№ 11 сабақ
Пән аты : Информатика Сынып:10 А,Ә Күні Мұғалім Ильясова Б.О.
Сабақтың тақырыбы:Айнымалы. Айнымалының негізіг типтері. Айнымалыларды хабарлау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға айнымалының саналатын және шектеулі типтері "жиым” ұғымы,бірөлшемді жиым туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық : Оқушыларды айнымалының саналатын және жиым ”ұғымы,бірөлшемді жиым туралы толық мағлұмат бере отырып,программа құру дағдыландыру,логикалық ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Тақырыбы:
• Айнымалы типтер
Күтілетін нәтиже:
Білім • Паскаль тілінің типтерін атап шығады.
• Паскаль тіліндегі типтерді сипаттайды.
Түсінік • Бүтін және нақты сандарға тәнтиптерді айырып таниды.
• Екі түрде жазылған бірдей санның айырмашылығын жуықтап бағалайды.
Қолданыс •Айнымалыларды сипаттау үшін сабақ үстінде алған білімін пайдаланады.
• Ақпаратты қай типте жазу керектігін ажыратады.
Анализ • Берілген ақпаратты BOOLEAN типінде жазып көрсетеді
Синтез • Әртүрлі типтерге мысал келтіреді.
Баға • Әр түрлі типтегі айнымалыларды сипаттау.
• Жиым мысалын жиымдардың қасиетіне негіздейді.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
Пайдаланылған әдибиеттер: Информатика 10 сынып оқулығы, Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
Сабақтың барысы
І. Үйымдастыру кезеңі.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі.
Ү. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
ҮІ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
ҮІІ. Бекіту кезеңі.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
ІҮ. Білімді белсенді, саналы меңгеруге дайындық кезеңі
Анықтамаларды, типтердің түрлерін және сипаттамаларын жаттау, кез келген әр түрлі типтегі он айнымалыны сипаттау бөлімінде сипаттау.
• Бонус-балл тапсырмасы
Жиымдық типті қолдануға болатын есепке мысал келтіріңіз.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
І. АҚПАРАТ БЛОГЫ
Тақырып жоспары:
1. Айнымалылар типтері.
2. Типтерді сипаттау.
3. Типтер мысалы.
Слайдтар:
1-слайд (титул)
2-слайд Тип дегеніміз не?
Мәліметтердің немесе айнымалылардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады.
3-слайд
4-слайд Типтерді сипаттау
Айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Жазылу пішімі:
1. var<идентификатор> : <тип>
2. type<тип атауы> = <тип мәндері>;
Типтерді сипаттау диаграммасы
5-слайд Бүтін сан түріндегі типтер
Типі Мәндердің өзгеруі Ұзындығы, байт
BYTE 0 – 255 1
SHORTINT -127 – +127 1
INTEGER -32768 - +32767 2
WORD 0 - 65535 2
LONGINT -2147483648 - +2147483647 4
6-слайд Нақты сан түріндегі типтер
Типі Ауқымы Мәнді цифрлары Өлшемі, байт
REAL -1.7∙10³⁸ – 1.7∙10³⁸ 11 – 12 6
SINGLE - 3.4∙10³⁸ – 3.4∙10³⁸ 7 – 8 4
DOUBLE -1.7∙10³⁰⁸ – 1.7∙10³⁰⁸ 15 – 16 8
EXTENDED -1.1∙10⁴⁹³² – 1.1∙10⁴⁹³² 19 – 20 10
COMP -2∙10⁶³-1 – 2∙10⁶³+1 19 – 20 8
7-слайд Логикалық тип
BOOLEAN
Логикалық типтегі шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды - TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.
Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: AND - (және), OR - (немесе), NOT - (емес), XOR -(арифметикалық немесе)
8-слайд Символдық тип
CHAR
Символдық типтегі шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады.Мәннің символ екенін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘h’, ‘5’, ‘*’ т.б.
9-слайд Тіркестік тип
• STRING
• Тіркестік типтегі шамалар апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды.
Сипаттау мысалы:
VAR
s : string[25]; { s айнымалысының ұзындығы 1-ден 25 символға дейін өзгере алады}
s1 : string; { s1 айнымалысының ұзындығы көрсетілмеген, яғни символдардың ең үлкен саны 255-ке тең }
10-слайд Саналатын тип
Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады. Мысалы:
атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор, …, n- идентификатор);
Var
kunder = (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексенбі’);
11-слайд Диапазондық немесе ауқымдық тип
• Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөліп көрсетеді.
• Мысалы:
атау = <алғашқы мән>..<соңғы мән>;
Var
Apta_kunderi = 1..7;
Ai_kunderi = 1..31;
12-слайд Жиымдар (Массивтер).
Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі.
ARRAY
Әрбір массив элементінің реттік нөмірі (индексі) болады.
Массив көп өлшемді бола алады; алайда, 65520 байттан артық орын ала алмайды.
13-слайд Жиымдар. Сипаттау мысалы.
VАR
M1 : array[1..200] of integer; { М1, A1 – бүтін және нақты сандардың бір өлшемді жиымдары }
A1 : array[100..200] of real;
ch1 : array['A'..'Z'] of char; { сh1, ch2 – символдардың бір өлшемді массивтері }
ch2 : array[0..255] of char;
14-слайд Жиымдар. Сипаттау мысалы.Жалғасы
TYPE
Date_M = 1..31;
Cyrillic_b = 'А..Я‘;
Latin_b = 'A..Z'; {диапазондық тип}
Belgi = (2,3,4,5);
Ball = (1,2,3,4,5,6,7,8,9,10); {саналатын тип}
VAR
t1, t2 : Date_M;
c1 : Cyrillic_b;
s1 : Latin_b;
a1, a2 : Belgi;
b : Ball;
ҮІ. ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР БЛОГЫ
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Айнымалылар типтері. Типтерді сипаттау. Типтер мысалы.
Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________
ҮІІ.ЖАТТЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ БЛОГЫ
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Паскаль тілінің типтерінің сызбанұсқасын сызыңыз.
2. Паскаль тілінде қолданылатын кез-келген бес типті сипаттаңыз.
3. Келесі типтердің қайсысы Паскаль тілінде бүтін сандарды сипаттауға қолданылмайды?
a) WORD; b) INTEGER; c) SINGLE; d)LONGINT; e)SHORTINT.
4. Келесі типтердің қайсысы сандарды сипаттауға қолданылмайды?
a) COMP; b)BYTE; c) WORD; d)EXTENDED; e)CHAR.
5. Паскаль тілінде 100 және 100.0 сандарының айырмашылығы қандай?
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Айнымалыларды сипаттау бөлімі қалай жазылады?
2. у=х2 функциясының мәнін табатын программада айнымалыларды қай типті пайдаланып сипаттау қажет?
3. Дөңгелектің ауданын табатын программадағы айнымалыларды сипаттау үшін қандай типтерді қолданау қажет?
ІІІ деңгей тапсырмалары
1 Адамдар туралы келесідей ақпарат беретін төрт BOOLEAN типіндегі айнымалы берілсін:
• MARRIED егер адам үйленген болса рас;
• BLOND егер адамның шашының түсі сары болса рас;
• MALE егер ер адам болса рас;
• EMPLOYED егер адам жұмыс жасайтын болса рас.
Адамдарға қатысты келесідей ақпараттың дұрыстығын анықтайтын BOOLEAN типіндегі өрнек жаз (AND, OR, NOT амалдарын қолдан):
a) тұрмыс құрған әйел;
b) үйленбеген ер адам;
c) тұрмыс құрмаған сары шашты әйел;
d) жұмыссыз тұрмыс құрмаған әйел адам;
e) тұрмыс құрмаған немесе жұмыссыз, не екеуі де.
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТРЕНИНГ БЛОГЫ
Топтық жұмыс.
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.
1-топ:
Нақты сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
2-топ:
Бүтін сандық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
3-топ:
Символдық типке бес мысал жазып, сипаттау бөліміндегі сипаттамасын жазыңыз.
VІІІ. Үй жұмысы
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз
№ 12 сабақ
Пән аты : Информатика Сынып:10 А,Ә Күні Мұғалім Ильясова Б.О.
Сабақтың тақырыбы: Типті типтен өзгертетін функциялар. Тұрақтылар, өрнектер және функциялар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға функцияның түрлерімен және қызметін түсіндіру.
Білімділігі: Оқушылардың жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру
Тәрбиелігі:Оқушыларды жинақылыққа, уақытты тиімді пайдалануға үйрету
Сабақтың типі: жаңа тақырып
Сабақтың өту әдісі: сөйлесу, сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, компьютер, топтама, тест тапсырма
Пайдаланған әдебиетіБ.Қ. сапарғалиева, Н.Е. Масалимова, Г.А. Тезекбаева жаратылыстану-математика бағыты . Информатика 10 баспасы: Астана «Арман - ПВ»
2014 ж
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі
Visual Basic тіліндегі функциялар математика тіліндегі функцияға ұқсас келеді. Әрбір функциялар бір немесе бірнеше аргументтен тұруы мүмкін. Аргументтер үтір арқылы бөлініп жазылады. Visual Basic тілінде енгізілген функциялар әртүрлі типте болады және өз мәнін қайтарады (қаржылық, математикалық, жолдық, даталық, мәліметтік типтер). Егер жолдық айнымалыларды пайдалансақ, жол символдардан тұрады. Пернетақтадан енгізілген әрбір символ ASCII кодына біріктірілген сандық кодқа сәйкес келеді. 0-ден 32-ге дейін кодтар, экранға кескін шығаруға және басқару функцияларының қызметін атқарады ( пробел, басқару батырмалары және т.б.). Әрі қарай тыныс белгілері, сандар, латын әріптері және пернетақтадағы басқа да символдар енгізілген. Олардың барлығы 128, яғни 129 кодтан бастап 255-ке дейін кодтар пернетақтаның қызметіне қосымша бағытталған.
Ү. Жаңа сабақ
Олар айнымалылар секілді мен меншіктеледі және жарияланады. Тұрақты «Const» - түйінді сөзімен жазылады. Тұрақтыларды сипаттаудың синтаксистік жазылуы:
Берілген мәндерді программада қолдану үшін, өрнек ұғымы қолданылады. Мәліметтер әртүрлі болғандықтан өрнектерді арифметикалық, логикалық, символдық деп бөлеміз.
Арифметикалық өрнек – арифметикалық амалдар белгілермен байланысып тұрған сандардың , айнымалылардың, тұрақтылардың, функциялардың байланысқан тізбегі.
MsgBox - Visual Basic программасында хабарлау терезесі
Хабарлама терезесі мына элементтерден тұрады:
• Хабарламаны енгізу өрісі;
• Тақырып жолынан;
• Батырмалар қатарынан.
Жазылуы: мұнда тұрақтылар бір немесе бірнеше болуы мүмкін.
MsgBox функциясы
Программаны қолданғанда қолданушыға хабарлама жіберу арқылы жауап алғымыз келсе, MsgBox функциясын қолдануға болады. Бұл функция хабарлап қана қоймай, кейбір мәндерді қайтарады. MsgBox құрылған тұрақтылар арқылы беріледі.
ҮІ. Білімдерін тексеру кезеңі.
Өзіңді тексер сұрақтарына жауап беру.
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту
Тәжірибелік тапсырманы компьютерде орындау арқылы білімдерін бекітеміз
ҮІІІ.Үйге тапсырма
Типті типтен өзгертетін функциялар. Тұрақтылар, өрнектер және функциялар
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Бағалау
№ 13 сабақ
Пән аты : Информатика Сынып:10 А,Ә Күні Мұғалім Ильясова Б.О.
Сабақтың тақырыбы: Жобаның интерфейсін құру. Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: жобаның интерфейсін құруды үйрету.
А) Білімділігі: Оқушыларға визуальды бағдарламалау жүйесімен, басқару элементтерімен жұмыс істеуді меңгерту. Жобаның интерфейсін құра білуге үйрету
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, таратпа қағаздар.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Пайдаланылған әдебиеттер: «Информатика» Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова , Г.А. Тезекбаева, «Арман-ПВ» 2014 ж
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жан-жақты сұрау.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық
Ү. Жаңа сабақ
ҮІ. Білімдерін тексеру.
ҮІІ. Бекіту
ҮІІІ. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Бақылау сұрақтарына жауап беру. Оқулық 92 бет
ІІІ. Жан-жақты сұрау.
Тәжірибелік тапсырма № 3,4 оқулық 93 бет
ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық
Біз бүгінгі сабақта Picture, ImageBox компоненттерін қолдану арқылы жоба құрамыз.ол үшін мына компенттермен танысамыз.
Ү. Жаңа сабақ
Picture компоненті (бейне-қорап) компоненті формаға графикалық объектілерді кірістіру үшін қолданылады. Picture объектісінің графикалық өрісіне әртүрлі типті графикалық файлдар мен текстік фрагменттерді, ішіне геомтериялық фигураларды салуға және басқа да графикалық объектілерді кіргізуге болады. Сонда графикалық өрістер форманың ішінде форма сияқты жұмыс жасайды.Picture Box объектісінің негізгі қасиеттері:
AutoSize – графикалық өріс өлшемдерін кірістірілген элемент (сурет, картина) өлшеміне шақтап өзгерту, Picture кірістірілген графикалық файл жолы,
Image – қосымша орындалып жатқанда бір өрістен екінші өріске сурет көшіру, мысалы процедура денесінде мынадай қатар жазылса: Piture1.Picture=Picture2.Image онда Piture1 графикалық өрісінде орналасқан суреттің орнына Picture2 өрісіндегі сурет келеді.
Circle. Line, Pset-объектінің ішіне фигуралар салу әдістері, мысалы төмендегі қатар ішіне шеңбер салады.Picture1.Circle(1100,1000),750ImageBox(сурет-қорап) компоненті графикалық өрістің қарапайым түрі болып табылады. Picture Box компонентінен айырмашылығы сурет объектісінің ішіне басқа объектілер кірістіре алмайды. Қосымша ImageBox компонентімен енгізілген суреттер жадта аз орын алады.ImageBox объектісінің негізгі қасиеттері:
Picture-кірістірілген файл жолы
Stretch-текстік объектілердің қасиетіне ұқсайды, егер мәні True болса, онда сурет объектінің өлшемдеріне шақ кішірейеді немесе үлкейеді, егер False болса, онда объкт өлшемдері сурет өлшемдеріне шақ өзгереді.
ҮІ. Білімдерін тексеру. Оқушылар ДК отырып практикалық тапсырманы орындайды.
Смайлык салу,1-жайдарлы,2- ашулы,3-сабасына түсе бастады,4-бәрі жақсы. 4 түрлі сурет алып сақтатып қасиеттер панеліндегі picture –ні талдап суреттерді аламыз,4 Buttoncommond-сын орналастырамыз.
Мысалы:
Private Sub Command1_Click()
Image1.Visible = True
Image2.Visible = False
Image3.Visible = False
Image4.Visible = False
End Sub
Private Sub Command2_Click()
Image1.Visible = False
Image2.Visible = True
Image3.Visible = False
Image4.Visible = False
End Sub
Private Sub Command3_Click()
Image1.Visible = False
Image2.Visible = False
Image3.Visible = True
Image4.Visible = False
End Sub
Private Sub Command4_Click()
Image1.Visible = False
Image2.Visible = False
Image3.Visible = False
Image4.Visible = True
End Sub
ҮІІ. Бекіту
Бағдаршам жұмысының иммитациясын жасаңыз, яғни қызыл, жасыл шамдар кезегімен жансын. Көшедегі бағдаршам бойынша өту ережелері бар нұсқаулықты қосыңыз.
Picture, ImageBox компоненттері
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма
Конспект §13
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |