Сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады



Дата17.04.2020
өлшемі33,18 Kb.
#62833
Байланысты:
Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады
Таныстыру, Жұмсақ ойыншықтар дайындау, Жұмсақ ойыншықтар дайындау, Жұмсақ ойыншықтар дайындау, Жұмсақ ойыншықтар дайындау, Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады, Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады, Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады
Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады:
«Қазақ тілі»: сөз қорын дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын терминдермен толықтыру.
«Физика»: «механикалық жұмыс», «ауаның қарсылығы», «дененің массасы», «біркелкі және біркелкі емес сырғу», «қуат» туралы түсініктерді оқу-жаттығу үдерісінде қолдану;
«Алгебра, геометрия»: ұзындық, биіктік, жылдамдық, арақашықтық, уақыт, ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіруді есептеу.
«Биология»: шылым шегу мен алкогольдік ішімдіктер ішудің ағзаға тигізетін теріс әсері; зат алмасу.
«Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: олимпиадалық қозғалыс тарихы; қазақтың ұлттық ойындарының пайда болу тарихы.
«География»: бағыт тұстарын білу, жергілікті жерлердегі түрлі белгілер және карта бойынша бағдар алу біліктілігі;
«Алғашқы әсери дайындық»: саптық жаттығуларды қолдану; кедергілерден өту; отансүйгіштікті және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбилеу.
«Технология»: өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және оларды түрлі қиын жағдайларда қолдана білуді үйрету.

Жеңіл атлетика

Жоғары және төмен қалыпта орындалатын сөре (старт). Төменгі сөре қалыптан үдей жүгіру. 30-40 м қашықтықты жүгіріп өту. Мәрелік қимыл. 100 м жүгіру. 4×100 м эстафеталық жүгіру. Кедергілер арқылы жүгіру. 800 м жүгіру. 20-25 мин (жігіттер) және 15-50 мин (қыз балалар) бірқалыпты және ауыспалы екпінмен жүгіру. 3000 м (жігіттер) және 2000 м (қыз балалар) жүгіру. 13-15 адымнан жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. 11-13 адымнан жүгіріп келіп биіктікке секіру (жүгірудің дербес тәсілін таңдау). 18-20 м (жігіттер) және 12-14 м (қыз балалар) қашықтықтан нысанаға түрлі снарядтарды лақтыру. Жүгіріп келіп 700 г (жігіттер) және 500 г (қыз балалар) гранатаны алысқа лақтыру.
Спорт ойындары

Баскетбол. Қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар. Допты қағып алу мен беруді қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде орындау нұсқалары. Қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу. Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет (жұлып алу, соғып жіберу, қақшып кету, жабу). Шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны.

Волейбол. Қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар. Допты беру және қабылдау техникаларының нұсқалары. Допты жоғарыдан тік қолмен ойынға қосу. Ойынға қосылған допты қабылдау. Тігінен шабуылдау соққысын тордан асыра орындау. Шабуыл соққысына тосқауыл қою нұсқалары (жалғыз және жұптасып). Сақтандыру. Шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны.

Футбол. Қозғалу техникаларының игерілген қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар. Баспен соққы жасау және пас беру нұсқалары. Допты аяқпен, кеудемен тоқтатудың түрлері. Қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу. Допты игеру техникасының қимыл-қозғалыстарынан құрылған комбинациялар. Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет. Допты қағып жіберу және қақшып кету. Шабуыл мен қорғаныстағы жекелеген, топтық және командалық тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны.

Гандбол. Ойын техникасының тәсілдерін жетілдіру. Ойыншының алаңда қозғалуы, доппен қозғалуы және допты беруі секілді тұрақты дағдыларды шыңдауға бағытталған арнайы дене жаттығулары. Қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде доппен қозғалу. Қорғаушының қарсылығынсыз және қарсылық көрсету кезінде пас беру нұсқалары. Допты қақпаға лақтыру нұсқалары. Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыға қарсы әрекет (жұлып алу, соғып жіберу, қақшып кету). Аумақтық қорғаныс. Оқу-үйрену ойыны.
Гимнастика

Саптық жаттығулар. Төменгі сыныптарда үйретілген жаттығуларды қайталау: қозғалыстағы бұрылу тәсілдері. Бір колоннадан екі, төрт және сегіз колоннаға қайта сап құру.

Жалпы дамыту жаттығулары. Дененің негізгі бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар.

Тепе-теңдік жаттығулары. Төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған комбинация.

Таянып секіру (жігіттер). Жүгіріп келіп серіппеден итеріліп, ұзынынан қойылған гимнастикалық ағаш аттан аяқты ашып секіру (шеткі бұрышынан қолмен итеріліп). Ағаш аттың биіктігі 130 см.

Қыз балалар. Гимнастикалық кіші аттан аяқты ашып секіру (кіші аттың биіктігі 120 см).

Кермеде орындалатын жаттығулар (жігіттер). Асылып тұрған қалыптан күшпен көтеріліп таяну. Аяқты сермеп орындалатын жаттығулар. Асылып тұрып аяқты сермеп шалқая көтеріліп таяну. Таянып тұрып артқа құлау – кермеге жанаса айналу. Таянып тұрған қалыптан аяқты доға бойынша сермеп, аяқты артқа сермеген сәтте секіріп түсу.

Арыста орындалатын жаттығулар (жігіттер). Қолмен таянып тұрып тербелу; қолмен таянып тұрып тербеліп, қолды бүге көтерілу, аяқты ашып отыру; аяқты ашып отырған қалыптан алға аунап, аяқты ашып отыру; таянып тұрып тербеліп, артқа сермелген сәтте шалқая секіріп түсу.

Бөренеде орындалатын тепе-теңдік жаттығулары (қыз балалар). Жүрелей таянып отыру, сол аяқпен жүрелеп отыру – оң аяқ қапталда; бөрене бағытымен жүрелей таянып отыру; көлденең жүрелей таянып отыру – қол қапталда. Жүру түрлері: аяқ ұшымен, тізені биік көтеріп, алға ұмтыла. Секірулер мен бұрылулар: аяқты жартылай және толығымен сермеп бұрылу. Шалқая секіріп түсу.

Түрлі биіктіктегі арыста орындалатын жаттығулар (қыз балалар). Асылып тұрып тербелу; төменгі сырыққа жүрелей асылып тұрған қалыптан бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп, алға аунап жоғарғы сырықта таяну; жоғарғы сырықта таянып тұрған қалыптан алға түсіп, төменгі сырыққа жатып асылу; төменгі сырықта асылып жатып оңға бұрылу, оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстап, оң жамбаспен төменгі сырықта отыру; сол қолмен төменгі сырыққа тіреліп (оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстау) бұрыш ұстап отыру – оң қолды сырықтан босатып, бұрылу (сол қолдың бойымен) және секіріп түсу.

Акробатика (жігіттер). Биіктігі 80-90 см кедергіден алға аунап секіріп өту. Мұғалімнің (оқушының) көмегімен қолды тіреп артқа аунау.

Қазіргі заманғы би және ұлттық би элементтері.

Өрмелеу. Биіктігі 4 м арқанға аяқтың көмегінсіз өрмелеу (жігіттер).
Шаңғы

Төменгі сыныптарда үйретілген шаңғы жүрістерін жергілікті жер бедері және қардың жағдайына қарай қолданып шаңғымен жүру. Шаңғы жолындағы табиғи кедергілерден аттап, секіріп және астынан еңкейіп өту. Шаңғымен 3 шқ жүгіру. Шаңғымен көтерілу түрлері: сырғи адымдап, «шырша» тәсілдерімен. Биік және төмен тұру қалпымен еңіске түсу. Шаңғымен бұрылу түрлері: адымдап, соқаша, тіреліп.
Жүзу

Үйретілген тәсілдермен жүзу. Тек қол немесе аяқтың қимылдарымен жүзу. Таңдап алған тәсілмен 2×50 м жүзу. Суға батушыны құтқару тәсілдері. Суда өткізілетін ойындар мен эстафеталық жарыстар.


10-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері




Қорытынды жаттығулар

Ер балалар

Қыз балалар

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1

100 м жүгіру (с)

14,5

14,9

15,5

16,5

17,0

17,8

2

3000м жүгіру (мин, с)

15,00

16,00

17,00

-

-

-

3

800 м жүгіру (мин, с)

2,37

2,47

3,00

-

-

-

4

2000м жүгіру (мин, с)

-

-

-

10,10

11,40

12,40

5

Ұзындыққа секіру (см)

440

400

340

375

340

300

6

Биіктікке секіру (см)

135

130

115

120

115

105

7

Граната лақтыру

32

26

22

18

13

11

8

Биік кермеде тартылу (рет)

11

9

8

-

-

-

9

Арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру (рет)


-


-


-


22


17


13

10

Аяқты «бұрыш» қалпында ұстау (с)


5


4


3


-


-


-

11

Кермеде асылып тұрған қалыптан күшпен аунап көтеріліп таяну. (рет)


3


2


1


-


-


-

12

Бөренеде таянып тұрып қолды бүгіп-жазу (рет)


10


7


4


-


-


-


13


50 м жүзу (мин, с)


0,42

у/е-мейді


25 м


1,03

у/е-мейді


25м

14

Шаңғымен 3 шқ жүгіру (мин, с)

-

-

-

19,00

20,00

21,00

15

Шаңғымен 5 шқ жүгіру (мин, с)

27,00

29,00

31,00

-

-

-

16

2000м жазық далада жүгіру (мин, с) қарсыз аудандарда


-


-


-


11,00


12,20


13,20

17

3000 м жазық далада жүгіру (мин, с) қарсыз аудандарда


15,30


16,30


17,30


-


-


-

18

Аяқтың көмегімен биіктігі 4 м арқанға жылдам өрмелеу (с)


12


14


17


-


-


-


11-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері



Қорытынды жаттығулар

жігіттер

қыз балалар

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1

100 м жүгіру (с)

14,2

14,5

15,0

16,0

16,5

17,0

2

1000 м жүгіру (мин, с)

3,30

3,40

3,55

-

-

-

3

2000 м жүгіру (мин, с)

-

-

-

10,00

11,30

12,20

4

3000 м жүгіру (мин, с)

13,00

15,00

16,00

-

-

-

5

Ұзындыққа секіру (см)

460

420

370

380

340

310

6

Биіктікке секіру (см)

135

130

120

120

115

105

7

Граната лақтыру (м)

38

32

26

23

18

12

8

Биік кермеде тартылу (рет)

12

10

8

-

-

-

9

Арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру (рет)











25


20


15

10

Аяқты «бұрыш» қалпында ұстау (с)

8

5

4

-

-

-

11

Кермеде асылып тұрған қалыптан күшпен аунап көтеріліп таяну. (рет)


4


3


2


-


-


-

12

Сырықта таянып тұрып қолды бүгіп-жазу (рет)


12


10


7


-


-


-

13

50 м жүзу (мин, с)

0,41

у/е-мейді

25

1,00

у/е-мейді

25 м

14

Шаңғымен 3 шқ жүгіру (мин, с)

-

-

-

18,30

19,00

20,00

15

Шаңғымен 5 шқ жүгіру (мин, с)

25,00

27,00

29,00

уақыт есептелмейді

16

Шаңғымен 10 шқ жүгіру

уақыт есептелмейді

-

-

-

17

2000м жазық далада жүгіру (мин, с) қарсыз аудандарда

-

-

-

10,30

12,10

13,10

18

3000 м жазық далада жүгіру (мин, с) қарсыз аудандарда

13,30

15,30

16,50

-

-

-

19

Аяқтың көмегімен биіктігі 4 м арқанға жылдам өрмелеу (с)

12

14

17

-

-

-


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Пәндік нәтижелер

10-11 сыныпты бітіруші оқушылар:

- дене жаттығуларын орындау техникаларын бақылау әдістерін, дене жүктемелерінің тәртібін (жүректің қысқару жиілігі бойынша), сабақ кезіндегі өзінің көңіл-күйін (сыртқы және ішкі белгілері бойынша);

- дене шынықтырудың ағзаның қызмет ету жүйелеріне тигізетін әсерін білуі/түсінуі тиіс;

- денсаулықты нығайту, денелік және спорттық жетілу қажеттіліктерін ескере отырып, дене тәрбиесінің өзіне қолайлы түрін жоспарлауды;

- гимнастикалық, акробатикалық, жеңіл атлетика жаттығулары кешенін және спорт ойындарының техникалық-тактикалық әрекеттерін орындауды;

- дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды;

- бағдарламада берілген спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстарда төрелік етуді меңгере білуі тиіс;
Тұлғалық нәтижелер

айқындауы керек:

- патриотизмді, өз Отанына, көпұлттық Қазақстан Республикасының өткені мен келешегіне деген құрметті тәрбиелеу; жауапкершілік және Отан алдындағы борышты сезінуді тәрбиелеу;

- оқу-үйренуге жауапкершілікпен қарау, оқушылардың үйрену мен танымға деген қызығушылықтарын ояту арқылы дербес дамуға және өз беттерімен білім деңгейлерін көтеруді қалыптастыру, сонымен қатар еңбекке деген құрметті қалыптастыру арқылы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға белсенді ат салысуды дамыту;

- өз құрбыларымен, өзінен кіші және үлкендермен қарым-қатынас орнатуда, ересектерден білім алуда, қоғамдық маңызы бар жұмыстарды орындауда, ғылыми, шығармашылық және өзге де іс-әрекеттерді орындау кезіндегі құзіреттілікті қалыптастыру;

- қауіпсіз және салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру; адамдардың өміріне және денсаулығына нұқсан келтіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжым болып әрекет ету ережелерін, көлікке мінгенде және жолда жол ережелерін сақтауды игеру.
Жүйелік-әрекеттік нәтижелер

айқындауы керек:

- жұмыс істеу қабілетін жоғарылату, денсаулықты сақтау мен нығайтуды;

- жеке, ұжымдық және отбасылық демалысты ұйымдастыру және өткізу, бұқаралық-спорттық көпшілікке арналған жарыстарға қатысуды;

- белсенді шығармашылық жұмыстар, салауатты өмір салтын таңдау және қалыптастыруды;

- өзінің оқуға деген мақсатын дербес анықтап, оқу және танымдық іс-әрекеттер кезінде жаңа міндеттер жүктей және құра білу, өзінің танымдық қызығушылықтарын дамытуды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет