Тақырыбы: Қозғалтқыштың бензинді бүрку жүйесіне техникалық қызмет көрсету.
Мақсаты: Қозғалтқыштың бензинді бүрку жүйесіне техникалық қызмет көрсете алу
Теориялық мәліметтер Бензинге қойылатын негізгі техника-экономикалық талаптар:
бензин автомобиль қозғалтқышының барлық режимдерінде және барлық кездесетін пайдалану жағдайларында тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс;
бензин кез келген температурада ауамен біртекті, қажетті құрамда қоспа жасап, қозғалтқыштағы қоспаның қалыпты, толық (детонация болмай) жануын қамтамасыз етуі тиіс;
бензин отын жүйесінің енгізу құбыржолында және қозғалтқыштың жану камерасында қақтар мен коррозияның түзілуін болдырмауы тиіс;
бензинмен жұмыс істегенде адам денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс.
Бензиннің сапасын бағалаудың экспресс-әдістері
Түсі. Мұнай өңдейтін кәсіпорындар мемлекеттік стандарт талаптарына сай келетін таза бензиндерді өндіреді. Этилденбеген бензиндер түссіз (сары), этилденген бензиндер ашық стандартты түске ие: А-72-қызыл; А-76-сары; АИ- 93-қызыл сары, 38.001165-03 «Автомобиль бензиндері. Техникалық шарттар» ТШ бойынша қызыл - АИ-96, көгілдір – АИ 85. Бензиндер тасымалдау және сақтау кезінде тотығып, этилденбеген бензиндер ашық сарыдан қою түсті сарыға дейін, ал этилденген бензиндер стандартты түсін өзгертеді. Бензинді таза пробиркаға құйып, түсін көзбен шолып анықтайды.
Мөлдірлігі.Бензин мөлдір болып, онда ешқандай қалқымалы заттар мен шөгінділер болмауы керек. Қалқымалы заттар мен шөгінділер механикалық қоспалар деп аталады. Бөлме температурасында бензин лайланған тәрізді көмескі тартса, онда оның құрамында қаныққан судың барлығын білдіреді.
Исі.Тура айдау бензиндері термиялық крекинг арқылы алынған бензиндей өткір иісті болмайды. Бензин аса тотыққан жағдайда жағымсыз өткір иісті болады. Зерттеу барысында бензиннің өзіне тән немесе өткір иісін атап көрсету керек.
Буланғыштығы.Отынның булану жылдамдығы бойынша оның түрін анықтауға болады. Ақ сүзгі қағазға шыны түтікпен диаметрі 50-60 мм дақ болатындай сыналатын бензинді тамшылатып, булануын күтеді. Қағаздағы бензин буланған соң қалдықты қарайды.
Сапасы жақсы бензин қағаздан қалдықсыз буланады. Егер бензин құрамында қайнау температурасы жоғары көмірсутектер болса, онда қағазда дақтың аздаған ізі қалып, ол аздап қыздырған кезде буланып кетеді. Егер майлы дақ 30-40 минут ішінде буланбаса, онда бензин құрамында дизель отынының барлығын білдіреді.
Бензиннің құрамында шайырдың болуын сапалық түрде анықтау.Бензиннің құрамында шайырдың болуын диаметрі 50-70 мм сағат шынысында анықтауға болады. Сағат шынысын талшықтасты торға дөңес жағымен қойып, тамшуыр арқылы 1,0 см3сыналатын бензинді құйып, оны сіреңкемен жағады
Бақылау сұрақтары: 1. Бензиннің сапасын бағалаудың экспресс-әдістері
2. Бензинге қойылатын негізгі техника-экономикалық талаптар:
Негізгі әдебиеттер 1. Б. Т. Тұрысбеков, Е.Е Белгібеков Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу Алматы 2013 -360 б
2. И. С Туревский. «Техническое обслуживание автомобилей» Москва ид «форум» 2008
3. Шапошников Ю.А. «Технология технического обслуживания и текущего ремонта автомобиля»Барнаул: АлтГТУ, 2009. - 274с.