Сабақ: Саудаға қатысты есептер Мектеп: №268 Күні: 12. 04. 2017ж



Дата27.07.2017
өлшемі64,05 Kb.
#22214
түріСабақ
Тексерілді:_________

Математика Сабақ жоспары

Сабақ: Саудаға қатысты есептер

Мектеп: №268

Күні: 12. 04. 2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Аскарова А

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау

1.5.1.2 орынды, бағытты, заттардың арасындағы қашықтықты анықтайтын сандарды, заттарды, тауар бағаларын/терминдерді салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану



1.5.1.4 сандарды бірнеше бірлікке арттыру, кемітуге, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар істей алады: бағаның не екенін білетін болады

Оқушылардың көпшілігі істей алады: бағаларды айыра алады

Кейбір оқушылар істей алады: монеталардан қажет соманы төлей, қолдана алады

Тілдік мақсат

Оқушылар: сабақ барысында жеке, ұжымдық жұмыстарды жүргізеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Ұсақтау ,баға, монеталар

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ақшаны қалай ұсақтаймыз?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Монетаны ұсақтау үшін не істеу керек?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Тілдік дағдылар сабақ барысында жүргізіледі.

Құндылықтар

Ақша,монета, баға , ақшаны тура төлеу жайлы біледі

Алдыңғы оқу

Ақшаны қалай төлейміз?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басы

3мин

Сыныптағы оқушылардың көңіл күйін қадағалау,оқу құралдарын тексеру.










-саудаға қатысты есептерді шығаруді үйренесің

Есепке сәйкес тірек сызбаны таңдай алатын боласың


Оқулықпен жұмыс: Мәтіндерді оқы. Олардың қайсысы есеп болып табылады.? Неге?

А) Қанат жексенбі күні саябақта демалды. Ол тәтті мақта сатып алуға 40тг жұмсады. Ал әткеншек тебуге 50тг жұмсады. Қанат демалыстан куанып қайтты.

Ә) Қанат жексенбі күні саябақта демалды. Ол тәтті мақта сатып алуға 40тг жұмсады. Ал әткеншек тебуге 50 тг жұмсады. Қанат демалыс күні қанша тг жұмсады.
Топтық жұмыс: Тиын жинағыш.

Есепке сәйкес келетін сызбаны тауып, есепті шығар.

Нұргүл мен Нұрлан ақша жинап жүр. Нұргүл тиын жинағышқа 10тг, ал Нұрлан 8тг салды. Олардың жинағышында қанша ақша бар?

ә) сызбасы дұрыс
Тақтамен жұмыс: Шығарып көр

Желім 40 тг тұрады. Өшіргіш 20тг тұрады. Сызбаны пайдаланып есептің шартын құрастыр. Сұрағын қой.


Жұптық жұмыс: Орындап көр:

Әлия әмиянынан алдымен 7 тг, содан кейін тағы 8тг алды. Ол әмиянынан қанша ақша алды?

(есептің шартын құр)

Сергіту сәті

Жеке жұмыс

Жұмыс парақтары



Оқулық

Жұмыс


дәптері

Ортасы


37

мин



Соңы

5

мин


Кері байланыс

Саудаға қатысты есептер шығара аласың ба ?







Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Қабілеті жоғары есептер құрастыра алады

Қолдауды қажет ететін оқушылар мұғалім көмегімен тапсырмалар орындайды.



Бағалау критерийіне және берілген жеке жұмыс арқылы бағалаймын

бейнелеу
Шапшаңдық, байқағыштық қасиеттері артады.

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет