Сабақ модуль Сапалық талдау Сапа анализі заттардыңқандай элементтерден, иондардан тұратынын ғана анықтайды



Дата20.05.2020
өлшемі18,59 Kb.
#69906
түріСабақ
Байланысты:
Химия 9


Практикалық сабақ 9

Модуль 3 Сапалық талдау

1.Сапа анализі заттардыңқандай элементтерден, иондардан тұратынын ғана анықтайды.

Сан анализі кезінде заттар құрамындағы элементтердің, иондардың сандық мөлшері анықталады.

Заттардыңқұрамын зерттеген кезде алдымен оныңқандай элементтерден не иондардан тұратынын, яғни сапасын анықтайды. Содан кейін оныңқұрамындағы элементтердің не иондардың сандық мөлшерін табады. Демек бірінші сапа, содан соң анализі жүргізіледі.

Заттардың сапалық және мөлшерлік құрамын ол заттарды анализ жасау арқылы анықтау мүмкін. Халық шаруашылығындағы әртүрлі материалдар және өнімдердің сапасы олардыңөздерінің сапалық және мөлшерлік құрамына өте байланысты болады. Бұлардың сапалық және мөлшерлік құрамын жалғыз анализ жолымен анықтау мүмкін. Бұдан басқа әртүрлі геологиялық зерттеулер, биологиялық зерттеулер, қоршаған ортаның жағдайларын бақылау және қорғау, ғылыми зерттеулерді дамыту жұмыстары әртүрлі объекттерді сапалы және мөлшерлі анализ жасау жұмыстарымен тығыз байланыста болады. Демек заттарды анализ жасау әртүрлі методтары турасындағы ғылым – Аналитикалық химия деп аталады. Анализ жасалатын объект қандай да материал заттар араласпасы немесе индивидуал зат болуы мүмкін.

Химиялық анализді жүргізу үшін анализ жасалынып жатқан зат немесе оныңқұрамдық бөліктері аналитикалыққасиеттер немесе аналитикалық сигнал хабар деп аталатын химиялық немесе физикалыққасиеттерге еге болуы керек. Анықтаушы аналитикалыққасиеттерге : рең, иіс және химиялық реагенттермен өзара әсерлескенде бояулы қосылыстар, тұнба- шөкпелер, газдар пайда ету қабілеттерін енгізу мүмкін.

Аналитикалық эффекттер пайда ететін химиялық реакциялар аналитикалық химиялық реакциялар деп аталады. Аналитикалық реакцияларды өткізу үшін керек болған реактивтер – Аналитикалық реагенттер деп аталады.

Аналитикалық химияның шешетін мәселелеріне төмендегілер кіреді :



  1. Заттардың аналитикалыққасиеттерін реакцияларын таңдау, зерттеу

  2. Заттардыңқасиеттері мен түзілісі арасындағы өзара байланысты зерттеу

  3. Заттарды ажырату методтарын жасау және үйрену физ сапалы және мөлшері

  4. Химиялық анализ методтарын жасау

2.Қазіргі кезде қолданылып жүрген аналитикалық химия әдістерін жалпы үш топқа бөлуге болады: Химиялық, физикалық және физика-химиялықәдістер:

Химиялықәдіс заттар арасында жүретін химиялық реакцияға негізделген. Бұл реакциялар кеезінде әр затқа тән айрықша не тұнба, не түсті қосылыс, не газ түзілуі тиіс. Айрықша қосылыс түзетін реакциялар аналитикалық деп аталады. Химиялықәдіспен анализ жүргізу үшін қажет реактивтер мен ыдыстар болса болғаны.

Физикалықәдіс элементтің, ионның физикалық тұрақты қасиеттеріне-түр-түсіне, спектріне, тығыздығына негізделген.

Физика-химиялықәдіспен анализ жасаған кезде, алдымен химиялық реакцияға жүргізіп анықталатын затқа тән айрықша қосылыс алынады. Содан соң оны физикалықәдіспен зерттейді.

3. Аналитикалық реакциялар «құрғақ» және «ылғал» тәсілдермен орындалады. «Құрғақ» тәсілдеанықталатын зат пен реагентті қатты күйінде алып, реакцияны жоғары температурада жүргізеді. Мысалы, металл тұздарының жалынды бояу реакциялары, затты платина сымының ұшында калий тетраборатымен немесе натрий фосфатымен қосып қыздырғанда түзілетін балқыманың боялуы; қызғылт кобальт (ІІ) тұзын аммоний роданидімен құрғақ күйінде тигельде араластырып, үгіту кезінде көк түсті комплекстің пайда болуы.

Көбінесе аналитикалық реакциялар «ылғал» тәсілмен жүргізіледі, яғни реакцияны анықталатын зат пен реагент ерітінділерінің арасында жүргізеді. Көптеген заттар еру кезінде оң және теріс зарядты иондарға диссоциацияланады. Реакция шын мәнісінде иондар арасында жүреді, сондықтан мұндай сапалық реакциялар элементті емес, ионды анықтау үшін пайдаланады.

4. Физикалық әдіс элементтің, ионның физикалық тұрақты қасиеттеріне-түр- түсіне, спектріне, тығыздығына негізделген.

Физика -химиялық әдіспен анализ жасаған кезде, алдымен химиялық реакцияға жүргізіп анықталатын затқа тән айрықша қосылыс алынады. Содан соң оны физикалық әдіспен зерттейді.



5.Қорыта келе, аналитикалық химия дегеніміз заттардың құрамына кіретін атомдардың, молекулалардың, иондардың, яғни химиялық құрамын және солардың мөлшерін анықтайтын әдіс. Заттың сапалық және сандық құрамы туралы мәліметтерді алу үшін, алдымен химиялық реакциялар жүргізіліп аналитикалық қасиеттерді іріктеу керек .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет