Жаңа сабақ «Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу»
Эксперимент арқылы ақпарат беру
S2 S1
t2 t1
«Білемін Білгім келеді Білдім» әдісімен түсіну
Білемін
|
Білгім келеді
|
Білдім
|
|
|
|
Практикалық жұмыс
Тапсырма 1
ТУ-104 реактивті жолаушылар ұшағы бірқалыпты қозғалып 30 с-та 8250 м
арақашықтықты ұшып өтті. Ұшақтың жылдамдығын м/с және км/сағ-пен
анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- жылдамдықтың мәнін анықтайды;
- жылдамдықтың өлшем бірліктерін түрлендіреді.
ҚБ «Басбармақ»
Тапсырма 2
Жаяу адам барлық жолдың 30 м алғашқы бөлігін – 20 секундта, ал келесі бөлігін
1,45 м/с жылдамдықпен 40 секундта, қалған 45 м жол бөлігін 1,5 м/с
жылдамдықпен жүріп өтті. Жолаушының барлық жолдағы орташа жылдамдығын
есептеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- барлық жүрілген жолды есептейді.
- барлық қозғалыс уақытын анықтайды.
- орташа жылдамдық мәнін анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау : «Басбармақ»
Қосымша мәліметтер
1.Оқушы таксиге мініп мектепке келді. Таксиге 250 тенге төледі. Таксиге не үшін төледі? Жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе?
2.Автомобиль Сағыздан Миялыға дейінгі аралықты 2,5 сағатта жүріп өтті, берілген шаманы секундпен өрнектеңдер.
3.Футболшы ойын кезінде 12 км жүгірді. Осы қашықтық орын ауыстыру ұзындығы ма, әлде жүрілген жол ма?
|