Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және ұжымжағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Диалогты оқыту;Топтық жұмыс,жұптық жұмыс;Ролдерде ойнау;
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбер. (Ыстық тілектер )
2. Топқа бөлу (Дыбыс түрлерімен.)
№1 Бағалау парағы (топ басшысы бағалайды)(1,5 мин.)
р/с
|
Оқушы аты-жөні
|
Үй тапсырмасы
балдық шкала (1-3 бал)
|
Мәтінді оқып,түсіндіру
Балдық шкала
0-5 бал
|
Постер қорғау 1-4 б
|
Тәжірибе жасау 1-4 б
|
Рольде ойнау 1-4 б
|
Қорытынды
баға
20-дан жоғары «5»
15-19 «4»
10-14 «3»
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау.
35 – 29 – “5”
28 – 20 – “4”
19 – 15 – “3”
14 төмен болса – “2”
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1.Толқын дегеніміз не?
2.Көлденең толқын қандай ортада пайда болады?
3.Бойлық толқын ше?
4.Музыкалық дыбыстар деген не?
5.Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
6.Дыбыс тембрі деген не?
7.Негізгі тон, обертон деген не?
8.Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарып келгенін тексеру.
§ 30
25 – жаттығу
№ 3
Серпімді жіпті бойлай 20м/с
жылдамдықпен көлденең толқындар
таралады. Тербеліс периоды 0,5с.
Толқын ұзындығын табыңдар?
Физикалық диктант, 5 минут
1 .Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі __________________ деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына ________________
бағытта жүзеге асатын толқынды ___________ толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның ___________
____________ жүзеге асатын толқын
4. _________________– периодқа тең уақыт аралығында толқын
таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – ______________________ бөлшектердің
периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. _________________ – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің
таралуы.
7. ___________________ – ауырлық және беттік керілу күштері
әрекетінен туындайтын толқын.
Жауабы:
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
7. Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіруге арналған тәжірибе көрсету.
Дыбыстың шағылуы.
Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары. Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
|