Астана инвесторларды қарсы алады



Дата25.12.2016
өлшемі54,17 Kb.
#4655
Астана инвесторларды қарсы алады
Ағымдағы жылы форум 14 елден 500 аса делегат жинады. Көбінесе олар мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары, алықаралық инвестициялық компаниялар, қаржылық институттар, сондай-ақ шетел

мен отандық бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері болды. Үкіметтің жылдан жылға қаланы смарт шешімдердің жаңа технологиялық деңгейіне көтеретін жыл сайынғы жаңа бастамалары мен тартымды инновациялық жобалары Қазақстанның астанасына инвесторлардың қызығушылығын арттыра түсуде. Астана «ақылды шешімдер» мен смарт технологияларға негізделген болашақтың қаласы» тұжырымдамасы бойынша қалыптастырылады, деп атап өтті Премьер Министр Серік Ахметов. Ол Қарағанды қаласы мен Шучье-Бурабай курорттық белдеуінің даму мүмкіндіктерін тарту арқылы агломерациялық өсудің перспективалы аймағына айналады. Жалпы Астана агломерациясы білім беру, медицина, туристік, инновациялық және тағы басқа салалардағы бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру мен қызметтер көрсетудің халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына оң жағдай туғызады. Соншалықты батыл жоспарларды билік белсене инвестиция тартумен байланыстырады. Дамып жатқан экономика ірі әлемдік

экономикалық форумдарда талқыланатын көптеген мүмкіндіктер береді, бірақ инвесторларға толық ақпарат мәлім болмауы мүмкін. Жобаларды іске асырудағы жоспарлар жөнінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз сөзінде жан-жақты айтып берді.
Біз 450 гектарлық алаңда екінші индустриялық парк құруға кірістік. Мұнда бизнес-серіктестерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған: жер учаскелерін рәсімдеу мерзімі екі есе қысқартылды; екінші дейгейлі банктердің несие ставкасының субсидиясы және банк алдындағы ішінара кепілдіктер – 50% дейін қамтамасыз етілген кепілзат; шетелдерден жұмыс күштерін тарту ісі оңтайландырылды және әкімшілік процедуралар екі есе қысқартылды. Объектіні пайдалануға бергеннен кейін толығымен жер және мүлікке, сондай-ақ корпоративтік табыс салықтарынан босатылады, қосымша құн салығы қайтарылады, осының барлығы инвесторлардың шығындарын 12% азайтады. Осылай болашақ инвесторларға екінші деңгейлі банктердің несие ставкасының субсидиясын және банк алдындағы ішінара кепілдіктерді 50% қамтамасыз етілген кепілзатпен алу, шетелдерден жұмыс күштерін тартудың оңтайландырылған тәртібін және әкімшілік процедураларын екі есе қысқартылуы ұсынылады, деді қала басшысы. Астанада 600 гектарлық алаңда Индустриялық парк жұмыс істейтіндігін атап өткен жөн. Бүгінгі күні 1,2 млрд. АҚШ доллары инвестиция көлемімен 46 жобаны іске асыруға өтінім берілген. Бұл жерде әңгіме «Дженерал Электрик» локомотивтер, «Тальго» жолаушылар вагондарын, «Алстом» электровоздарын, Еврокоптер» тікұшақтарыншығару жобалары туралы болып отыр. Тек өткен жылдың

өзін де ғана осы кәсіпорындар жарты миллиард АҚШ долларының өнімін өн дір ді.


Иманғали Тасмағамбетов сондай-ақ АЭА аясында Индустриялық парк сияқты институттар және мемлекеттік-

жеке серіктестік қағидаты негізіндегі мемлекет кепілдігі арқасында Қазақстанда инвесторлар қаржылық тәуекелін

мемлекетпен бөлу және өздерінің жобаларын іске асыру үшін болашағы бар нарыққа шығу мүмкіндігін алады
Соңғы үш жылда қалалық жобаларға жеке инвестициялардың үлесі төрт есе жоғарылады, сондықтан, біз сіздерді Астанада үздік серіктестер ретінде көруге қуанышты боламыз. Соңғы 15 жыл ішінде қаланың тұрғылықты халқының саны екі жарым есе көбейді, жалпы аймақтық өнім көлемі – 90 есе артық, ал инвестициялар 30 есе өсті. Менің ойымша, бұл инвесторлар үшін өте жақсы белгі. Одан басқа, еліміздің индустриялық даму мәселесін талқылай келе, Серік Ахметов қазіргі уақытта еліміздің индустриялық-инновациялық жаңғыртылуының екінші деңгейін құру бойынша жұмыс басталғандығын атап өтті. Бірінші кезеңін іске асыру Астанада және жалпы елімізде жаңа кәсіпорындар мен өндірістердің көп спектрін құруға мүмкіндігін берді. Осы үдерісте бизнеске ерекше көңіл бөлінеді. Біз барлық кәсіпкерлер мен инвесторларды өзара ынтымақтасу мен тығыз байланысқа шақырамыз. Осыған байланысты, астанамызға заманауи технологиялар қажет. Олар алдымен энергияны үнемдеу, «жасыл» экономиканы дамыту және заманауи технологиялық шешімдер трансфертіне бағытталғаны жөн. Сіздер білетіндей, 2017 жылы Астанада болашақ энергиясын дамыту тақырыбымен «EХРО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Көрмеге әлемнің жүз елінен алдыңғы қатардағы компаниялары қатысып, миллиондай адам келуі күтілуде. Әрине, бұл көрмені өткізу инвестиция тартуға, жаңа ауқымды жобаларды, жаңа экологиялық таза өндірістерді іске асыруға мүмкіндік туғызады, Министрлер кабинетінің басшысы қатысуға халықаралық сарапшыларды шақырды. «EХРО-2017» ірі халықаралық көрмесін ұйымдастыру үдерісіне бірінші болып Франция қолдау көрсетті, оларға осындай ауқымды іс-шараны алты

рет өткізіп, жоғары сенімге ие болған. Францияның Сыртқы сауда министрі Николь Брик өз сөзінде «Expo-2017» өткізу үшін Астананы таңдау – жалпы елдің ұзақ мерзімде дамуының бейнесі екендігін мәлімдеді. Франция осы шараны

сәтті өткізуге қатысқысы келеді. Біз Астана қаласының бо ла шақ инвесторларының ара сы нан берік орын алсақ дейміз, және мен кәсіпкерлермен кездесіп Астананың қандай екенін, көрме қалай өтетіні жайында түсіндіру үшін Астана қаласының әкімін Францияға келіп қайтуға шақырамын, деп нақтылады Брик. «Астананың әлемдегі инвестициялық имиджі» панельдік пікірсайысының басқа қатысушылары да астананың қолайлы іскерлік климаты жөнінде әңгімеледі. Мысалы, «World Organization of Creditors» президенті Роберт Абдуллин тікелей шетел инвестицияларының тартымдылығы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасында жоғары инвестициялық тартымдылық бар екенін көрсететіндігін атап өтті. Сонымен қатар, 2011 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстан мен Ұлыбритания жиналған ТШИ-ның ЖІӨ қатынасына көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда, ұзақ мерзім аралығында шетел инвесторлары үшін

тартымдылығын көрсетеді. Осыдан инвесторлар үшін Астана көрсеткіштері тиімді деп қорытындылаған жөн, – деп

атап айтты сарапшы. «Pricewaterhouse Coopers» компаниясының серіктесі Хазем Галяль өз зерттеулерінің мәліметтерін алға тартты. Оның айтуы бойынша Астана және Милан алдымыздағы ЕХРО көрмесін «Қала – дүниежүзілік тартылыс орталығы» санатындағы көрсеткіштерді жақсарту үшін қолданылуы мүмкін. «ЕХРО-2017» басқа да ауқымды шаралар сияқты дүниежүзілік қоғамның Астанаға деген назарын аударады және қала маркетингі үшін зор мүмкіндік береді, деді Галяль. Форумның келесі сессиялары «ЕХРО-2017» өткізу орны ретінде Астана әлеуетін қолдану және мемлекеттік-

жеке серіктестік құралдарының маңыздығын талқылауға арналды. «Қазақстандық мемлекеттiк-жеке серіктестік

орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Жомарт Абиесов бүгінгі күні мемлекеттiк-жеке серіктестік құралдары «ақылды» инвестициялар тарту құралы ретінде қарастырылатынын хабарлады. Инвесторлардың ыңғайлығы үшін, және де Қазақстанда МЖС жұмысының сапасын арттыру үшін «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін бірыңғай ақпараттық тұғырнама құрылады. «GIZ/AgenZ» атқарушы директоры (Ірі ауқымды ісшараларға дайындалу және өткізу жөніндегі агенттік бұрынғы GTZ - Bureau Expo 2000) Андреас фон Шуманн өз сөзінде инфрақұрылым саласындағы, әсіресе энергетика, мобильділік пен коммуникация салаларындағы серпінді жобалар «ЕХРО-2017» – «Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбы Астана қаласының визитті карточкасына қалай айналатынын паш етеді деп атап өтті.

Әлеуметтік ықпалдасу, халықтың қатысуы бойынша шаралар сияқты параметрлер әлеуметтік қайта құрулар үшін

маңызды қозғаушы күш ретінде әрекет етуі мүмкін. Оның айтуынша, «ЕХРО-2017» көрмесі Астана мен Қазақстан

үшін бірегей мүмкіндіктер береді және индустриялық астананың қайта құрылуы мен дамуының қуатты күші бо-

лып табылады. Форум соңында шетелдік және қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық жөніндегі он мемо-

рандумға қол қойылды. Мысалы, «GEVO» дизельді қозғалтқыштарын шығаратын зауыт құрылысын салу

бойынша жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісім жасалды; коммуналдық және ауылшаруашылық техникаларын, сондай-ақ «KazTexExpo» өндірістік кешенін шығаруды көздейтін машина жасау зауытының құрылысын салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді Ірі меморандумдар арасында Ботаникалық саябақ аумағында 100 га жерге орналасатын «Dragon City» жобасын іске асыру туралы келісімді атауға болады. Одан басқа, форумға қатысушылар «Xtream-Park» ойын-сауық тақырыптық паркінің құрылысы, Peugeot қазақстандық автомобильдерді құрастыруға қызмет көрсететін арнайы орталық құрылысы, сондай-ақ сымсыз сенсорлы желілер құралдарын өндіру бойынша және LED шамдарын жи-

нау зауытының құрылысы бойынша серіктестер тапты. Форумның аяғында қонақтар Бірыңғай индустриялық-



инновациялық көрме аясында Астана Индустриялық паркінде елорданың инвестициялық жобаларын қарап шықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет