Сабақ Өткізу әдістемесі г. Түгелбаева Х.ғ. к., доцент, Н.Қабдылғазынова магистрант



Дата18.02.2017
өлшемі167,93 Kb.
#9858
«АТОМДЫҚ ФИЗИКА ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЭТАПТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША КОУЧИНГ САБАҚ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Г.Түгелбаева – х.ғ.к., доцент, Н.Қабдылғазынова – магистрант
«Маған айтып берсең – ұмытып қаламын,

«Менің өзіме жасатсаң – үйренемін!»

(Конфуций)
Коучинг сабақты өткізу кезеңдері:


  • Қатысушылар бір-бірімен әр тілде амандасады, қазақша, орысша, ағылшын тілінде – 2 минут:

  • топтарға бөлу, топ ережесін құру – 3 минут:

  • Ұйымдастыру, ой cергіту – 2 минут:

  • Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

  • Теориялық материал, топтық жұмыс, презентация қорғау – 20 минут:

  • Рефлексия, кері байланыс – 5 минут:

  • Сергіту (Дене мүшелерімен 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрларын жазу) – 2 мин:

  • Бағалау – 5 минут:

  • Коучинг сабақтың қорытындысы: «Бес саусақ» тәсілі бойынша – 6 мин.

Коуч -

коучинг сабақтың тақырыбымен

мақсатын таныстырады

  1. Білімділік: Студенттердің таным қабілеттерін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.  Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.

2. Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығын мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны, сыни ойлауды қалыптастыру, оқшылардын сыни ойлауына жағдай жасау, әлем сырына үңілуге баулу.
3.Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ойын  тұжырымдай білуге, дәйекті баяндай білуге баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

психологиялық климатты, сенім атмосферасын қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже

Интербелсенді әдісті оқу үдерісінде қолдана алады.

Пән   мұғалімдері оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оларды оқу мен тәрбие жұмыстарында қалай қолдануға болатындығы жайлы, ол әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы түсінік алады.



Табыс критерийлері

  1. Атомдық физиканың пайда болуы мен атом құрлысының күрделігі туралы ілімнің дұрыстығына көз жеткізу.

  2. Атомдық физиканың даму этаптары, ашылған жаңалықтардың бірін бірі толықтыра түскендігін түсіну.

  3. Атом ядросының ашылуы және ғылымға тигізген әсері.

  4. Ядролық физиканың дамуы, жаңа энергия көздерінің ашылуы.

  5. Микроәлемнің шексіздігін түсіну.




Дерек көздер

Презентация, ғаламтор, оқулықтар

Сабақта қоданылатын материалдар

Флипчарттар, маркерлер, стикерлер (түрлі түсті), тапсырма орындайтын қағаздар, бейнетаспа, интерактив тақта, презентация, плакаттар, ноутбук, мультимедиалық проектор.


Коучинг дегеніміз не? Коучинг (ағылш. coaching — оқыту, жаттықтыру) — консалтинг және тренинг әдісі; классикалық консалтинг пен тренингтен айырмашылығы — коуч кеңес және қатаң ұсыныстар бермейді, ол шешімді клиентпен бірлесе отырып іздестіреді. Сөзбе - сөз аударғанда – тәлім алу, дайындау, жаттықтыру деген ұғымды білдіреді. Анықтаманы талдай кетер болсақ, коучинг адамға немесе компанияға мақсатқа, нәтижеге жетуге көмектеседі. Коучингті меңгерген маманды «коуч» не «коучер» деп атайды.

Коучинг — өте табиғи, яғни коучингте жалпылау немесе жалпылама шешім деген жоқ. Әр қойылған мақсат, әр табылған шешім сол адамның не білім беру ұйымының ерекшеліктері мен артықшылықтарына тән болады;


Коучинг — адамды жауапкершілікке тәрбиелейді. Жауапкершілік — өз өміріңе, өз сөзіңе, өз нәтижеңе, өз көңіл-күйіңе, адамды өзінің шын арман-мақсаттарымен, құндылықтарымен түйістіреді.
Альберт Эйнштейн кезінде «Мен өз шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын» деп айтса, суда жүзу бойынша 11 Олимпиада чемпионын дайындаған атақты австралиялық жаттықтырушы Фред Корлайль «Мен чемпиондарды даярлап шығармаймын, мен тек жеңімпаздар қалыптасатын орта дайындаймын» деген екен [1, 5].

С.Мирсейітова [2] егер «сыныптағы ортада оқушылар арасында еркін қарым-қатынас, өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық қуатталып, оқушыларға өзіндік идеяларды ұсыну мүмкіншілігі берілсе, онда олар ешнәрседен қаймықпай, берілген тапсырмаларды ынтамен орындайды» деген. Физикада «Қандай да болмасын қысым қарсылыққа тура пропорционалды» деген заңын мектептен білеміз. Міне, осы қағиданы француз философы әрі жазушысы Альбер Камю қоғамдық қатынастарға да қолданған. Неғұрлым қатты қысым жасасақ, соғұрлым қарсылық та күшейе түспек. Сондықтан да білім беру ісінде мейлінше жұмсақ болу шарт.

Көне қытай данышпаны Лао-цзы былай деген екен: «Шөп өсіп тұрғанда жұмсақ болады да, өлгеннен кейін қатып қалады, адам денесі де тірі кезінде жұмсақ та, өлгеннен кейін қатты болады. Демек, өмір дегеніміз – жұмсақтық, ал өлім – қаттылық. Ең жұмсақ нәрсе – су, ол қандай да болмасын кейіп (форма) қабылдап, кез келген қалыпқа енеді. Сонымен бірге ең қуатты да су: тасығанда оның тегеурініне шыдайтын бір де бір тосқауыл жоқ та болар. Демек, жұмсақтық – күш. Демек, су сияқты жұмсақ болып, әр адамның бабын таба білу керек».

«Интербелсенді оқуды неден бастау керек?» деген сұраққа жауап бергенде, ең алдымен келесі ережелерді ұстану қажет. Аудитория үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын бірнеше рет өзгертуі ықтимал, сол себепті парталар мен үстелдер олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы керек. Әдетте аудиторияда студенттер партаға екеуден отырып, жүздерін оқытушыға қарай беріп отырады. Бұлай отыру олардың бір-бірімен қоян-қолтық араласып, олардың тиімді қарым –қатынас орнатуына жәрдемдеспейді: алда немесе арт жақта отырғанмен қалайша әңгімелесуге болады? Отырғанда студенттер бір-бірінің жүздерін көргені дұрыс, өйткені олардың әңгімелесетін, қандайда болмасын мәселені талқылайтын серіктері өз жолдастары болады. Әр сабақта (әсіресе семинар немесе практикалық сабақтарда) студенттерді шағын бір топқа бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Үйренушілерді шағын торптарға 4 адамнан бөлген тиімді, олар партаны жағалай бір-біріне бет қаратып отырады.

Парталарды да қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең басты үйренушілердің бәрі де бір мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру сәті: Аудиторияны жұмысқа дайындау. Сабақта парталарды қою.

Топқа бөлу. Жұмысымыз ары қарай жалғасу үшін топқа бөлінеміз. «Шашу, шашу» әдісімен алған кәмпиттердің қағазына қарап екі топқа бөлінеді. Әр топ өз ұрандарын айтып, топ мүшелерімен өздерін таныстырады.


  • Бірінші топ - «Атом»;

  • Екінші топ - «Электрон».

Жұмыс ережелерін қабылдау. Ережелер сан-алуан болуы мүмкін, мәселен, жұмыс регламенты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста силасымды қарым-қатынас құруға бағытталғаны жөн. Мәселен:

  • Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!

  • Әрбір пікірді тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу, «Қанша адам бар болса, пікірлер де соншама» деп бекер айтылмаған; Тұлғаның жеке басын сынамай, көзқарас пен пікірді сынайық!

  • Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланып, қысқа да нұсқа сөйлейік!

  • Берілген тақырыптан ауытқымай, тапсырманы мүлтіксіз орындайық!

  • Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!


II. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік: Сабақтың басында «Атомдық физика пәні, және оның даму этаптары» тақырыбы бойынша коуч сабақтың мақсатын, табыс критерийлерін айқындап, атомдық физика пәнінің пайда болуы мен даму этаптары, оның пайда болуына әсер еткен тарихи оқиғалар мен құбылыстарды білуі, яғни Рентген сәулесінің, радиоактивтілік құбылысының ашылуы және оның ашылуына әсер еткен ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектерінің маңызы, техника дамуына тигізген әсері туралы үйренушілерден қандай білім, білік, құзырлылық, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді. Сонан соң үйренушілердің өздерінен сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс пен әрекеттер атқаруым керек? Бұл білім маған қандай пайда бермек?» деген сұрақтар төңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырады.

Бірінші топ - «Атом» тақырыбы бойынша презентация қорғайды. «Атом» грекше – бөлінбейтін деген мағына береді деп атом ұғымына түсінік береді. Кез-келген зат өте ұсақ, одан әрі бөлінбейтін бөлшектерден тұрады, осы бөлшекті «атом» деп атаған. Әр заттың атомдарының мөлшері және геометриялық пішіні әр түрлі болады деген идея – атомистика, немесе атомизм идеясы ең көне ғылыми идеялардың бірі (б.э.д. У – І ғ. Левкипп, Демокрит, Эпикур) [3-5].

Атомдық физика 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басында пайда болғанына тоқтала келіп, оның дамып қалыптасу этаптары көрсетіледі:



  • Б.э.д. – 450-250 ж.- Атом материяның бөлінбейтін бөлшегі деген түсініктің пайда болуы (б.э.д. У – І ғ. Левкипп, Демокрит, Эпикур).

  • 19 ғ.б.- Негізгі химиялық заңдар мен идеал газ заңдарының тағайндалуы нәтижесінде химиялық элементтің ең кіші бөлшегі туралы түсінік қалыптасты (Дж.Дальтон, Авагадро,Берцеллиус).

  • 19 ғ. Ортасы – Атом мен молекула арасының айқындалуы (С.Каницаро италия ғалымы).

  • 1869 ж. – Элементтердің периодтық жүйесінің ашылуы (Д.И.Менделеев). Атом құрлысының күрделі екендігін айқындады.

  • 1895 ж. – Рентген сәулесінің ашылуы (К.Рентген).

  • 1896 ж. Радиоактивті құбылыстың ашылуы (А.Беккерель).

Алғашында бөлінбейтін боп саналатын атомның құрлысының күрделі екендігі айқындала бастағандығы туралы айтады.

Резерфорд жылдамдығы 1,8.109см/с болатын - бөлшектерінің қалыңдығы 6.10-5см алтын қабатынан өткенде орташа алғанда 20000 мың бөлшектің біреуі өз бағытын кенеттен бұрғанын анықтайды. Резерфорд бұл жағдайды заттың негізгі массасы барлық жерде бірдей емес, кейбір жерінде, яғни ядрода шоғырланған деп тұжырым жасайды. Атомның массасы ядрода шоғырланғандығын тәжрибе жүзінде, теориялық жолмен - бөлшектің қандай бұрышқа бұрылуын есептеуі тәжрибемен дәл келді.

Резерфорд ядроның барлығын ашып қана қоймай оның беріктігін де көрсетті, себебі энергиясы бірнеше МэВ - бөлшектері әсерінен ол ешқандай өзгеріске түскен жоқ. («Теперь я знаю как устроен атом!» 1911г. Гейгерге жазған хаты). Атомның ядродан тұратындығын Резерфорд тәжрибелері дәлелдеді, ал ядроның өзі протондар мен нейтрондардан тұрды.

Ядродағы нуклондар санын



A = N + Z

массалық сан дейді, мұнда N –нейтрондар саны. Z- тері бірдей, бірақ әрбасқа массалық саны А бар ядролар, изотоптар деп аталады; А-лары бірдей, бірақ Z-тері әрбасқа ядролар – изобаралар; Нейтрон сандары N бірдей ядролар- изотондар; бұдан басқа A және Z сандары бірдей радиоактивті ядролар- изомерлер бар, олардың жартылай ыдырау периодтары әртүрлі.

Қазіргі уақытта 300-ге жуық орнықты және 2000-нан астам химиялық элементтердің радиоактивті изотоптары бар. Ядроларды белгілеу үшін келесі ZXA немесе , символдар қолданылады, мысалы, 1Н1- сутегі изотопының ядросы, немесе – протон- оған сәйкес сутегі газы молекуласы Н2 оған сәйкес су Н2О- кәдімгі су, ядросы - «дейтон», Д2 – дейтерий, Д2О – «ауыр су», ядросы «тритон», Т2 –тритий, Т2О – «асқын ауыр су» деп аталады, олар сутекті бомбаларын жасауда қолданылатындығы туралы көптеген мәліметтерді безендірілген презентация түрінде қорғайды.

Екінші топ - «Электрон» тақырыбы бойынша презентацияларын қорғайды. 1897 ж. – Электронның ашылуы (Дж.Томсон). 19ғ. Фарадейдің электролиз құбылысын ашуы – атомизм химияда негізгі ұғым болуын көрсетіп, атомизм идеясының физикаға таралуына себепші болды. Электролиз заңдары заттың атомдық құрылысы жайлы, элементар заряд жайындағы ұғымның пайда болуына әкелді.

Е=1,6.10-19 Кл-ең кіші элементар заряд.

Дененің заряды өзгергенде, ол элементар зарядтың бүтін мәніне еселі түрде, яғни дискретті түрде өзгереді.

Ядрода – микродүниеге тән кванттық заңдылықтар бар. Ядро-үздіксіз емес дискретті энергетикалық спектр шығарады. Ядроның ішінде еркіндік дәрежесі жылулық қозғалысқа келу үшін оған бірнеше жүздеген миллион температураға көтеру керек. Міне, мұның өзі ядроның беріктігін тағы дәлелдейді. Алхимиктердің бір элемент ядросынан босқа элемент ойларының жүзеге аспағаныда осыдан. Энергиясы ең аз күйді- негізгі күй, ал қалған күйлерді – қозған күй деп атаймыз.

Атом ядросын сипаттайтын физикалық шамаларды екіге бөледі:

1) ядроның негізгі қозбаған кездегі күйін сипаттайтын – статикалық шамалар;

2) Ядролық ыдырау, ядролық реакциялар кезіндегі – динамикалық шамалар деп бөлінеді деп бөлінеді.

Атом ядросы өте берік болғандықтан көптеген құбылыстарда қозбаған күйінде қатысады. Ядроның негізгі статикалық сипаттамаларына мына шамалар жатады.

1 – ядро құрамын сипаттайтын шамалар, атомдық нөмірі – Z , массалық сан –A..

2 – механикалық шамалар: байланыс энергиясы – Еб, спині- өздік механикалық моменті- I және кванттық механикалық сипаттамасы – жұптығы;

3 – ядроның размерін және формасын сипаттайтын шамалар: зарядтың орташа квадраттық таралу радиусы – R,, дипольдік магниттік моменті - , электрлік квадрупольді моменті – Q.

4 . Статистика – ядролар бағынатын.


  1. Ядроның статистикалық сипаттамаларын- стабильді ядро қасиеттері деп те атайды.

Радиоактивті ядро сонымен қатар радиоактивті ыдырау типіне байланысты -- ыдырау болып бөлінеді.

Радиоактивтілікті зерттеу (Мария, Пьер Кюрилер) атомның өзгермейтіндігін теріске шығаруы, атом құрлысының күрделілігі жөніндегі теориясының дамуы:



  • 1903 ж. – Радиоактивтілік құбылысын химиялық элементтердің өзгерісі деп түсіндіру (Резерфорд, Содди).

  • 1904 ж. – Атомның алғашқы моделінің пайда болуы (Дж.Томсон).

  • 1908-10жж. - - бөлшектермен атқылау арқылы атом массасы орталығы ядроға шоғырланғанын көрсетуі ( Резерфорд).

  • 1911-1913 жж. – Атомның планетарлық моделі «ядро»- термині енгізілді ( Резерфорд).

  • 1913 ж. – Сутегі атомының алғашқы кванттық теориясы (Н. Бор) жасалғандығы;

Атомдық физиканың бұдан кейінгі дамуы кванттық теорияның дамуымен тығыз байланысты болды. Осыған байланысты кванттық теорияның пайда болып дамуын бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең: 19 ғ. Аяғы – 1912 ж. (алғашқы эксперименттер және бұларды түсіндіруге жасалған алғашқы қадамдар);

Екінші кезең: 1913-1922 ж. (Бордың кванттық теориясы); ХХ ғасыр басында Планктың кванттық гипотезасынан кейін атомизм электромагниттік өріс теориясына ене бастады.

Е= тс2

Электромагниттік сәуле энергиясы анықталады.

Үшінші кезең: 1923-1927 ж.ж. кванттық механиканың қалыптасуы).

Төртінші кезең: Қәзіргі кезеңдегі кванттық физиканың негізгі жетістіктері мен ғылым мен техникканың дамуы туралы көптеген мәліметтер келтіруге болады.

Кванттық теорияның негізі 19 ғ. Басында физиканың сол кезде бір-бірімен байланысы жоқ әр түрлі салаларында (атомдық спектроскопия, абсолют қара дененің сәуле шығаруына жүргізілген зерттеулер, фотоэлектрлік эффекті зерттеулер, қатты дене физикасы, атом құрлысын зерттеу) жасалған эксперименттік жұмыстар нәтижесінде қаланды.

19 ғ. Аяғына таман атомдардың шығару спектрлері бойынша өте мол эксперимент деректері жинақталған болатын. Сонда атомдар спектрлеріндегі сызықтар белгілі тәртіппен орналасқан және сызықтар жиынтықтарын (сериялар) құрайтындығы белгілі болды. 1885 жылы Бальмер сутегі атомы спектрінен қарапайым математикалық өрнекпен бейнеленетін сызықтар сериясын ашты. (бұл спектрдің көрінетін бөлігінде орналасқан Бальмер сериясы). Бұдан басқа спектрдің ультракүлгін(Лайман, 1904 ж.) және инфрақызыл (Пашен, 1909 ж.) бөліктерінен де сериялар ашылды. Осы сериялар бұрын тағайындалған Бальмер формулаларына ұқсас формуламен бейнеленді. Атомның әр түрлі серияларындағы заңдылықты аңғарып Ритц 1908 жылы өзінің атақты комбинациялық принципін тұжырымдады. Бірақ 1919 ж. Дейін осы принципті түсіндіру мүмкін болмады; спектрлік сызықтардың табиғаты да түсініксіз күйінде қалып келді.

1907 ж. А.Эйнштейн ғалымдарды көптеген жылдар бойы толғандырып келген қатты дене физикасының маңызды проблемаларының бірін шешуге квантталу идеясын сәтті қолданды.

Энергияның квантталуы жайындағы Планктың идеясын кристалдағы атомдардың тербелістеріне қолданып, ол қатты денелердің жылу сиымдылығының температуралық тәуелділігін бейнелейтін формуланы қорытып шығарды. Сонымен, 19 ғ. Аяғында сол кезде қалыптасқан теория шеңберінде түсіндіруге келмейтін маңызды эксперимент деректері жинақталды.Бұлар: атомдар спектрлеріндегі реттелген сериялардың ашылуы; абсолют қара дене шығаратын сәулені; фотоэффект және қатты денелердің жылу сиымдылығын зерттеулерде энергияның квантталуының ашылуы; атомның планетарлық моделінің жасалуы. Бірақ та 1913 жылға дейін осы жаңалықтардың бәрі бір-бірінен байланыссыз жеке-жеке қарастырылды. Осы аталған эксперимент деректерінің табиғаты бір екендігін ұғыну үшін және осының негізінде жеткілікті жүйелі кванттық теориясы жасалуы үшін Бордың данышпандығы керек болды. Бор постулаттары келтірілдеді.



III. Жаңа материалды меңгеру барысында барлық үйренушілерді жұмысқа қатыстырып, сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет. Ол үшін үйренушілерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді болуға дайындау. Жағымды (позитивтік) және конструктивтік көзқарас ұстану, ешкімді де, ешнәрсені де (өзгенің пікірі мен көзқарасы) сөкпеу, даттамау, пікірін силап, санасатын жағдай жасау. Жұмыс барысы мен нәтижесінде туындайтын сәтсіздіктердің алдын алу, оларды болдырмауға ұмтылу; ал сәтсіздік болған жағдайда кімнің кінәлі екендігін іздемей, оның себептерін талдап, болашақта оны қайталамаудың жолдарын қарастыру.

Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау, пікірлесу, ой қозғау, тапсырманы бірлесе орындау, т.б.) әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір үйренуші (оны «сөйлеуші», «шешен», «спикер», «капитан» деп атауға болады) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.

Сабақтың басты мақсаты – білім алушы тұлғаның дамуы, оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуін анықтау және жаңа материалды қаншалықты жақсы меңгергендігін бағалау үшін викториналық сұрақтар көмегімен крассворд құрастырылады.

Екі топ бір – біріне сұрақтар дайындап келеді, мысалға: Электронды ең бірінші ашқан кім? Атомның құрлысы қандай? Нуклондар деген кандай бөлшектердің жұбы? Томсон моделі қандай? Т.т. Берілген жауаптарға сәйкес топ жқмысы бағаланып отырады.

Жаңа сабақтың материалдарын түсіндіріп болған соң кері байланыс, рефлексия орнатылады. Кері байланыс дегеніміз сабақтың мазмұны немесе әдіс-тәсілдері, оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы үйренушілердің ой-пікірлері мен эмоциялары, олардың болашақтағы (келесі сабақтардағы) өз мұқтаждарын келтіруін анықтау. Бұл пікірлер оқытушыға өткізген сабағына баға беріп, оның ұтымды жақтары мен кем-кетіктерін анықтап, өз жұмысына өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді.

Үйренушілер «Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нәрсеге үйрендіңіз (білдіңіз)?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді (қандай ақпарат көздерін оқисыз)?», «Қандай сұрақтарыңыз бар?», «Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?», «Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару керек деп ойлайсыз?» деген сұрақтарды ауызша талқылағаннан кейін, оларға жазбаша жауап берумен жалғастыруы мүмкін.

Әдетте жауаптар анонимді түрде беріледі. Жауаптарды, мәселен, «Бес саусақ» тәсілі бойынша беруге болады.


  • Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Не туралы білдім және түсіндім, тағы білгім келеді;

  • Балаң үйрек – бірлесу. Өз жұмысыма деген көзқарас: Мен қалайша жұмыс жасадым? Өз жұмысыма көңілім тола ма? Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза еттім?

  • Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Нені білмей қалдым?

  • Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Ұнамады ма? Неліктен?

  • Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? Сұрақтарым, пікірім, тілектерім: өзіме, оқытушыға, басқа студенттерге;

«Бес саусақ» тәсілі бойынша үйренушілердің жазған пікірлеріне талдау жасау арқылы, қойған сұрақтары оқытушы тарапынан ескеріліп, келесі сабақты соларға жауап берумен бастау мүмкіншілігін береді. Кері байланыс ұстаз бен студенттердің арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталады және келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады.

Оқытылып отырған материалын бекіту мақсатында бірінші топ екінші топтың тақырыбын схема түрінде сызып түсіндіріп береді, екінші топ бірінші топтың тақырыбын түсіндіреді де екі топ бір-бірін бағалайды.



ІV. Қорытындылау. Екі топтың мүшелері «Бүгінгі сабақ қалай өтті?»деген сұраққа жауап беріп(стикерге жазады), тақтадағы плакатқа жабыстырады.

V. Тапсырма: «Атомдық физика пәні және оның даму этаптары» тақырыбы бойынша портфолио жасап келу тапсырылады.
Тірек сөздер: Іскерлік ойын, рөльдік ойын, коуч, коучинг, оқытудың интербелсенді әдістері, кері байланыс, портфолио, сыни ойлау, рефлексия, атом, электрон, нуклондар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Әлімов А., Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Алматы, 2009 ж.

  2. Мирсеитова С.С. Становление и развитие философии учителя: гуманистическая парадигма. Алматы, 2008.

  3. Жұманов К.Ж., Атомдық физика негіздері, Алматы, 2006

  4. Мұсабеков О.Ө., Көшкімбаева Ә.Ш. Оптика, кванттық физика, атомдық және ядролық физика. , Алматы: ҚБТУ, 2008.

  5. Мухтарова А.К., Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асанбекова Г.С. «Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law». Сост.– Алматы: Фонд «ХХІ век», 2001. – 153 с. - .


АННОТАЦИЯ
Бұл мақалада атомдық физика курсының кез келген тақырыбын оқытуда интербелсенді оқыту әдістерінің түрлері мен оны ұйымдастару ережелері, қағидалары, шарттары анықталып, дәстүрлі оқыту әдістерінен айырмашылығы мен артықшылықтары көрсетілді; белсенді әрекеттер атқаруға, сыни тұрғыда ойлауға, сөйлеуге, талқылауға, жазуға, пікрілесу мен пікір таластыруға үйрену қағидасын коучинг сабақ беру барысында пайдалану жолдары көрсетілді;
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет