Сабақ өту орны мен мен мерзімі



Дата07.09.2022
өлшемі14,88 Kb.
#148897
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ хаттама дт
10-11 Сөж әлемдік діндер, задание к АРМ №6

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының «5В013000-Тарих-дінтану» мамандығының 4-курс студенті Мейірхан Ботаханның ашық сабағын талқылау


ХАТТАМАСЫ
Сабақ өту орны мен мен мерзімі: 25.11.2021 ж., уақыты: 17:20, №185 мектеп.
Пән: Дүниежүзі тарихы, 5 «Г» сыныбы.
Ашық сабақ тақырыбы: «Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?».
Қатысқандар: 26.
Комиссия мүшелері: пән мұғалімі Ракымбаева Марал Лазаровна, 5В013000-Тарих-дінтану мамандығының студенттері Мұратов Ербұлан, Ескермес Сабыржан, Өміртаева Анар, Мәлікшам Айбар.


Күн тәртібінде:
1.«5В013000-Тарих-дінтану» мамандығының 4-курс студенті Мейірхан Ботаханның «Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?» тақырыбы бойынша ашық сабағының өту барысын талқылау туралы.
Тыңдалды: 5В013000-Тарих-дінтану мамандығының студенті Өміртаева Анар: Тарих маманы ретінде Мейірхан Ботахан «Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?» тақырыптағы ашық сабаққа жақсы дайындалған. Ашық сабақ кезінде мектеп оқулығынан тыс отандық ғалымдардың әдебиеттерін көбірек қолданған, өйткені бұл тақырып бойынша реформалардың маңызын жіктеп көрсету арқылы тақырыпты толығымен аша білді. Бұл сабаққа тек теориялық жағынан емес слайдтарын дайындап, оқушыларға тыңғылықты жеткізе білді.Қорыта келе, Мейірхан Ботаханның дайындығын жоғары деңгейде деп айтуға болады.
Тыңдалды: Пән мұғалімі Ракымбаева Марал Лазаровна: Мейірхан Ботаханның сабағына келетін болсақ, Мен тарихшымын, сондықтан бүгінгі сабағының тақырыбы маған жақын десе болады. Тақырып қызықты,қазіргі таңдағы жаңа технологияларды қолдана отырып,көптеген мағлұматтар айтылды, жан-жақты дайындалып, оқушыларға жеткізе білді. Оқушылардың алдында сөйлеу мәдениеті, дауыс дикциясына көп мән берілген. Сабағын жоғары деңгейде өтті, маған ұнады.
Қаулы етті:
1.«5В013000-Тарих-дінтану» мамандығының 4 курс студенті Мейірхан Ботаханның «Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?» тақырыбы бойынша ашық сабағын теориялық-методологиялық біліктілігін көрсете отырып, жоғары деңгейде өткізді.
Комиссия мүшелері:


Пән мұғалімі:________________________Ракымбаева М. Л.
Студент:_____________________________Өміртаева Анар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет