглі болса?
Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Біріншіқатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екіншіқатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағынажеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі.Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады.Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда олешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
2.Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
3.Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемніңінісінің аты кім? Жауабы: Медет
4.Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екітермометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5.Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегізорындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар.Жауабы:
6.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үшмысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
7.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
8.Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
9.Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
10.Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр.Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
Үйге тапсырма. №20 (76543210, 10234567) , №22 (10+999)*10, №39 (Назерке, Маржан,
Зәуре, Раушан, Әсел)
Тақырыбы: Логикалық есептер шығару
Мақсаты: Логикасы мен қиялын дамыту.
Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру
II .Парақ қағазбен жұмыс.
III. «Ақыл ой жаттығуы».
1.Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
2.Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
3.Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
4.Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
5.Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады? Жауабы: 3+3=6 6-5=1 3+1=4л
6.Бес гномға үш қызыл және төрт көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үш қызыл және екі көк капюшонды гномдардың бастарына кигізеді. Қалған капюшондар жасырылады. Жарық жағылады. Гномдардың қайсылары өз бастарындағы капюшонның
түсін таба алады? Шешімі: екі көк түсті капюшон киген гномдар таба алады. Себебі көк капюшон киген гном алдында үш қызыл және бір көк капюшон киген гномдар түрады. Ал қызыл капюшон саны үш, қалғаны көк. Сондықтан өз басындағы да көк.
7.Үш гном бар. Сол үш гномға үш қызыл және үш көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үшеуіне екі қызыл және бір көк капюшонды кигізіп, қалғандарын жасырады. Гномдардың қайсысы өз басындағы капюшоның түсін таба алады? Жауабы: ешқайсысы
8.Он екі литрлік бөшкеде квас бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады? Шешімі:
12-3=9 9-3=6 6=6
9.10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады?
Шешімі:10-7=3 7-2=5 2+3=5
10. Әкесі 3 ұлына мұраға 2 үй қалдырып, оны тең бөліп алуды тапсырды. 2 үйді үлкен ұлы мен ортаншы алып, ең кіші ұлына олардың әрқайсысы 500 динардан ақша берді. Бір үйдің бағасы неше динар болған? Шешімі: 500*2=1000 ; 3*1000=3000; 3000:2=1500
Үйге тапсырма. №62 (64:16=4) №63 ( 12:6=6; 6:2=3; 6+3=9) №68 (32*6=192)
Тақырыбы: «Теңдеу құру» арқылы есептеу жолдары
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру
II .Парақ қағазбен жұмыс.
Тендеулер жүйесін құру тақырыбына: «Қаз бен түлкі» ертегісін оқи отырып, мына теңдеуді шешеміз:
«Түлкісін аярлыққа бермейтін дес,
Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.
Балапан, көжек санын өзің тапшы
Аяқтарды 94, басы 35»
1. Есептің мәтінін түсіну.
Түлкінің айлакерлігі, қаздың ақылдылығы, балапанда- 2 аяқ,
көжекте -4 аяқ.
2. Теңдеу құру: Балапан саны – х.
Көжек саны — у
Балапанда 2 аяқ – 2х.
Көжекте 4 аяқ – 4х.
Сонда Теңдеулер жүйесі шығады.
3. Теңдеулер жүйесін шешу.
4. Теңдеудің шешімдерін зерттеу:
Балапан – 23
Көжек – 12
Бастарының саны 23 + 12 = 35
Аяқтарының саны 2•23+4•12=46+48=94
5. Есептің жауабы: 23 балапан, 12 көжек.
«Теңдеулер құру» арқылы есептеу жолдары
«Барлығы қанша қарға?»
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер,
Шешімі табылар бәрі бір.
Айтпай есеп шарты кім,
Теңдеу құру тәртібін?
Жауабы: 2+х=50, х=48 қарға
«Кетті бірге нешеуі»
Кездесіп бір топ аңменен,
Болды 30 бас малменен.
Олар кетті қоштасып,
Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңыз.
Жауабы: х+3=30, х=27 бас мал.
Шахерезада саны. 1001 түн
Бұл санның ерекшелігі неде?
Мұның ерекшелігі: бұл 1001 саны 7?11?13 сандарына қалдықсыз бөлінеді, немесе 1001=7•11•13 болады. Бірақ бұл санның ерекшелігі бұнда емес. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткенде шығатын көбейтіндіні осы үш таңбалы санды екі рет қайталап жазса жеткілікті болады. Мысалы: 873 • 1001 = 873873
236 • 1001 = 236236 т.с.с.
Орыстың халық есебі
Жеті шал келе жатты.
Әрқайсысының жеті балдағы бар.
Әр балдақта жеті бұтақ бар.
Әр бұтақта жеті дорба бар.
Әр дорбада жеті самса бар.
Әр самсада жеті торғай ба
1.2,4кг май 600 теңге тұрады.1000 теңгеге қанша май келеді?
2. Етік мәсіден 3,5 есе ққымбат тұрады.Ал екеуі 657 теңге тұрады. Әр қайсысы қанша тұрады?
3.3кг алма мен 2кг өрік 96 теңге тұрады., Өріктің килограмы 2 теңгеге арзан.Алма мен өріктің бағалары тқандай?
4. 7 домбыра мен 2 қобыз 1552 теңге тұрады. Домбыра қобыздан 34 теңгеге қымбат. Қобыз қанша тұрады?
5. Қобыз домбырадан 34 теңгеге арзан. 5домбыра 3 қобыздан 462 теңгеге қымбат болса, домбыра неше теңге тұрады?
6. Екі санның қосындысы 57,айырымы 15. Олқандай сандар?
7. Арыстанның 13 асығы,Алматтың 19 асығы бар. Екеуінде асық бірдей болу үшін Алмат неше асығын беру керек?
8. Айгүлдің Құралайдан 10 дәптері артық. Айгүл Құралайға 4 дәптер берсе, кімнің дәптері және қаншаға көп болар еді?
9. Асқардың Нұрланнан 6 жаңғағы артық. Асқар Нұрланға 4 жаңғақ берсе, кімнің жаңғағы қаншаға көп болар еді?
10. Екі баланың 35 асығы бар.Біреуінің 3 асығы артық. Әр балада неше асықтан бар?
Үйге тапсырма.
1.Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім.Көбейтінідіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты.Мен қандай сан ойладым?
Шешімі:(((x+1)*2)/4)-3=1 x=7
2.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: Бір ғана мотоцикл
3.Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта
ұлдар қанша , қыздар қанша?
Шешімі:x+x+3=35 x=16 (ұ) х+3=16+3=19(қ)
Тақырыбы: Теңдеуді шешуге берілген есептер шығару
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру
II .Парақ қағазбен жұмыс.
1.Екі ыдыста 36 литр бензин бар. Орта ыдысқа 4 литр бензин қосса,екі ыдыстағы бензин бірдей болады.Әр ыдыста неше литрден бензин болады?
2.Екі ыдыста 56 литр бензин бар. Бір ыдыстан екінші ыдысқа 7 лтрден бензин ауыстырса, 2 ыдыстағы бензин тең болады. Әр ыдыста қанша литр бензин болады?
3.Екі жәшікте 42кг қант бар. Қант көп салынған жәшіктен 3кг алып аз қантқа қосса, бір жәшіктегі қант екіншісіндегіден 2 есе көп болады. Әр жәшікте неше кг қант болды?
4. Май көп салынған жәшіктен аз салынған жәшікке 4 кг ауыстырса,екі жәшіктегі май салмағы бірдей болады. Алғашқыда аз салынған жәшікте 15 кг май болса, екі жәшікте қанша май бар?
5. 5 қасық пен 2 кесе 45 теңге тұрады.8 қасық пен 2 кесе 60 теңге. Қасық пен кесенің бағасы қандай?
6. 8 тарақ пен 3 қол айнаның құны бірдей,1 тарақ пен 1 айна 77 теңге тұрады.Тарақ пен айнаның бағалары қандай?
7. 5 қасық пен 2 кесенің бағаасы бірдей,6 қасық пен 1 кесе 34 теңге тұрады. Қасық пен кесенің бағасы қандай?
8. 5кг бал мен 8кгш майдың құны бірдей. 1кг ьал мен 2 кг май 900 теңге тұрады.1кг май қанша тұрады?
9. 9кг ұн мен 6 кг күріштің құны бірдей. 1кг ұн, 1кг күріштен 14 теңгеге арзан.Күріш пен ұнның 1кг-мы қанша тұрады?
10.400 және 250 грамдық қораптарда шәй бар.Барлығы 280 қорап шәй 82кг шықты. Неше 400, неше 250 грамдық қорап бар?
Үйге тапсырма. №111 №155 №159
Тақырыбы: Ұлттық мазмұнды логикалық есептер
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру
II .Парақ қағазбен жұмыс.
Ұлттық мазмұнды логикалық есептер шығаруда теңдеу құру арқылы шығаратын есептерді шығару алгоритмі:
1. Есептің құруға берілген есептерді шығару үшін;
2. Белгісіз шамаларды анықтау.
3. Теңдеу құру;
4. Теңдеуді шешу;
5. Теңдеудің шешімдерін зерттеу.
6. Есепті тексеру;
7. Есептің толық жауабын жазу, шарттарын орындау қажет.
1. 2 және 3 тиындық 196 бақыр 46 тиын болды. Нешеуі 2 тиындық,нешеуі 3 тиындық?
2. Дүкенге 3кг-дық және 15кг-дық тор дорбаға салынған картоп түсірілді.Барлығы 660 тор дорба 2,5 т болып шықты. Неше 3, неше 5 кг-дық тор дорба болған?
3. 60тонна көмірді тасуға 3,5 және 5 тонналық екі машина бөлінді. Егер машиналар 15 қатынағанда көмірдің бәрін тасып шықса, әр машина неше рет қатынады?
4. Шаңғышы бірінші сағатта бүкіл жжүріп өтуге тиісті ара қашықтықтың 1/3-ін, екінші сағатта 2/5-сін ,ал үшщінші сағатта 4,8км жолын жүрді. Шаңғышы барлығы неше икм жол жүрді?
5. Сыныпта оқитын балалардың 4/9-і ер балалар, ал қыз балалардың сан жағынан бұдан үшеуі артық. Сыныптағы ер балалар саны қанша?
6.Геологтар бірінші жоспарланған жолдың 2/9 бөлігін, екінші күні 1/3 бөлігін,ал үшінші күні бірінші күні жүрген жолдан 14 км артық жүріп тоқтады.Үш күнде неше км жол жүрді?
7. 3 тиындық пен 5 тиындық бірнеше бақыр 81 тиын болады. 5 тиындықтардың сомасы 3 тиындықтардың сомасынан 9 тиынға артық. Әр қайсысынан неше бақыр бар?
8. 3 тиындық пен 5 тиындық бақырлари 52 тиын құрады. 3 тиындықтар сомасы 5 тиындықтар сомасынан 2 тиынға артық.Неше 3 тиындық, неше 5 тиындық бар еді?
9.Ақша не 10кг күрішке, не 30кг қарақұмық жетеді.Күріштен 7кг алса,қалған ақшаға қанша қарақұмық түседі?
10. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
Үйге тапсырма. №199 №227 №242
Тақырыбы: Зейінді байқауға арналған есептер
Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.
Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру
II .Парақ қағазбен жұмыс.
1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
2. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
3. 4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
4. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
5. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
6. Бір айда 5 жексенбі бола ма?
7. Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
8. Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
9. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
10. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек?
11.Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
12.Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
13.Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының қарындасы бар.Оның неше баласы бар?
14.Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырауы мүмкін бе?
15. Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
Үйге тапсырма.
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
Тақырыбы: Салыстыруға берілген есептер
Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.
Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру
II .Парақ қағазбен жұмыс.
1.Інісінің 14 асығы быр,асығының одан 5 асығы артық.Екеуінде неше асық бар?
2.Арыстан кітаптың бірінші күні 22 бетін оқыды,келесі күні одан 8 бет артық, ал үшінші күні күндегімен салыстырғанда 4 бет кем оқыды.ол үш күнде кітаптың неше бетін оқыды?
3.Дәптер 5 теңге. Қалам дәптерден 3 теңгеге қымбат.5 дәптер, 2 қалам қанша тұрады?
4. Саяхатшылар бірінші күні 30км жол,екінші теүні одан 4 км артық,ал 3 күннің ішінде барлығы 75 км жол жүріпті. Олар үшінші күні қанша жол жүрді?
5. Үш бригадада 57 адам бар.Екінші бригадада адам саны біріншідегіден екі есеп аз,ал үшіншіде екіншімен салыстырғанда 5 адам артық.Әр бригадада қанша адам бар?
6.Балалар бақшасы 60 теңгеден 28 сурет дәптерін, 55 теңгеден бірнеше қорап түсті қарындаштар алды. Қарындаштарға 580 теңге кем төлесе,неше қорап қарындаш алды?
7.Автобус алғашқы 3 сағатта тұрақты бір жылдамдықпен барлығы 304 км жол жүрді.Алғашқы жылджамдығы қандай?
8. Алматтың 19 теңгесі бар.Гүлденнің теңгесі одан 3 есе көп. Екеуінде қанша теңге бар?
9.Қалам 8 теңге тұрады,кітап одан 4 есе қымбат.3 қалам мен 1 кітап қанша тұрады?
10. Қарбыз 4,8кг, қауын 3 есе жеңіл.2 қауын мен 1 қарбыз қанша тұралды?
Үйге тапсырма.
1.6 үштеңгелік, қалғандары бестеңгелік болатын ақшалар сомасы 38 теңге. Ақшалардың нешеуі бестеңгелік?
2. Үш тоқаш 30 теңге тұрады.5 тоқаш пен 2 корап тұз 80 теңге тұрса,1 қорап тұз қанша тұрады?
3. Арбаның алдыңғы доңғалағы шеңберінің ұзындығы 1,6 м, артқы доңғалақтың шеңбері 2м.Арба 400м жол жүргенде алдыңғы доңғалақ артқысынан неше рет артық айналады?
4. Машина радиустары әр түрлі екі дөңгелек сырттай тітескен. Үлкен дөңгелектің 30 тісі, кіші дөңгелектің 12 тісі бар. Үлкен дөңгелек 18 рет айналғанда кіші дөңгелек неше рет айналады?
5.Белгілі бір жұмысты орындағаны үшін 5 адам 3600 теңгеден жалақы алды.Осы жұмысты 3 орындап шықса неше теңгеден алар еді?
Тақырыбы: Таразыға тарту есептері
Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.
Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру
II .Парақ қағазбен жұмыс.
1. Бірінші күні 1800кг алманы 18 теңгеден сатты. Қалған 2200кг алманы келесі күні 16 теңгеден сатты. Екі күнде сатылған алманың орташа бағасы қандай?
2. 12 кг ирис пен 10кг карамель конфеттері араластырылады.1кг ирис 215 теңге тұрады.Ал араласқан конфеттің 1кг 200 теңге. 1кг карамель қанша тұрады?
3.Үш күнде 830кг алма сатылады. Екінші күні бірінші күнге қарағанда 30кг аз сатылды, ал үшінші күні екінші күнге қарағанда 3 есе көп сатылды.Әр күні неше кг алма сатылды?
4.Пальто,бәтеңке және бөрік 4300 теңге тұрады. Бәтеңке бөріктен 3 есе қымбат,ал бөрік пальтодан 3500теңгеге арзан. Киімдердің әр қайсысы қанша тұрады?
5. Бір элеваторда екіншщіге қарағанда 3 есе артық астық болды.Біріншіден 960 тонна астық әкетсе, ал екіншіге 240тонна астық құйса, элеваторларда астық бірдей мөлшерде болады. Алдында элеваторларда қанша астықтан болды?
6.Кітап пен қалам 63 теңге, қалам мен альбом 70 теңге тұрады. Бір – бірден бәрін алса, 125 теңге төлеу керек. Сонда әр қайсысы қанша тұрады?
7.Екі қаланың арасына 2,3 және 4 күн сайын бір ұшатын ұшақтар қатынайды. Бүгін бәрі де ұшатын күн. Енді неше күннен кейін олар тағы бір күнде бірге ұшады? Сол уақыттың ішінде әр күні неше ұшақ ұшып отырады?
8. Алматыдан Талдықорғанға дейін барып оралуға автобус – 20, Шымкентке баратын автобус 32 сағат жұмсайды. Бүгін Алматыдан бір мезгілде үш қалаға да автобус жүріп кетті. Енді ол үшеуі неше тәуліктен кейі жоғалады?
9. Пойызбен Алматыдан Қызылордаға барғанда Жамбыл, Шымкент қалаларын басып өтеді. Алматыдан Қызыылордаға дейін 1227км . Қыызылорда мен Жамбылдың аралығы 683км. Жамбылдан Шымкентке дейін 231км.Алматыдан Шымкентке дейін неше км?
10. Екі дәптер мен қалам 17 теңге тұрады. Қалам дәптерден 2 теңгеге қымбат. Қалам мен дәптердің бағаларын табыңыздар.
Үйге тапсырма. 1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 24м,ені 18м. Егер ұзындығын 1 метрге кемітсе,енін 2 метрге ұзартса, онда төртбұрыштың ауданы қалай және қаншаға өзгереді?2. Әкесі 28 жаста,ұлы 6-да.Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлының жасынан 3 есе артық болады?3.Температурасы 21˚ екі литр суға температурасы 76˚ үш литр су араластырылса араласқан судың температурасы қандай болады?
Тақырыбы: Сюжеттік логикалық есептер
Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.
Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру
II .Парақ қағазбен жұмыс.
Сюжетті логикалық есептер
1. Көшеде төрт қыз Әйгерім, Динара, Гүлсім және Назерке әңгімелесіп тұр. Жасыл көйлектегі қыз (Әйгерім мен Динара емес) көк көйлектегі қыз бен Назеркенің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызыл көйлекті қыз бен Динараның арасында тұр. Қыздардың әрқайсысы қандай көйлек киген?
2. Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан кезекте тұр. Нұрланның билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін алатыны белгілі: Қанат пен Асан қатар тұрған жоқ, ал Омар Асанмен, Нұрланмен, Қанатпен қатар тұрған жоқ . кім кімнен кейін тұр?
3. Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі – трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң Әуез досын автобуспен аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан бтроллейбус өтіп бара жатқанда, үшінші досы терезеден: «Елнар, сен мектепке дәптеріңді ұмытып кетіпсің!» - деп айқалайды. Кім үйіне немен барады?
4. Бір мектепте үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Имашев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарынэдасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар.
5. Бөтелкеде,сақанда, құмырада және банкіде сүт, лимонад, квас және су бар. Су мен сүт бөтелкеде емес екендігі белгілі, лимонад құйылған ыдыс құмыра мен квас құйылған ыдыстың арасында тұр, банкідегі лимонад та, су да емес. Сұйықтардың әрқайсысы қандай ыдысқа құйылған?
6. Саябақта әртүрлі жастағы бес бала бар, олар: Ахмет, Бақыт, Құсайын, Ғалымжан, Дидар. Біреуі – 1 жаста, екіншісі – 2 жаста, қалғандары – 3,4 және 5 жаста. Ең кішісі – Құсайын. Ахмет пен Ғалымжанның жастарын қосқанда қанша болса, Дидар сонша жаста. Бақыт қанша жаста? Балалардың тағы қайсысының жасын анықтауға болады?
7. Жанұяда төрт бала бар, олардың жастары 5,8,13 және 15. Балалардың есімдері : Анар, Болат, Дана және Ғалия. Егер қыздардың біреуі балабақшаға барса, Анар Болаттан үлкен болса және Анар мен Дананың жастарының қосындысы үшке бөлінетін болса, онда балалардың әрқайсысы қанша жаста?
8. Пионер лагеріне үш дос келді: Марат, Бақыт және Қанат. Олардың әрқайсысы мына фамилиялардың біреуі екендігі белгілі: Имашев, Саматов, Ғаниев. Марат Ғаниев емес, Бақыттың әкесі инженер. Бақыт 6 сыныпта оқиды. Ғаниев 5 сыныпта оқиды. Имашевтың әкесі слесарь. Балалардың әрқайсысының фамилиясы қандай?
9. Төрт жас филатеристер: Мұрат, Темір, Қуат, Самат пошта маркілерін сатып алды. Олардың әрқайсысы тек бір елдің маркілерін сатып алды, соның ішінде олардың екеуі совет маркілерін, біреуі – болгар, келесісі - чех маркілерін сатып алды.Мұрат пен Темір әртүрлі екі елдің маркілерін сатып алғандығы белгілі. Әр елдің маркілерін Мұрат пен Самат, Қуат пен Самат, Қуат пен Мұрат және Темір мен Самат сатып алған болып шықты. Мұрат болгар маркісін сатып алғандығы белгілі. Олардың әрқайсысы қандай елдің маркілерін сатып алғандығын анықта.
10. Жарыста Қанат, Болат, Бақыт және Жанат алғашқы төрт орынды иеленді. Ешқандай екі бала бір орынды бөліскен жоқ. Кім қандай орынды иемденгені туралы сұраққа, Қанат: «бірінші,төртінші емес», Болат: «екінші» деп жауап берді. Ал Бақыт соңғы орында емес екендігі байқалды. Балалардың әрқайсысы қандай орынды иемденген?
Достарыңызбен бөлісу: |