1-тақырып. Жобаларды басқаруға кіріспе



бет1/3
Дата28.02.2020
өлшемі65,44 Kb.
#59264
  1   2   3
Байланысты:
Жобаларды-басқаруға-кіріспе-174570
Как пользоваться Бандикам, Установка ссылок, 2апта Диярова С., Рекоменд. ДП, Р 26.10.20 г.
1-тақырып. Жобаларды басқаруға кіріспе.

1. Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу.

2. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқару түсінігі.

3. Жоба және жобаларды басқару анықтамасы.

4. Жобаның ерекше белгілері.

5. Жобаларды басқару функциялары.


Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқару түсінігі.

Шетелдерде жобаны басқару түсінігі ХХ ғ.30-50 ж. пайда бола бастады. 1937 ж. американдық ғалым Л. Гулик күрделі жобаларды басқару және оны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырудың алғашқы матрицалық құрылымын жасады. Ол 1953-1954 ж. алғаш рет АҚШ әскери-әуе күштерінің бөлімдерімен бірлескен жоба ретінде толық көлемде қолданыла бастады. Ал 1955ж АҚШ әскери-теңіз флотының арнайы жобаларында да қолданысқа ие бола бастады. Бұл ауқымды күрделі жобаларды басқару кезінде интеграцияға жету үшін ұйымдастырылған ең алғашқы механизм болды.1956ж. DuPont de Nemours & Со компаниясы жобаларды басқару әдістері мен жабдықтарын жасау үшін арнайы топты құрды. 1957 ж. бұл жұмыстарға UNIVAC зерттеу орталығы және Remington Rand фирмасы қосылды. 1957 ж. аяғына қарай Дж. Келли мен Р. Уолкер жетекшілігімен UNIVAC ЭЕМ-де программалық қамтудың сыни жол (Critical Path Method – СРМ) әдісі жасалынды. 1957-1958 жж. аралығында Buz, Allen and Hamilton фирмасы СРМ-нан кейін Polaris (US Navy) программасы үшін жобалар мен программалар (Program Evaluation and Review Technique – PERT) жоспарын бағалау және қайта қарау жүйесі сынақтан өткізілді және аяқталды. Осы жылдары құрастырылған желілік жоспарлау, басқарудың әдістері мен техникасы жобаны басқарудың дамуына зор үлес қосты. 1958ж. өзінде жұмыстарды жоспарлау, тәуекелдікті бағалау, бағаны бақылау және ресурстарды басқару үшін АҚШ-дағы ірі әскери және азаматтық жобалар қатарында PERT пен СРМ қолданылды. 1959ж. Андерсон комитетімен (NASA) өмірлік кезеңнің әр кезеңінде жобаны басқаруға арналған жүйелік тәсілдеме дайындалды. PERT/COST базасында IBM фирмасы жобаны басқару үшін жүйе ретінде программалар пакетін құрастырды, желілік техника негізінде жобаларды бақылаудың алғашқы жүйелері жасалынды және т.б. Еуропа мен Америкада жобаларды басқарудың желілік әдістері қолданыла бастады. Шынында, 70-ші жылдар желілік жоспарлау мен басқарудың даму, ендірілу жылдары болып саналады. Жүйелер теориясы мен жүйелік тәсілдемеге негізделген мақсат функциясын оңтайландыру кезінде тиімді қолданылатын әдістер мен жабдықтар құрылды. Жобаны басқару (80-жылдар) нақты тапсырыс берушіге бағдарланған кәсіби сала ретінде дами бастады. 90-жылдары жобаны басқару кәсіби деңгейде пән аралық сала ретінде қалыптасты.

АЖ-дің жобасы д/з қандай да бір уақыт аралығында және қойылған есепке немесе алға қойылған мақсатқа жету кезінде орындалатын өзара байланысқан іс-шаралар кешені. Штат санына, уақытқа, жобаның құнына шектеулері бар және сапалы жаңа өнім мен қызметті құру мақсаты жобаға тән. АЖ-ді құру жобасы – шектелген ресурстары, сапалық көрсеткіштері бар жүйені құру үшін бөлінген іс-шаралар кешені. Жоба көрсеткіштері есептердің мақсаттарынан шығады, негіздемелерді жасау стадияларында анықталады және жобаның іске асуы үшін қолданылады.

Көрсеткіштер:

–жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы;

–жұмыстың еңбекөнімділігі;

–жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны;

–құны;


–коммерциялық тәуекелдік;

–өміршеңдік қабілеті;

–бәсекелестік қабілеті;

–қоғамдық және әлеуметтік мәнділігі.

Жобаның орнықты сипаттамалары:

–жаңалығы;

–заманауилығы;

–кешенділігі;

–жүйелілігі;

–сенімділігі;

–техникалық жүзеге асуы;

–практикалық жарамдылығы және т.б.



Жоба және жобаларды басқару анықтамасы. Жобаның ерекше белгілері. Жобаларды басқару функциялары.

Жоба – бұл бір-бірімен байланысқан, уақыт пен ресурстары шектеулі қызметтердің бағдарлы орындалуын қамтамасыз ететін ерекше қызмет түрі.

Жоба – бұл нәтиже беретін үдерістер жиынтығы, ал нәтижелер сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша адам ресурстары және қаржылық, материалдық ресурстарға қатысты құн мен уақыт шығындарына, белгілі бір нақты түрмен бекітілген спецификацияларға сәйкес ұйымдастырылады.

Жобаның ерекше белгілері:

–нақты мақсат;

–ішкі және сыртқы өзара байланыс;

–жобаның бекітілген басталу және аяқталу мерзімі;

–шектелген ресурстар;

–мақсаттың бірегейлігінің белгілі дәрежесі (жаңалығы);

–орындалу үдерісінде әр түрлі шиеленістердің болуы.

Жобаларды басқару – бұл жобаға бөлінген ресурстарды пайдалану көлемінде және белгіленген мерзімде мақсатқа жету үшін ұжымның қызметінің мақсатын анықтаушы және ұйымдастырушы ғылым саласы.

Жоба құрылымы- бұл әр түрлі дәрежеде бөлініп көрсетілген бір-бірімен байланысқан жобаның элементтері мен үдерістерінің жиынтығы. Бұл элементтер мен үдерістер жобаның әр түрлі аспектілерін бейнелейді:

–жұмыстың жалпы бағдарламасы,

–мақсат ағашы,

–ұйымдастыру құрылымы,

–штаттағы қызметкерлердің міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бөлу матрицасы,

–ресурстарды бөлу ағашы,

–тәуекелдік пен құн ағашы.

Жобаны басқару функциялары:

–жоспарлау,

–бақылау,

–талдау,

–шешімдерді қабылдау,

–жоба бюджетін жасау және сүйемелдеу,

–жүзеге асыруды ұйымдастыру,

–мониторинг,

–бағалау,

–есеп беру,

–сараптама жүргізу,

–тексеру және қабылдау,

–бухгалтерлік есеп,

–басқару.

Жобаны басқарудың ішкі жүйелеріне кіреді:

–жұмыстың мазмұны мен көлемін басқару,

–уақытты басқару,

–құнды басқару,

–сапаны басқару,

–сатып алулар мен жеткізілімдерді басқару,

–ресурстарды бөлуді басқару,

–адам ресурстарын басқару,

–тәуекелдікті басқару, ресурстар қорын басқару, интеграциялық басқару, ақпарат пен коммуникацияны басқару.

Жобаны басқару әдістерінің мүмкіндіктері:

–жобаның мақсатын анықтауға және оның негіздемесін жүргізу;

–жобаның құрылымын айқындау;

–қаржыландырудың қажет көлемі мен көздерін анықтау;

–орындаушыларды конкурс арқылы таңдау;

–келісім-шарттарды дайындау және келісімдерге отыру;

–жобаның орындалу мерзімін анықтау, оны іске асыру графигін құруға, қажет ресурстарды есептеу;

–жобаның сметасы мен бюджетін есептеу, тәуекелдікті жоспарлау және ескеру;

–жобаның орындалу барысына бақылауды қамтамасыз ету.

Жобаны басқару әдістері:

–желілік жоспарлау және басқару,

–күнтізбелік жоспарлау,

–логистика,

–стандартты жоспарлау,

–құрылымдық жоспарлау,

–ресурстық жоспарлау,

–имитациялық модельдеу және т.б.



2-тақырып. АТ-жобаларын басқару қызметі мен жобаның өмірлік айналымы.

1. Ақпараттық жүйелер жобаларын басқару қызметінің түрлері.

2. Жобаның өмірлік айналымы анықтамасы және фазалары мен сатылары.

3. Программалық өнімнің өмірлік айналымы.
Ақпараттық жүйелер жобаларын басқару қызметінің түрлері.

Өнімнің және оның өндірістік үдерісінің сипаттамаларын өлшеу. Басқарушыға өндірістің өнімін және оны құру үдерісін түсінуге мүмкіндік береді. Құрастырушылардың еңбек өнімділігін және өнімнің сапасын анықтаудың тура және қосымша өлшемдері жобаны жоспарлау және жоспардың орындалу барысын бақылау үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Жаңа жобаны бағалау мен жоспарлау мақсаттары үшін бұрынғы жобаларды құру жөніндегі тарихи деректер қажет. Осы деректердің негізінде жұмыстағы келеңсіздіктерді жою, қызметкерлердің жұмыс тиімділігін анықтау, жаңа өнімнің сапасын бағалау бойынша басқару шешімдерін қабылдау өлшемдері үшін қолданылатын базалық бағыт қалыптасады. Ақпаратты-программалық өнімдерді құру кезінде бұйымның өлшемі мен функционалды қызметіне бағытталған өлшемдер қолданылады.

Жобаның еңбек өнімділігін және құнын бағалау. Жобаны тиімді жоспарлау үшін жобаны құрудың еңбек өнімділігін,жоба жұмыстарының орындалу ұзақтығын, орындалу құнын бағалайды.

Орындалған жобалар жөніндегі деректерді жинау және талдау. Нәтижелерді талдай және деректерді бір-бірімен салыстыра отырып, жобаның дұрыс бағалануы үшін бірнеше әдістерді қолданады. Әдістердің негіздері:алдымен өнімнің алғашқы өңделмеген нұсқасы анықталады – алғашқы деректер ретінде бұрынғы жобалардың тарихи деректері мен сараптама бағалары қолданылады; жоба бөлімдерге бөлінеді, олардың әрқайсысы жеке-жеке бағаланады – жеке бағалардың негізінде бүкіл жобаның бағасы анықталады.

Көрсеткіштер:

–Жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы

–Еңбек трудоемкость (жұмыс көлемі)

–Жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны (орындалу үдерісі)

–құны (шығындар мен жоба нәтижесінің қатынасы)

–коммерциялық тәуекелдік

–өміршеңдік қабілеті

–бәсекелестікке қабілеті

–қоғамдық және әлеуметтік мәнділігі

Жобаның орнықты сипаттамалары (қасиеттері):

–жаңалығы

–заманауилығы

–кешенділігі

–жүйелілігі

–сенімділігі

–техникалық жүзеге асуы

–пратикалық жарамдылығы және т.б.

Жобаның өмірлік айналымы анықтамасы және фазалары мен сатылары. Программалық өнімнің өмірлік айналымы.

Әр жобаның өмірлік айналымы:

–жобаның пайда болу мезеті

–оны жүзеге асыру,

–аяқталу мезетіне дейінгі аралықтары бар.

Өмірлік айналымды фазаларға, фазаларды стадияларға, стадияларды сатыларға бөлу қабылданған. Жоба сатылары:

–жобаны жоспарлау;

–жобаның ашылуы;

–жоба алдындағы зерттеу;

–ендіру;

–жұмысты сынау және өткізу;

–қызметкерлерді оқыту;

–жобаның аяқталуы.

Жобаның өмірлік айналымын негізгі үш фазаға бөлуге болады:

–бастапқы,

–инвестициялық,

–эксплуатациялық.

Бірінші фазада:

–жобаның дамуын зерттеу мен жоспарлау,

–жоба негіздемесін жасау,

–алғашқы ойларды іске асыруды талдау,

–инвестицияның жоба алдындағы негіздемесі мен өміршеңдігін бағалау,

–объектінің орналасу орнын таңдау және келісім беру,

–жобаның жоба-сметалық құжаттарын және жоспарын құру жүргізіледі.

Инвестициялық фаза:

–сауданы жүргізу,

–ресурстарды сатып алу мен

–жеткізуге келісім жасау мен

–құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуден тұрады. Осы этапта жобаны басқару жүйесін, коммуникация жабдықтарын іске қосу жүргізіледі, құрылыстың жедел жоспары мен машиналар мен механизмдердің жұмыс графигі жасалады, мониторинг жүргізіледі, жоба жоспары бақыланады және қажет жағдайда түзетулер енгізіледі.

Инвестициялық фаза:

–объектіні өткізу,

–ресурстарды демобилизациялау,

–жұмыстарды іске қосумен аяқталады.

Аяқталу фазасында:

–объектіні эксплуатациялау,

–жабдықтарды айырбастау,

–жобаны модернизациялау және оны жабу жүргізіледі.

Жинақталған тәжірибе жобаны басқарудың ұйымдастырушылық және техникалық жүйесіне өзгерістер енгізу кезінде қолданылуы мүмкін.

Жобаны бөлу төрт ірі сатыдан тұрады:

–жобаны бастау,

–жоспарлау,

–іске асыру,

–аяқтау.

Ақпараттық жүйе жобасының сатылары:

–мақсатты анықтау;

–жобалау;

–орындалу;

–қолдану.

Программалық өнімнің өмірлік айналымы – бұл оны құру мен жүзеге асырудың бүкіл кезеңі, яғни оның пайда болу мезетінен бастап қолдануды тоқтатқанға дейінгі кезең. ISO:1995 халықаралық стандартпен анықталатын өмірлік айналымның үдерістері үш топқа бөлінеді.

1. Негізгі үдерістер:

–алу,

–жеткізу,



–құру,

–эксплуатация,

–сүйемелдеу.

2. Қосымша үдерістер:

–құжаттар,

–конфигурацияны басқару,

–сапаны қатамасыз ету,

–верификация,

–аттестация,

–бірлесіп бағалау,

–аудит,

–мәселелерді шешу.

3. Ұйымдастыру үдерістері:

–басқару,

–инфрақұрылымды құру,

–жетілдіру,

–оқыту.

5. Жоба қатысушылары мен анықтамасы. Жобаларды басқару объектісі мен субъектісі.

Жоба қатысушылары – жобаның идеясын жүзеге асырушы тұлғалар. Жоба қатысушылары:

– бас қатысушы – тапсырыс беруші, яғни жобаның иесі және жобаның нәтижесін қолданушы. Ол жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін, сонымен қатар қызығушылықтары мен капиталын біріктірген ұйымдар болуы да мүмкін;

– инвестор – жобаға ақшалай қаражатты салушы;

– жобалаушы – бұл жоба-смета құжаттарын құрастырушы;

– жеткізуші – жобаның материалды-техникалық жабдықтауына жауап беруші;

– мердігер – келісімдерге сәйкес жұмыстардың орындалуын қадағалайтын заңды тұлға;

– кеңес беруші;

– жоба жетекшісі – бұл жоба менеджері, тапсырыс беруші жоба бойынша жұмыстарға жетекшілік ету (жоспарлау, жоба қатысушыларының жұмысын қадағалау және оларға бағыт беру) өкілеттігін табыстайтын заңды тұлға;

– жобаның командасы – жоба менеджері басқаратын және мақсаттары бір ұйым;

– лицензиалар – жобада қолданатын лицензиялар мен ноу-хауға иегер өаңды немесе жеке тұлға.

Жобаны басқару жүйесінің элементтері:

– жобаны басқару субъектілері (ішкі және сыртқы қатысушылар);

– басқару объектісі (жобаның өзі);

– басқару үдерістері (бастамасы, жоспарлау, орындау, бақылау және аяқтау)
6. Жобаны басқарудың функциялары, әдістері және үдерістері.

Пәндік саланы басқару – қызметтің маңызды түрі. Басқаруға қатыстылар:

– уақыт (бекітілген мерзімде жобаны орындауды қамтамасыз ететін іс-шараларды және операциялардың құрамы мен олардың өзара байланысын, операциялардың ұзақтығының бағасын, күнтізбелік кестені құру мен оны басқаруды анықтайды),

– құн (жоба бюджетін бекітуді қанағаттандыруға қажетті үдерістерді сипаттайды),

– сапа (жоба мақсатын қанағатандыруға бағытталған іс-шаралардың мазмұнын береді),

– қызметкер (адамдардың қызметін қолдану үдерістерін сипаттайды),

– тәуекелдік (тәуекелдікке идентификация, талдау жасау және оны тану үдерістерін сипаттайды),

– ақпараттық байланыс және т.б.

Жобаны басқару үдерістері. Жоба үдерістерден тұрады. Үдеріс – бұл нәтиже беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жобаны басқару теориясында мына үдерістер түрлері бар:

– басталу (инициация) үдерістері (жобаны орындаудың басында шешім қабылдау);

– жоспарлау үдерістері (мақсатты және жоба жетістігінің критерийлерін анықтау және оларға жетудің жұмыс сұлбасын жасау);

– орындалу үдерістері (жоспарды орындау үшін адам және басқа ресурстардың бағыты);

– басқару және бақылау үдерістері (мониторинг, жұмыс барысының өзгерісі, түзету жұмыстары, оларды келістіру және қолдану);

– аяқтау үдерістері (жоба немесе фазаның орындалуын қалыптандыру және оларды нақты бір қорытындыға жеткізу).


7.Программалық жабдықтаулар мен ақпараттық жүйелер жобаларын басқару.

Программалық жабдықтаулар мен ақпараттық жүйелердің жобаларын басқару (ПЖЖБ, Американдық стандарт, 1987 жыл) құрамында жоспарлау, ұйымдастыру, мамандарды таңдау, мониторинг жасау, бақылау мен жетекшілік ету үдерістері бар және программалық жабдықтаудың жобасын орындау бойынша жұмыстар ретінде программалық жабдықтаудың жобасын басқаруды анықтайды.

Жобаны басқару мақсаты-бұл ресурстарды тиімді қолдану және программалық өнім мен ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы бойында оларды жеке жұмыстарға үйлестіріп бөлу жолымен оларды жоғалтып алуды болдырмау. Жобаны ұйымдастыруда таңдалған модель негізінде жұмыстардың барлық түрлерін ұйымдастыру ақпараттық жүйелер жобасын басқару кезіндегі қызметтің негізгі түрлері болып табылады, осы кезде функционалды және матрицалық модельдері қарастырылады.

Жеке жұмыстарды орындау кезінде еңбек өнімділігін бағалау үшін қатаң нормативті қордың жоқ болуы, сонымен қатар жобаның негізгі параметрлерін жеткілікті сенімді түрде бағалау қиындықтары ақпараттық жүйелердің программалық жабдықтауларының жобаларын басқару ерекшеліктері болып табылады.

Сондықтан программалық өнімнің сипаттамаларын өлшеу үшін өлшемдер жүйесін орнату қажеттілігі, сонымен қатар басқа жобаларды құру жайлы мағлұматтарды үнемі жинау және жүйелендіру мәселесі туындайды. Ақпараттық жүйелердің жобаларын құру кезінде жоба параметрлерінің бағасын үнемі анықтап отыру керек, сондықтан жұмыстарды жоспарлау жүйені құрумен бірге қатар жүргізіліп отырады.

Негізінде, өмірлік айналымның келесі фазасы бірнеше бөліктерге бөліп жоспарланады, жуықтап келесі фазаның параметрлері жоспарланады және орнатылады, уақыт өте келе баға нақтырақ бола түседі. Күрделі ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар жобаларын басқару ерекшеліктеріне тәуекелдікті, тәуекелдіктің әр түрлі көздерін жатқызуға болады.

Сондықтан жобаны жетістікпен орындауға қауіп төндіретін тәуекелдікті басқаруға ақпараттық жүйелерді құру кезінде аса мән беріледі. Жобаны басқару ақпараттық және программалық өнімдерді құрудың заманауи әдістері мен жабдықтарын таңдауға мүмкіндік береді, олар өмірлік айналымның барлық этаптарында қолданылады және жоба менеджері жабдықтар мен әдістерді таңдауға, оны құрастырушы ұжымның меңгеруіне және оларды практика түрінде қолдануға жауап береді.

Бұл техникалық басқару саласы:

– сапаны басқаруды ұйымдастыру,

– конфигурацияны басқару,

– құрылған программалық өнімнің верификациясы мен аттестациясын басқару.

Қазіргі кезде жобаны басқару әдістері стандартты басқару әдістеріне жатады. Басқарудың иерархиялық моделімен бірге матрицалық модель де кең түрде қолданыла бастады. Бұл жоба жетекшісіне басқару есептерін бөлімдер бойынша және орындаушыларға бөлуге мүмкіндік береді, яғни есептерді кешендік түрде шешуді қамтамасыз етеді.


8. Жобаны жоспарлаудың негізгі түсініктері. Жоба жоспары.

Мысал келтіріңіз. Жоспарлау – бұл менеджменттің алғашқы функциясы. Программалық өнімді құру жобасын жоспарлаудың жоспарлау түріне қатысты жалпы аспектілері, сонымен бірге тек программалық өнімді құру үдерісіне тиісті арнайы аспектілері бар. Жобаларды басқару үшін:

– орындалатын жұмыстардың жаспары құрылады;

– жоспардың орындалуы бақыланады.

Жобаның басталуы және аяқталуы бар. Жоба – бұл белгілі уақыт мерзімінде нақты нәтижеге және кесімді ақыға және қойылған мақсатқа жету іс-әрекеті. Жоспарларды жоспарланған кезең бойынша бөлуге болады:

– Стратегиялық. Стратегиялық жоспар ұзақ кезеңді қамтиды.

– Ағымдық. Ағымдық жоспар ағымдағы орындалатын жобаға жатады.

– Жедел. Жедел жоспар бірнеше рет құрылуы және бір жоба бойы орындалуы мүмкін. Жоспарлау – жобаның орындалу кезінде орындалатын тұрақты үдеріс. Жоспарлаудың мәні мақсатты қоя білуден және оған жету үшін әр түрлі тәсілдерден тұрады:

– жұмыстарды орындау кезінде әр түрлі жабдықтар мен әдістерді қолдану,

– ресурстарды үйлестіре білу,

– жоба қатысушыларының жұмысты бірлесе отырып орындауы.

Жоба жоспарының қажеттілігі:

– жоспар айқын түсінікті қалыптастыруға көмектеседі;

– жоспар жобаның орындалуы кезіндегі әр адамның рөлін айқындап береді;

– жоспар жұмыстың әр түрлі бөліктерінің арасындағы барлық өзара байланысты көруге мүмкіндік береді;

– жоспар – әрбір кезектегі өзгерістердегі санаққа алу нүктесі;

– жоспардың көмегімен қай кезде мақсатқа жеткендігін, қашан жобаның аяқталғанын көруге болады.

Жоба мақсаты айқын түрде берілуі керек және белгілі бір критерийлерді қанағатандыруы тиіс:

– нақтылық;

– шынайылық;

– өлшемділік;

– қайшылықсыздық. Мысалы кез келген бір жобаны жүзеге асырудан бұрын, оған жоспар құрып аламыз. Жоспарсыз жобаның құрылуы ол тиімсіз. Жоспар айқын, нақты, дұрыс жасалуы қажет.


9.Жоба жоспарын құру және талдау әдістемесі.

Жоспарлауға жалпы бағыттама мына түрде болады:

– есептер тізімін жасау;

– жұмыстың орындалу графигін құру;

– талап етілген ресурстарды бөліп алу;

– жауапкершіліктерді бөлу;

– есептер арасындағы тәуелділікті анықтау;

– есептерге тұлғаларды тағайындау;

– есептің орындалу мерзімін анықтау;

– нақты есептермен байланысты тәуекелдікті бағалау;

– қиын жолдардан шығуды табу;

– басқарудың инфрақұрылымын құру;

– шығындарды бағалау.

Жоба жоспарының құрамы:

– есептер;

– ресурстар;

– бағыты.

Есеп – нәтижеге жету үшін жоба көлемінде орындалатын жұмыс. Бақылау ыңғайлы болу үшін жұмыстар фазаларға және топтарға біріктіріледі. Фазалардың жиынтығы өмірлік айналым деп аталады. Жоба жоспары неғұрлым бөлшектенген болса, соғұрлым жоспар нақты болады, әр жоба фазасы аяқталғанда нәтижені талдау жүргізіледі, түзетулер енгізіледі. Кей жағдайда келесі фазаға өту ерте болуы мүмкін.

Есептер үш типті болуы мүмкін:

– нақтыланған ұзақтықпен;

– нақтыланған еңбек шығынымен;

– нақты ресурстар көлемімен.

Веха – фазаның соңғы есебі. Әр есеп:

– ұзақтығымен – есеп орындалуы үшін жұмыс уақытының кезеңі;

– еңбек шығынымен сипатталады.

Байланыстар типтері:

– аяқталуы – басталуы;

– басталуы – басталуы;

– аяқталуы – аяқталуы;

– басталуы – аяқталуы.

Ресурстар:

– кадрлар;

– программалық жабдықтар;

– ақпараттық жабдықтар;

– техникалық жабдықтар.

Жобада әр қызметкердің өз рөлі бар. Адам ресурстарының тізімін жасау кезінде рөлдік жоспарлау жиі қолданылады, яғни жұмысты орындау үшін мамандардың қажеттілігі анықталады, содан кейін ғана қызметкерлер жұмысқа алынады.

Ресурстар құны – жобада оларды қолдану құны. Екі баға қолданылады:

– уақыт бойынша бірлік;

– пайдалану құны.

Тағайындау – нақты есептер мен ресурстар байланысы. Тағайындау жоспардағы ресурстар мен есептерді біріктіреді. Есептің орындалуына жауапты тағайындалады. Жеке есептерге ресурстарды тағайындау арқылы есептердің орындалу мерзімін реттеуге болады. Жоба үшбұрышы:

– уақыт;

– ақша;


– жұмыс көлемі. Жоба құрамының кез-келгенінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне алып келеді. Үшбұрыштың ішіндегі төртінші элемент – сапа. Кез-келген құрамның өзгеруі сапаға әсер етеді. Жоспарлау кезінде ең бастысы– ресурстар арасындағы жұмыстарды бірдей етіп бөлу.

Құнды жоспарлау әдістері:

– аналогия бойынша;

– «төменнен жоғарыға» қағидасы бойынша – жеке есептердің бастапқы құнын есептеу және олардың қосындысы;

– «жоғарыдан төменге» қағидасы бойынша – жобаның жалпы құны анықталады, содан кейін жеке есептерге бөлінеді.
10.Жоспарлау үдерісі. Ақпараттық жүйелер және программалық жабдықтар жобасын құруды жоспарлау.

Жоспарлау үдерісі – күрделі, итеративті. Жұмысты орындау үшін жоба жөніндегі барлық ақпаратты және алдыңғы жобалар жайлы мағлұматтарды жинау керек. Осы кезде жобаның барлық есептерін және оларды шешу жолдарын бірден қарастыру қажет. Жоспарлау үдерістері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Жоспарлаудың негізгі үдерістері:

– функционалды декомпозициялау;

– өмірлік айналымның фазалары бойынша жұмыс құрамын анықтау;

– жұмыстар тізімін, олардың өзара байланысын анықтау және оларды құжаттандыру;

– жұмыс ұзақтығын бағалау;

– жұмыс құрамын, олардың тізбегін және күнтізбелік жоспарды құру үшін қажетті ресурстарды талдау;

– ресурстар құнын есептеу және жобаның сметасын жасау;

– жоспарлаудың басқа үдерістерін қосып, жоба жоспарын жасау.

Қосымша үдерістер:

– сапаны басқару бойынша жұмыстарды жоспарлау;

– верификация мен аттестация бойынша жұмыстарды жоспарлау;

– тәуекелдікті, конфигурацияны басқаруды жоспарлау;ұйымдастыруды жоспарлау – жоба қатысушысының жобадағы рөлін анықтау;

– кадрларды басқаруды жоспарлау;

– программалық және техникалық жабдықтарды жеткізуді жоспарлау.

Жоспарлау – жұмыстың орындалу мерзімін және оның құнын мейлінше дәл анықтау. Жоспардың жалпы сұлбасы ірі фазалардан құрылады. Фазалар есеп блоктарына бөлшектенеді.

Ақпараттық жүйелердің жобаларының орындалуы кезінде жоспарды құру:

– пәндік аймақты басқаруды жоспарлау құнды басқаруды жоспарлау;

– жобаның мерзімін басқаруды жоспарлау;

– ақпараттық жүйелердің сапасын басқаруды жоспарлау;

– конфигурацияны басқаруды жоспарлау;

– тәуекелдікті басқаруды жоспарлау;

– адам ресурстарын басқаруды жоспарлау.

Пәндік аймақты басқаруды жоспарлау құрамына кіреді:

– құрылымдық декомпозиция;

– жобадағы уақытты басқару;

– құнды басқару;

– қосымша үдерістер, олар сапаны жоспарлаумен және басқарумен, конфигурацияны басқарумен, тәуекелдікті басқарумен, адам ресурстарымен, жеткізілімдермен байланысты. Жұмыстарды бөлу құрылымы. Мұнда туындайтын басты мәселенің бірі – функционалды декомпозиция, яғни жоба көлемінде орындалуы тиіс жұмыстардың иерархиясын тұрғызу.

Жұмыстарды бөлу құрылымы алынғаннан кейін және жұмыстардың орындалу тізбегін бейнелейтін желілік график құрылған кейін уақыт бойынша жұмыстарды бөлуді жоспарлауға көшуге болады. Жоспарлау жабдықтар туралы сөз қозғағанда, біз тек желілік графикті ғана атадық, сонымен бірге Гантт картасы, Бар-картасы қолданылады. Бар карталар – қағазда матрица түрінде берілген қарапайым карта, орындалуы тиіс жұмыстар түрлері Х осі бойынша көрсетіледі. Х осі апта күндерін көрсетеді, осы аралықта жұмыстар орындалуы тиіс. Гантт карталарында басталуы жайлы қосымша ақпарат берілуі мүкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет