Сабақ реті: 13 Сабақтың мақсаты: оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту Сабақтың міндеттері



бет1/5
Дата19.02.2017
өлшемі0,95 Mb.
#10556
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Ш.Смаханұлы атындағы

№62 гимназия мұғалімі

Сүлеймен Әлия Сатыбалдықызы
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырып: Мінез –адам көрсеткіші

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, жақсылық, мейірімділік,адамгершілік
Сынып: 9 б Сабақ реті:13

Сабақтың мақсаты: оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:


  • Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;

  • Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;

  • Адамгершілікке тәрбиелеу;




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу. Оқушылар суреттерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.



  • Отбасы суреті

  • Іскерлік қарым-қатынас, жұмыс барысындағы сурет

  • Атақты боксшы Г.Г.Головкин суреті

  • Сабақ орындайтын орынның суреті


Тыныштық сәті. «Алтын таға»

Ыңғайлы отырып, демімізді реттейміз. Көзімізді жұмамыз.

Көз алдарыңа елестетіңдерші сендер бұғысыңдар, сұлу, сымбатты, күшті, қарапайым, ақылды, маңғазсыңдар. Сендердің сол аяқтарыңда тағылған күміс таға бар. Сол тағамен үш рет жерді тоқылдатсаңдар-күміс тиындар пайда болады. Олар сиқырлы әрі көзге көрінбейді, әрбір тиын пайда болған сайын сендер мейірімді, қайырымды боласыңдар. Адамдар бұл тиынды көрмесе де сендерден тараған жылылықты, қайырымдылықты, ізгілікті сезінеді. Олар сені жақсы көріп жақындағысы келіп тұрады.

Осы сезімде біраз бола тұрыңдар. Енді көздеріңді ашсаңдар болады.




Ресурстар: (суреттер, әуен)

Миға шабуыл сұрақтары қойылады.

  • Ненің суретін көріп тұрмыз?

  • Қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

Отбасы суреті

Іскерлік қарым-қатынас, жұмыс барысында сурет, атақты боксшы Г.Г.Головкин суреті, сабақ орындайтын орынның суреті

(оқушылар берілген суретер бойынша қасиеттерді атап, топтың атаулары қойылады)

1-топ: мейірімділік (отбасы сурет)

2-топ: жауапкершілік (жұмыс барысында)

3-топ: сенімділік (атақты боксшы)

4-топ: ұқыптылық (сабақ орындайтын орын)

(оқушылар жаңа сабақтың мақсатын анықтайды)



Суреттермен жұмыс


2. Үй тапсырмасы тексеру

А.В.Сухомлинский өсиетін талдау.



Оқушылар топтар бойынша берілген тапсырмаларды А4 парағына түсіріп жазып, жұмыстарын қорғайды.




Мәтінді талдау жұмысы, постер жасау

3.Дәйексөзді талдау

  «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» Абай

Топ бойынша талдау жұмысы жүргізіледі.

1-топ: жалпылау

2-топ: көзқарас

3-топ: себеп

4-топ: мысал

Жалпылау, көзқарас, себеп, мысал

4. Кейіпкерлердің мінезіне талдау жасау.

(топтарға кейіпкерлердің суреті таратылады.)

«Д’Артаньян және үш ноян» Александр Дюма

1-топ: Атос

2-топ: Портос

3-топ: Арамис

4-топ: Д’Артаньян

Сұрақ: мінездері қандай болуы мүмкін?


Оқушылар топ бойынша суретке қарап бөлінген кейіпкердің мінезіне талдау жасайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топтар бірін-бірі бағалайды


Визуалды айғақтар бойынша, «Болжау» стратегиясы

«Екі жұлдыз, бір тілек»




5. Қосымша ақпарат. Мұғалімнің тосын сыйы

(мұғалім адамның жазуына қарап мінезін білуге болатындығы туралы ақпарат береді)





Ғаламтор материалы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет