3-тақырып. Басқаруды талдаудың әдісі мен тәсілдері
3.1 Басқаруды талдаудың әдісі
Кең мағынада, ғылым әдісі нақты бір пәнді зерттеуде қолданылатын таным тәсілі ретінде түсіндіріледі. Барлық ғылымдардың негізін диалектикалық әдіс құрайды:
3.1 - кесте. Диалектикалық әдістің мазмұны
Философиялық түсінік
|
Басқаруды талдау әдісіне қолдануға болады
|
барлық құбылыстар мен процестер тұрақты қозғалыста, өзгерісте, дамуда болады
|
қызметтердің нақты нәтижелерін өткен жылдардағы басқа кәсіпорындардың жетістіктерімен, жоспарланған көрсеткіштерімен және т.б. нәтижелерімен тұрақты түрде салыстырып отыру қажет
|
әрбір процесс, әр құбылыс қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі ретінде қарастырылады
|
әр құбылыстың, әр процестің оң және теріс жақтарын, ішкі қарама-қайшылықтарын зерттеу
|
құбылыстар мен процестердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі
|
егер қандай-да бір құбылыс оқшауланып, басқалармен байланыссыз қарастырылса, онда оны дұрыс түсіну мүмкін емес
|
себеп-салдарлық байланыстарды орнату, оларға индукция және дедукция әдістері арқылы сандық сипаттама беру
|
шаруашылық қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтау және өлшеу
|
әрбір процесс, әрбір экономикалық құбылыс бір-бірімен байланысты көптеген элементтердің жиынтығы ретінде, жүйесі ретінде қарастырылуы керек
|
талдау объектілерін зерттеуге жүйелік көзқарас - олардың элементтерін максималды бөлшектеп талдау, жүйелеу, жалпылау (синтездеу), көрсеткіштер жүйесін әзірлеу және пайдалану
|
Индукция - зерттеу нақтыдан жалпыға, нақты фактілерді зерттеуден жалпылауға дейін, себептерден нәтижеге дейін жүргізіледі.
Дедукция - зерттеу жалпы фактілерден нақты фактілерге, нәтижелерден себептерге жүргізіледі.
Осылайша, басқаруды талдау әдісі - кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында жоспар, есепке алу, есеп беру және басқа да ақпарат көздерінің арнайы көрсеткіштер жүйесін пайдалану арқылы , кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсер ететін факторларды жүйелі, кешенді зерттеу, өлшеу және қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |