Сабақ өтетін боламыз. Текст «Натурал сандар және нөл саны»



Дата08.02.2022
өлшемі15,9 Kb.
#118243
түріСабақ
Байланысты:
1-сабақ матем
АПА ТУЫЛҒАН КҮНІҢІЗБЕН, 2 Б сынып КТЖ, 1-сабақ матем, 16220389311536, 16220389311536, 16220394179628, 54 цилиндр, 50 параллелепипед пен куб

Сценарии-1
Тақырып: Натурал сандар қатары және нөл саны




Текст

В кадре




1

Салем балалар!!
Бүгін сендермен натурал сандар қатары және нөл саны туралы сабақ өтетін боламыз.

Текст «Натурал сандар және нөл саны»



2

Ең алдымен натурал сандар дегеніміз не екендігін айтайық.
Натурал сан дегеніміз – санау үшін қолданылатын сандар. Ия өте қарапайым, қайталап айтам, жай ғана санау үшін қолданылатын сандар.

Үлкен форматта «?» белгісі

Текст «санау үшін»





3

Яғни біз заттарды санаған кезде 1,2,3,4,5,6 ... деп сандарды қолданамыз. Демек бұлар натурал сандар деп аталады екен. Өздерің көріп отырғандай натурал сандар 1-ден басталады. Нөл саны натурал санға жатпайды. Себебі біз санауды ешқашан 0-ден бастамаймыз.

Текст «1,2,3,4,5,6...» (по порядку)



4

Натурал сандар жиыны – шексіз жиын. Натурал сан латынның үлкен N әрпімен белгіленеді. Оқылу ережесі бойынша оңнан солға қарай натурал сандағы әрбір үш цифрды кластарға топтастырамыз: Бірліктер, мыңдар, миллиондар, миллиарлтар т.с.с. жалғаса береді.

Үлкен форматта «N» әрпі


Текст « бірліктер, мыңдар, миллиондар, миллиардтар ...»



5

Әрбір кластың үш разряды болады.
Бірліктер: бірлік, ондық, жүздік.
Мыңдар: бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар.
Миллиондар: бірлік миллиондар, ондық миллиондар, жүздік миллиондар.
Ары қарай осылай кете береді.

«Бірліктер: 1..., 10..., 100... .


Мыңдар: 1000..., 10000..., 100000... .
Миллиондар: 1000000..., 10000000..., 100000000... .»

6

Көп таңбалы натурал сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады. Мысалы 45679=40000+5000+600+70+9 деп жазуға болады.

45679=40000+5000+600+70+9 (по порядку)

7

Кез келген разрядтың 10 бірлігі одан жоғарғы разрядтың 1 бірлігін құрайды. Мысалы,
10 бірлік 1 ондыққа тең, 10 ондық 1 жүздікке тең, 10 жүздік 1 мыңдыққа тең деген секілді.

Текст «10 бірлік = 1 ондық
10 ондық = 1 жүздік
10 жүздік = 1 мыңдық
....................................»

8

Натурал сандардың жазылуына қарап оқып үйренейік. Егер 717843 осындай сан берілсе, ол жерде 6 цифр болғандықтан мыңдар класына жататынын білеміз. Сондықтан оқылуы: жеті жүз он жеті мың сегіз жүз қырық үш.

4172003. 7 цифрдан тұратындықтан миллиондар класына жатады. Соңғы алты цифрдан бұрын тұрған санды миллион деп қарастырасыз. Оқылуы: төрт миллион жүз жетпіс екі мың үш.


2165187326. 10 цифрдан тұратындықтан миллиардқа жатады. Соңғы тоғыз цифрдан бұрын тұрған санды миллиард деп қарастырамыз.


Оқылуы: екі миллиард жүз алпыс бес миллион жүз сексен жеті мың үш жүз жиырма алты.

Текст
«717 843
жеті жүз он жеті мың сегіз жүз қырық үш (по порядку)
4 172 003
төрт миллион жүз жетпіс екі мың үш. (по порядку)

2 165 187 326


екі миллиард жүз алпыс бес миллион жүз сексен жеті мың үш жүз жиырма алты. (по порядку)



9

Енді натурал сандардың өрнектелуіне тоқталайық. Егер белгісіз а натурал саны берілетін болса, онда одан кейінгі натурал сан а+1, кейінгісі а+2, одан кейінгісі а+3 ... т.с.с болып өрнектеле береді. Себебі кез келген натурал сан өзінен алдынғы тұрған натурал саннан біреуге артық екенін білеміз.

Текст үлкенірек форматта
«а
а+1
а+2
а+3
......»

10

Ал балалар бүгінгі сабақ түсінікті болды деген ойдамын. Білімімізді арттыра түсу үшін берілген тапсырмаларды орындаймыз. Ендеше сау болыңдар.

Текст «>Тапсырмалар<»




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет