7-практикалық жұмыс
1. Мұнай-газ саласында Бірыңғай тізбе мына ұстанымдарды қамтиды:
1) бензиндер, дизель және кеме отыны, реактивті қозғалтқыш отыны және отын мазуты;
2) жағар материалдар, майлар және арнайы сұйықтықтар;
3) мұнайды, оның өңделген өнімдерін есепке алу құралдары мен жүйелері;
4) отын ретінде пайдаланылатын сұйытылған көмірсутек газдары;
5) тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай;
6) тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газ;
7) сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистральдық құбырлар.
Мұнайдың басым бөлігі КҚК мұнай құбыры бойынша – 27,9 млн. тонна және Атырау-Самара мұнай құбыры бойынша – 15,4 млн. тонна экспортталды. Қытай бағытында 10,4 млн. тонна тасымалданды (оның ішінде 68,9 мың тонна толлинг режимде). Ақтау порты арқылы экспорттау 7,0 млн. тоннаны құрады, теміржол арқылы - 7,0 млн. тонна тиелді. Орынбор газ өңдеу зауытына 0,8 млн. тонна жеткізілді.
2. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде:
«Шеврон-Тексако» (Теңіз)
ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)
Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл).
«ҚазМұнайГаз» Қазақстанның, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы. Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу үстінде.
1970-ші жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр.
3.
Мұнай кешенінің құрамында 40-тан астам ластаушы көздер типтері бар, олар қоршаған ортаға әсер етуінің интенсивтілігінің әртүрлілігімен және ластаушы заттардың қасиеттерінің әртүрлілігімен сипатталады. Мұнай саласының кәсіпорындары қоршаған ортаға барлық дерлік өндірістік жүйешелерде, яғни мұнай өңдеуде, мұнайдан алынатын өнімдер негізінде органикалық заттарды синтездеуде қоршаған ортаға белгілі бір мөлшерде өз зиянын келтіреді.
Қоршаған табиғи ортаға мұнай өнімдерін эксплуатациялау және құрылысын салу елеулі әсерін тигізеді. Шұңқырлар қазу, тіректер құрылысын салу эрозиялық процесс активтілігін күшейтеді. Көп жылдан қалған қатқан жыныстардың еруіне алып келеді, өзендердегі жыралар деформациясын тудырады, таулы бөліктер және шөлдердегі жер рельефін бұзады. Тасымалданушы өнімдер құбырларының тесілуі трасса бойындағы құбырлар мен қиылысушы өзендер үшін ластануды туғызады. Резервуарлардағы үлкен немесе кіші тесіктердің пайда болуы атмосфералық ауаны ластайды.
4. Адамзат өміріне мұнайдың жаппай енуі өткен ғасырға тиесілі. Әрі қарай өсіргенде, әлемдік деңгейдегі ресми өндірісінен бастағанда – XIXғ. екінші жартысы. Мұнай өндірісі киттің толық жойылып кетуіне себеп болды. Мысалы, кит майы кезінде шамдар, косметика, сабын, тіпті, сағат жасауда да жиі пайдаланылды. АҚШ-та кит аулайтын флот та болған. 1846-жылы сондай флоттың 735 кемесі болған! 1879-жылы болса, 39 ғана кеме қалып, әрі қарай ондай флот экономикалық маңызын жояды. Сол сияқты, мұнайдың да экономикалық маңызын төмендететін жаңа шикізат табылса, бұл да орнын беруі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасы үшін мұнай өнеркәсібінің маңызы зор.Экономика ары қарай даму үшін мұнай өнеркәсібін дамытқанымыз дұрыс.Бірақ оны өндірудің және экспорттаудың зиянсыз жолдарын қарастыруымыз керек.Табиғатымызға өзіміз қарамасақ,ұрпақтарымызға мұра ретінде қалдыратын жерімізге не болмақ