8 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ч.Дарвин ілімінің алғы шарттары
Сабақтың мақсаты: 1. Ч.Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері. Оның ілімінің дүниеге келу
алғышарттары туралы теориялық білімдерін толықтыру
2. Оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру, ойлау, іздену, ой-
өрісін дамыту.
3. Ч.Дарвин ілімінің алғышарттарын дамыта оқыту, жеке жұмыс жасауға
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: тақырыпқа сай суреттер, тапсырмалар жазылған слайдтар, кестелер
Сабақтың әдістері: сұрақ –жауап,танымдық тапсырма, тірек-сызба.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау- мотивациялық кезең
1тапсырма 6 ұпай Қызығушылығын ояту :
«Білімді оқушы» ойыны
Сұрақтар:
1. Сендер Ч.Дарвин туралы не білесіндер?
2. Ч.Дарвин қай кезде, қай елде өмір сүрген?
3. Ч.Дарвин дәуірінде қандай қоғамдық-саяси құрылыс қалыптасты?
4.Ч.Дарвин кезіндегі Англиядағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктерін еске түсіріңдер?
5. Отар – дегеніміз не?
6. Қандай еуропалық мемлекеттерде отарлар көп болды және олар қайда орналасты?
ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық – орындаушылық кезең.
1тапсырма 4 ұпай Оқулықпен жұмыс
Ч.Дарвин өмірбаянын оқып шығыңыз:
А) Ч.Дарвинге эволюциялық ілімінің негізін салуға не көмектесті? _____________________________
_______________________________________________________________________________________
Б) Ч.Дарвин эволюциялық дамуды қандай еңбектері арқылы дәлелдеді деп ойлайсыз?_____________
_______________________________________________________________________________________
2 тапсырма 3 ұпай Кестемен жұмыс
ХУІІІ-ХІХ ғасырдағы ғалым биологтар еңбегі
Авторлар
|
Биология ғылымының дамуына қосқан үлесі
|
Дүниетану сипаты
|
К.Линней
|
|
|
Ж.Б.Ламарк
|
|
|
Ч.Дарвин
|
|
|
3 тапсырма Танымдық тапсырма
Ч.Дарвин ілімінің пайда болуына қандай жағдайлар себеп болды? ____________________________________
________________________________________________
Ч.Дарвин эволюциялық ілімінің тарихи алғы шарттары ________________________________________________________________________________________________
А.Уаллес кім? Неге оның есімі Ч.Дарвинмен қатар аталады? ________________________________________
________________________________________________
4тапсырма 4 ұпай
Суретпен жұмыс
«Бигльмен саяхат» тақырыбында пікір алмасу
2) Төмендегі суреттер бойынша не айта аламыз?
Ой тұжырымдамасы:
Дарвин мен Уоллестің біріне – бірі тәуелсіз бірдей қорытындыларға келу жағдайларының өзі эволюция теориясының дүниеге келу алғышарттарын анықтайтын дәлелдер.Біздің ойымызша осы алғышарттарын былай 2 топқа бөлуге болады : 1) қоғамдық – саяси және 2)ғылыми алғышарттар. Дарвиннің пікірі бойынша тіршілік үшін күрес, өзгеріштік және табиғи сұрыпталу эволюцияныңнегізгі факторлары болып табылады
ІІІ Кіріктірілген бөлім Рефлекциялық-бағалау кезең
1 тапсырма 9 ұпай Ой шақыру
1. Егер эволюциялық теория 100 жыл кешірек тұжырымдалса, биология ғылымының одан әрі дамуы қалай жүрер еді деп ойлайсыңдар?
2. Егер Дарвин дәрігер немесе дін қызметшісі болмай, жер шарын айналған саяхатқа іліге алмаса, сондайжағдайдаэволюциялық
үдерістің ашылу тетігі қалай болар еді деп ойлайсыңдар?
3. Ч.Дарвиннің дүниетанымы қалыптасу мүмкіншілігіне қарай қалай өзгерер еді? Дарвиннің зерттеуші ретіндегі жеке басының қандай қасиеттері сендердің көзқарастарың бойынша, үлкен құрметке лайық?
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
р/с
|
Тапсырмалар
|
Мұғалім берген
ұпай саны
|
Оқушының жинаған ұпай саны
|
Баға
|
І-1
|
Білімді оқушы
|
6
|
|
|
ІІ-1
|
Оқулықпен жұмыс
|
4
|
|
ІІ-2
|
Кестемен жұмыс
|
3
|
|
ІІ-3
|
Танымдық тапсырма
|
3
|
|
ІІ-4
|
Суретпен жұмыс
|
4
|
|
ІІІ-1
|
Кесте толтыру
|
9
|
|
|
ІІІ-1
|
Барлығы
|
29
|
|
Бағалау критерийі:
34– 23 ұпай - «5»,
23- 17 ұпай - «4»,
17- 10 ұпай - «3».
Үй тапсырмаcы § 8
Достарыңызбен бөлісу: |